Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері


Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен



бет18/19
Дата14.02.2022
өлшемі31,72 Kb.
#131751
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Денешынықтыру мақсаттары
Дәріс Тарих, Айтбаева М.А. ИОК-181 Жиынтық бағалау, Қазақ Ұлттық Аграрлық универсиеті (копия), Қазақ Ұлттық Аграрлық универсиеті (копия)
Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен
гигиеналық факторлар – дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Табиғи күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің қосымша амалдары болып есептеледі.
Дене тәрбиесі үрдісінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған ағзаны қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір қосымша амалы – гигиеналық факторлар. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
1. Дене тәрбиесі үрдісіне кірмейтін тәсілдер. Олар: еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режімдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
2. Дене тәрбиесі үрдісіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) ағзаны тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа – температура ортасы) жатады.
Ауа – температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша, сауна, термокамерлер жатады.
Ауаны аэронизациялау – спортшылар дем алып жатқан жердің ауасына қосымша оттегі жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл-күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет