Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Кроссинговердiң механизмдерi. Мейоздық және митоздық кроссинговер. Тең емес



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Кроссинговердiң механизмдерi. Мейоздық және митоздық кроссинговер. Тең емес 
кроссинговер 
Хромосомалардың айқасуы туралы ғылыми деректердiң аз кезiнiң өзiнде-ақ цитологтар 
мейоздың профазасын зерттеу барысында гомологты хромосомалардың конъюгациялануы (бiр-
бiрiмен жанасуы) кезiнде Х- тәрiздi фигуралардың пайда болатындығын байқады. Осындай 
хромосомалардың бiр-бiрiмен жанама байланыс нүктелер түзуiн 
хиазма
деп атайды.
Мейоздың I-профазасының пахитена кезiнде гомологты хромосомалардың ұқсас бөлiмдерi 
бiр-бiрiне жақындасып конъюгацияланатыны белгiлi. Бұл гомологты хромосомалардың
конъгациялануын 
синапсис
деп атайды.
Бұл жағдайда хромосомалар ұзына бойына бiр-бiрiмен тығыз, әрi бивалент құрап, қатар 
орналасады. Профазаның пахитенасында хромосоманың хромомерлiк құрылымы анық көрiнедi 
және олар әр хромосомаларда түйiршiктер немесе нүктелер түрiнде, әрi қомақтылау болып келедi. 
Конъюгация аяқталған соң хромосомалардың ажырауы басталып, олар бiр-бiрiнен қашықтай 
бередi, тек кейбiр жағдайда ғана өзара байланысқан күйде қалады. Осы кезде биваленттердiң төрт 
хроматидтерден тұратындығы анық байқалады. 
Хиазмалар бар жерлерде хроматидтердiң (хромосомалардың жаңа түзiлген жартышақтары) бiр 
хромосомадан екiншiсiне өтетiндiгi және оның бивалентiнiң құрамына енетiн хромосомалардың 
толық ажырауына кедергi келтiретiндiгi анық байқалады.
Профаза соңында диакинез кезеңiнде биваленттер күрт қысқарады да, хиазма центромерадан 
хромосоманың шетiне қарай ығысады. Бұл процесс 
хиазмалардың терминализациясы
деп аталады. 
Содан соң ұқсас хромосомалар жұбын байланыстыратын хиазмалар саны осы хромосомалар 
арасындағы кроссинговерлердiң орташа санынан ешқашанда артық болмайтындығы анықталды. 
Кейiнiрек хиазмалардың пайда болуын кроссинговердiң нәтижесi деп қарастыруға мүмкiндiк 
беретiн тiкелей цитологиялық дәлелдемелер алынды. Сөйтiп мейоздың осы бiрiншi профазасы 
кроссинговердiң пайда болу кезеңi болып есептеледi.
Митоздық кроссинговер 
Жоғарыда 
қарастырылған 
мейоздық 
кроссинговермен 
қатар 
сомалық 
(дене) 
клеткаларының бөлiнуi кезiнде пайда болатын кроссинговер де кездеседi, оны 
соматикалық 
немесе 
митоздық кроссинговер 
деп атайды. Митоздық кроссинговер алғаш рет дрозофила 
шыбынынан табылған, бiрақ кейiннен оның кең тараған құбылыс екендiгi анықталды. 1936 жылы 


К.Штерн сұр түстi (
у
+
) денесiндегi қылшығы ұзын (
sn
+
) дрозофила шыбынын рецессивтi сары 
денелi (
у
) қылшығы қысқа (
sn, singed
) шыбынымен будандастырып тәжiрибе жүргiздi. Сонда 
олардан алынған дигетерозиготаның екi белгiсi де жабайы доминантты фенотипке тән, яғни сұр 
денелi ұзын қылшықты болды, бiрақта iшiнара кейбiр шыбындардың денесiнде сары дақтар 
байқалған. Мұндай аналықтардың денесiнде теңбiл дақтар пайда болған, олардың денесiнiң кейбiр 
жерлерiнiң түсi сары қылшықтары тiк, ал соған көршiлес басқа жерiнiң түсi сұр бұйра қылшықты 
болған. Осыған ұқсас дақтар 
sn
локусы мен центромераның арасында болуы мүмкiн. Соның 
нәтижесiнде 
y
+
sn
гендерi орналасқан екi хромосома да бiр полюске кетiп қалады, олай болса бiр 
клеткаға барады, ал 
y sn
+
гендерi бар екiншi хромосома басқа полюске, яғни басқа клеткаға кетедi. 
Егер кроссинговер кезiнде алмасу орны 
sn 
генi мен центромера арасында болса және егер 
митоздың анафазасынды екi хромосома 
ysn
+
 
кездейсоқ бiр полюске, ал екiншi хромосома 
y
+
sn 
екiншi полюске кетсе, онда митоздық кроссинговер қос қабат (мозаикалық) дақ түрiнде болады. 
Олар рецессивтi белгiлер бередi, өйткенi 

және
sn 
гендерi айқасу нәтижесiнде гомозиготалы 
жағдайға келедi: 
y
 
sn
y
 
sn


және 


y
 
sn
y
 
sn
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет