5 Кроссинговердiң цитологиялық дәлелдерi Кроссинговер құбылысы алғашында генетикалық әдiспен дрозофила шыбынында
анықталып, кейiннен жүгерiде және тетрадалық талдау жүргiзу арқылы нейроспорада
цитологиялық тұрғыда дәлелдендi. Мейоз кезiндегi хромосомалардың айқасуынан хиазмалардың
пайда болуын кроссинговердi тудыратын механизм деп қарастыруға болар едi, бiрақ ондай
болжам түбегейлi дәлелдi қажет етедi.
Айқасу процесiнде гомологты хромосомалардың бөлiмдер алмастыратындығын тұңғыш
рет 30-шы жылдардың бас кезiнде цитологиялық тұрғыда дрозофила шыбынымен жүргiзген
зерттеулерiнiң негiзiнде К.Штерн дәлелдедi. Одан кейiн Г.Крейтон мен Б.Мак-Клинток дәл сондай
заңдылықты жүгерi өсiмдiгiнен байқады. Ендi Штерннiң дрозофила шыбынымен жүргiзген
тәжiрибесiн қарастырайық. Әдетте екi гомологты хромосома морфологиялық жағынан айнымастай
ұқсас болып келедi. Ал К.Штерн морфологиялық жағынан айырмашылығы бар, яғни толық
гомологты емес Х-хромосомаларды алып зерттедi. Дегенмен олардың көпшiлiк бөлiгiнде
ұқсастық (гомология) бар, сондықтан да мейоз кезiнде бiр-бiрiне жақындасып жұптаса алады.
Аналықтарда Х-хромосомалардың ерекше болу себебi, сол Х-хромосоманың бiреуiне У-
хромосома үзiндiсiнiң келiп қосылуына байланысты. Соның негiзiнде
Дрозофилада болатын кросинговердiң цитологиялық дәлелi. сr B + сr B сr + B + сr B сr + B + сr B + сr B + сr + B сr B + сr + B сr B сr + B + сr B + сr B сr B + сr + B + сr B + сr B + сr B + сr + B сr B + x