Дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет82/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Топсеруеннің құрылымы.
Топсеруен кезеңдерден тұрады: дайындық 
өткізу, тұжырым, сабақта жəне басқа түрлерде нəтижелерді пайдалану. 
Топсеруеннің тиімділігі оның барлық құрам бөліктерінің үйлесімділігіне 
байланысты. Топсеруенге дайындық тақырыптық жоспар құрудан, оның 
мақсатын,өтетін орны мен уақытын анықтаудан басталады. Осы кезде жергілікті 
жердің табиғат ортасы, өндірісі жəне мəдени ағарту мекемелерінің бар жоқтығы 
ескеріледі. Туған өлкенің табиғатын, кəсіпорынын алдын – ала оқып зерттеу 
жүргізіледі, нысандарды шектеп жинау белгіленеді.
Топсеруеннің сəтті өтуі негізінен ұстаз бен оқушының дайындығына 
байланысты. Топсеруеннің міндетін нақты белгілеп алу аса маңызды. Осы 
сабақтың алдындағы сабақта қажетті байланыс орнатылып, топсеруен кезінде 
шешілуге тиісті сұрақтар дайындалады,оқушыларға бақылау үшін жəне 
материал жинау үшін тапсырмалар беріледі. Топсеруенге дайындық барысында 
оның мазмұны мұқият ойластырылады.
Мұғалімге таныс емес жерлерде топсеруен жүргізуге болмайды. 
Топсеруеннен 1 – 2 күн бұрын ғана ұстаз жүретін бағытты аралап, танысып 
шығады. Өйткені кез – келген уақытта ( қазіргі кезде ) бұл жерлер өзгеріске 
ұшырауы мүмкін. Аралап көріп, қай жерде оқушылар көңілін неге аудару керек, 
нені бақылау, нені жинату керектігі, пікірлесу өтетін жер белгіленіп жазылып 
алынады. Топсеруенге бақылаумен бекітіліп нақтыланбайтын сұрақтарды қосуға 
болмайда. Қысқасы топсеруен жоспары жасалып, жүріп өтетін жердің бағыты 
анықталып, дем алатын орындар, өтетін жерлер түгел сызылуы керек.
Басты көңіл бақылау мүмкіндігі бар деректер мен құбылыстарды оқып 
үйренуге жəне практикалық біліктілікті қалыптастыру жоспарында оның оқу – 
таным міндеттері мен кезеңдері анықталып, кіріспе жəне қорытынды 
əңгімелерде қаралуға тиісті сұрақтар, оқушылардың өздік жұмыстары, соңғы 
нəтижені тұжырымдау формасы көрсетіледі. Топсеруенге дайындық кезеңінде
оқушыларды ғылыми - көпшілік əдебиеттерді оқуға қайталауға кеңес берген 
орынды.
Топсеруен кезінде тақырыппен таныстыру жəне əрбір топ алатын 
тапсырманы орындауға бағыттайтын кіріспе əңгімеден басталады. Топсеруеннің 
мазмұны оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет