Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке
шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында
оқушылар өз бетінше танымдық əрекет етудің əдістерімен дағдыларын игеруге
тиіс. Биология ғылымының өзіне тəн ерекшелігінің мектептегі биология пəнінде
тапқан көрінісінің бірі – ол осы ғылымның зерттеу əдістерінде кең
қолданылатын табиғаттағы тірі нысандарды бақылау,
мектеп биологиясындағы
бағдармалар мен жоспарларда топсеруен жүргізуге арнайы сағат бөлініп немесе
тақырыптарда қоса өтілуі көрсетіледі.
Топсеруен – білім беруде жəне тəрбиеде маңызы зор сабақ түрі болып
есептеледі. Пəн ретінде биология оқушыларды тірі табиғаттың əр түрлілігі
жөніндегі біліммен қаруландыруы қажет,сондықтан осы қиын міндетті шешуде
тірі нысанды,олардың табиғи айналасында, тіршілік орнында таныстырусыз
мүмкін емес. Сол себепті ұстаз биология пəніндегі оқу – тəрбие үрдісінің
маңызды формасының бірі – топсеруенді пайдаланылады. Топсерундер
оқушыларды
мектептегіден басқа жағдайда, ерекше таным əрекеті кезінде
тəрбиелейді.
Мектеп топсеруені - мектептен тыс бір нысаннан келесісіне, олардың
табиғи ортасында немесе қолдан жасалған жағдайда, бағдарламамен байланысты
тақырып бойынша жəне мұғалімнің таңдауымен,танымдық
мақсатпен жылжып
отыру арқылы сыныппен немесе бір топ оқушылармен жүргізілетін оқу – тəрбие
жұмысының формасы.
Табиғатқа топсеруенге шыққанда оқушылар əртүрлі биологиялық
нысандармен танысып, нақты түсініктері баий түседі,сыныптағы сабақтан алған
тірі табиғат жөніндегі білімдері кеңейіп, тереңдей түседі. Тұрған жерін
бағдарлауға, табиғаттағы күрделі байланысты анықтауға,
табиғаттағы
маусымдық жағдайды оқып білуге жағдай осы топсеруен кезінде тудырылады.
Балалар мұғалімнің тапсырмасы бойынша табиғи нысандарды табуды, табиғат
құбылыстарын салыстыруды үйреніп натуралистік дағды игере бастайды.
Топсеруеннің мəні де зор. Табиғи нысандарды тікелей табиғат ортасында
бақылау сезімді оятады.
Достарыңызбен бөлісу: