Сүт өндірісінің технологиясы.
1. Сүтті қабылдау және тазалау
2. Сүтті пастерлеу және стерилдеу
Сүт өндірісінің негізгі кезеңдері:
Сүтті қабылдау. Ұйымға түсетін сүттің әр партиясын бақылау керек. Сүтті қабылдау және сапасын тексеруді ыдысты сыртқы қараудан бастайды.Сосын органолептикалық бағалау жүргізіледі – сүттің иісі, дәмі, түсі, консистенциясы бағаланады. Сосын сүттің сынамасы алынады. Лабораторлы жағдайда оның құрамына, бактериялардың болуына анализі жүргізіледі. Қорытынды бағалау нәтижесі бойынша сүтті сұрыптайды.
Сүтті тазалау. Сүтті механикалық қоспалардан тазалау үшін әртүрлі конструкциядағы фильтрлер бар. Әртүрлі фильтрлеу материалдары қолданылады – марлі, мақталы фильтрлер, лавсанды мата.
Сүтті тазалаудың жетілдірілген әдісі болып сүт тазалағыш сепараторларды қолдану. Сүтті тазалаудың негізі болып сүт плазмасының тығыздығы мен бөгде қоспалардың тығыздығының әртүрлілігіне байланысты жүзеге асады. Бөгде қоспалардың тығыздығы сүт плазмасының тығыздығына қарағанда жоғары болғандықтан өңдеу кезінде барабанның қабырғасында жинақталады да сол жерде тұнбаланады. Сүтті тазалау орталығында ұсақ кірлеткіш бөліктерді жоюмен қатар, бактерияларды жою да жүзеге асады. Сүтті тазалаудан кейін бірден төменгі температураға дейін суытады.
Достарыңызбен бөлісу: |