аВС
Авс
abc
Abc
34
II-бөлiмшедегi
сыңар айқасу
АВс
авС
abc
ABc
abc
abC
50
58
108 (24,89)
Қос айқасу
АвС
аВс
abc
AbC
abc
aBc
7
5
12 (2,77)
Барлығы
434
Кроссинговер жиiлiгi гендер арасындағы қашықтықтың функциясы болғандықтан
А
және
С
гендерiнiң
ара қашықтығы
А-В
және
В-С
гендерi ара қашықтықтарының қосындысына тең
болуы тиiс, яғни 17,5+27,6=45,1% болады.
А
мен
С
гендерiнiң арасындағы сыңар кроссоверлердiң
жалпы саны 172 (64 + 108) дарабастарды немесе 39,6% құрайды. Айқасудың бұл жиiлiгiн I және II-
бөлiмшелердегi бұрынғы есептелген айқасулар жиынтығымен салыстыруға болады. Олардың мәнi
17,5% және 27,6%-ке тең болған немесе қосындысы 45,1%, яғни
А
мен
С
локустарының
арасындағы кроссинговердiң жиiлiгiн анықтау арқылы алынған мөлшер 45,1-39,6=5,5% бiрлiкке
көп екендiгiн көремiз.
Есептеудегi болатын келеңсiздiктерден алшақ орналасқан гендердiң арасындағы қос
айқасудың ара қашықтығын дәлiрек анықтауға қиындық туатындығын байқалады. Егер
А
мен
С
гендерiнiң ара қашықтығы үшiншi
В
генiмен белгiленбесе, қос кроссинговер байқалмай да қалуы
мүмкiн.
А
-дан
С
-ға дейiнгi қашықтық мынандай жолмен анықталады:
сыңар кроссоверлi кластар
пайыздарының қосындысына (39,6%) қос кроссоверлердiң екi еселенген пайызын қосу керек (
434
12
х 100 = 2,77 х 2 = 5,5%). Сонда қорыта келгенде 39,6 + 5,5 = 45,1% болады немесе ол екi
бөлiмшелердегi, яғни
А
-дан
В
-ға және
В
-дан
С
-ға дейiнгi кроссинговердiң пайыздарын қосқанда
алынатын жиынтыққа тең болып шығады. Екi геннiң арасындағы рекомбинацияның пайызы
неғұрлым олардың ара қашықтығы кемiген сайын нақтылана түседi,
себебi қашықтық азайған
жағдайда қос алмасулардың болу мүмкiндiгi де кемидi.
Хромосомалардың көршiлес бөлiмшелерiндегi алмасулардың арасында бiр-бiрiне әсер етушiлiк
болады. Егер хромосоманың бiр нүктесiнде айқасу болса, онда оның екi жағындағы бiраз
қашықтыққа дейiн екiншi бiр айқасу болмайды. Айқасу болып өткен жерге жақын жатқан
хромосома бөлiмшелерiнде болатын айқасуға кедергi
келтiретiн мұндай құбылысты
интерференция
деп атайды. Жоғарыда қарастырылған мысалдан бiз I-бөлiмшеде 17,5%, ал II-
бөлiмшеде 27,6% айқасулардың болатындығын аңғардық. Егер
А-В
және
В-С
бөлiмшелерiндегi
үзiлу бiр-бiрiне тәуелсiз құбылыс болса, онда
А
және
С
гендерi арасындағы қос кроссинговердiң
болу ықтималдылығы
А-В
және
В-С
нүктелерiндегi кроссинговер пайыздарын өзара көбейткенге
тең болар едi, яғни
100
5
17
,
х
100
6
27
,
х 100 = 4,8%. Бiз келтiрген мысалда 434-тiң тек 12 дарабасында
ғана қос айқасу болған, ол 2,77%-ды құрайды.
Олай болса, қос айқасулардың жиiлiгi теория
жүзiнде күткендегiден төмен болып шықты, яғни интерференция болмаған жағдайда алынатын
жиiлiктен төмен деген сөз. Мұндай өзара әсер етушiлiктi
коинциденция (сәйкес келу)
деп атайды.
Коинциденция коэффициентiн сандық тұрғыда есептеп шығару арқылы бағалауға болады, яғни ол
басқаша айтқанда байқалатын
қос айқасулар жиiлiгiнiң, теория жүзiнде болуға тиiстi жиiлiкке
қатынасы болып келедi. Бiз қарастырып отырған мысалда коинциденция коэффициентi
8
4
77
2
,
,
=
0,57 немесе 57% тең. Абсолюттi интерференцияда коинциденция 0-ге тең, ал интерференция
толығымен
жоқ болса, ол 1-ге тең болады. Интерференция (И) шамасын мына формуламен
анықтайды:
И = 1
С,
мұндағы
С
- коинциденция коэффициентi болып табылады. Егер
С<1
болса, онда интерференция
дұрыс болады, яғни сыңар алмасу хромосоманың көршiлес бөлiмшесiндегi алмасуға кедергi
келтiредi. Егер
С>1
болса, онда интерференция терiс,
яғни бiр алмасу, көршiлес бөлiмшелердегi
қосымша алмасуларға демеушiлiк жасайтын сияқты болады. Интерференцияның себептерi әлi
белгiсiз болып отыр. Интерференция хромосомалардың үзiлуiнiң және кроссинговер кезiнде
олардың қайта қосылуының негiзiнде жатқан молекулалық процестердiң ерекшелiктерiне
байланысты деген болжам бар.
Достарыңызбен бөлісу: