Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет77/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Дәріс (4)

4.Сыртқы әсерлер - нарықтық мәмілелерден болатын шығындар немесе пайдалар. Сыртқы әсерлерден болатын шығындар өнім бағасының құрамына енбейді. Олардың сыртқы деп аталу сенбебі- бұл әсерлер тек қана мәмілеге қатысушы агенттерге емес, сонымен бірге үшінші тұлғаға да қатысты. Сыртқы әсерлер өндіріс нәтижесінде де, тұтыну нәтижесінде де орын алуы мүмкін. Сыртқы әсерлерді экстерналдар деп те атайды. Оларды сыртқы оң әсер және сыртқы теріс әсер деп бөледі. Теріс әсерлер үшінші тұлғаны шығынға әкеледі, ал оң әсерлерден үшінші тұлға пайда көреді. Сыртқы әсерлер қоғамдық шығындар мен жеке шығындар арасындағы айырма арқылы анықталады:
MEC=MSC - MPC,
мұндағы MEC- шекті сыртқы шығындар,
MSC- шекті қоғамдық шығындар,
MPC- шекті жеке шығындар.
ТEC=ТSC - ТPC,
мұндағы ТEC- сыртқы теріс әсер,
ТSC- жалпы қоғамдық шығындар,
ТPC- жалпы жеке шығындар.
Сонымен, оң сыртқы әсер экономикалық агенттің біреуінің қызметі басқаларына зиян тигізген жағдайда орын алады. Мысалы, химия комбинаты химиялық қалдықтарды өзенге құяды делік. Бұдан қоғам зиян шегеді. Комбинат суды тазартуы немесе комбинатқа тазартқыш жабдық орнатуы тиіс. Алайда, бұл комбинаттың шығынын арттырады, сөйтіп өнім бағасын қымбаттатуға ықпал етеді. Бағаның қымбаттауы сұранысты азайтатындықтан комбинат мұндай шығынмен байланысты іс-әрекетке бара қоймайды. Сыртқы оң әсер экономикалық агенттің біреуінің қызметі басқа агенттерге пайда әкелетін жағдайда орын алады. Мысалы, халықтың жоғары мәдени және білім деңгейі жеке адамға ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамға оң ықпалын тигізеді.
Сыртқы оң әсер орын алғанда, берілген тауарлар жеткіліксіз көлемде шығарылады, ал бағасы арзан болады. Сыртқы теріс әсерлі тауарлар мен қызметтердің артық өндірісін қысқарту үшін және сыртқы оң әсерлі өндірісті толықтыру үшін сыртқы әсерлерді ішкі әсерге трансформациялау керек. Бұл шекті жеке шығындарды(пайдаларды) шекті қоғамдық шығындарға (пайдаларға) жақындату жолымен жүзеге асады. А.С. Пигу бұл мәселені шешу үшін түзетуші салықтар мен субсидияларды қолдануды ұсынды.
Түзетуші салық - сыртқы теріс әсерлі экономикалық игіліктер өндірісіне салынады. Бұл салық шекті жеке шығындарды шекті қоғамдық шығындар деңгейіне дейін көтереді. Түзетуші субсидия - сыртқы оң әсерлі экономикалық игіліктерді өндірушілерге немесе тұтынушыларға берілетін субсидия. Ол шекті жеке пайданы шекті қоғамдық пайдаға жақындатады. Түзетуші салықтар да, субсидиялар да сыртқы әсерлермен болатын мәселелерді толықтай шеше алмайды.
5. Р. Коуз теоремасының мәні мынада: егер екі жақтың да меншік құқықтары дәл анықталып, трансакциялық шығындар нольге тең болса, өндіріс құндылығын мейлінше арттыратын соңғы нәтиже меншік құқығын бөлудегі өзгерістерден тәуелсіз болады. Дж. Стиглер бұл ойды былайша тұжырымдады: «жетілген бәсеке жағдайында жеке және қоғамдық шығындар тең болады».
Р. Коуз өз ойын түсіндіру үшін мынадай мысал келтіреді: егін шаруашылығымен айналысатын ферма мен мал бағатын ранчо көрші орналасқан. Егінші бидай егеді, ал малшы мал бағады және оның малдары кей уақытта егінге жайылып қояды. Егер малшы келген зиянды мойнына алатын болса, екі түрлі жағдай орын алуы мүмкін:
- малшы келген зиянның ақысын төлейді,
- егіншінің жерін жалға алады.
Нәтиже бірдей болады. Егер малшы келген зиянды мойнына алмаса, зиянды фермердің төлеуіне тура келеді. Сөйтіп, ақырғы нәтиже өзгеріссіз қалады, яғни ол құқықтық позициядан тәуелсіз болады.
Тәжірибелік зерттеулер Коуз теоремасының мәмілеге қатысушылардың аз саны үшін ғана орындалатындығын көрсетті. Қатысушылар саны артқан сайын трансакциялық шығындар да өсе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет