Арнайы оқу-әдістемелік қамтамасыз ету Зағип және нашар көретін оқушыларды оқыту түзету кешендері енгізілген арнайы Типтік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар жалпы білім беретін бағдарламалармен және түзету кезеңді бағдарламалармен оқытылады.Жалпы білім беретін бағдарламаларға білім алушылардың даму ерекшелігіне байланысты өзгеріс енгізіледі (бейнелеу өнері, сызу, деншынықтыру, еңбек). Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін бағдарламаның мазмұны оқудың 1 жылға ұзартылуына байланысты қайта бөлінеді, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып өңделеді. Зағип оқушылар үшіноқу процесінде жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын Брайлдің рельефті-нүкте шрифтісімен басылып шыққан оқулықтар, оқу құралдары және әдебиеттер қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептерде жаппай қолданатын ірі шрифтімен басылған және арнайы жаңартылған суреттермен, көріп қабылдауға қолжетімді оқулықтармен оқытылады. Ерекше білім беру қажеттілігін қағаттандыру Нашар көретін оқушыларға сыныптағы көру жұмыстарына анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар көмегімен қолайлы жағдай жасалу қажет:
- офтальмологпен тағайындалған көруді түзету құралдары (көзілдірік, жанаспалы линза, лупа, телескоптық көзілдірік);
-табиғи жарықты реттейтін құрылғы (тетік),;
- оқығанда, жазғанда, сурет салғанда сурет көргенде дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арнайы бір орынды парталар;
- балаларға арналған қосымша құрылғылар (Брайл жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқитын машиналар, Брайл шрифтісімен жазылған машинкалар , рельефті суретке арналған «Школьник», оптикалық құралдары – лупа, линзалар, телескоптік құралдар–офтальмологтің ұсынымдамасы бойынша және басқалар );
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электронды құралдар, тактильді және брайлді дисплей, сөйлеу синтездеуші);
- көруді қорғау талаптарына жауап беретін арнайы оқу құралдары (рельефті-көрнекі құралдар, географиялық карталар, схемалар және т.б.);
- аудио-және бейнеаппаратуралар;
- арнайы бағдарламалармен қамтамасыз ететін компьютерлер.
Жалпы білім беретін пәндерді арнайы оқыту әдістемесін қолдану арқылы, түзету кезеңінің пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу, сонымен қатар, техникалық құралдар және арнайы көрнекіліктер пайдаланылып дербес және топтық сабақтар өткізу түзетуге бағытталады.
Түзету курстары төмендегідей берілген:
- «Көруді қабылдау және қалдық көруді сақтау және дамыту». Сабақ көру мүшесі ауруының сипатына, көру қызметінің негізгі жағдайына, жалпы психикалық дамуына, көру қабылдауының қалыптасу деңгейіне байланысты толымдалатын топта (2-4 адам) өткізіледі .Сабақ ұзақтығы 30 минуттан артық болмау керек.. Сабақ жиілігі – аптасына 2-3 рет. Үздіксіз көру жүктемесі 5-10
минуттан аспау қажет.
- «Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)». Сабақта емдік –сауықтыру міндеттері шешіледі задачи (бөгеліп қалушылықты жою, қозғалыстың шектеулілігі және қозғалыстың жетімсіздігі, бұлшық еттің сезімі, байланыссыздық) және емдеу- қалпына келтіру (қозғалыс біліктілігін жетілдіру.). Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі. Сабақ ұзақтығы 30-45 минут.Әр оқушыны офтальмологтік, психофизикалық, соматикалық мұқият кешенді тексеруден кейін емдік дене тәрбиесі тағайындалады.
Ауруының мәліметтері есеріледі (омыртқаның қисаюы және т.б.) - «Түзету ритмикасы». Ритмика сабақтары оқушылардың музыканы тыңдауға, мазұнын қимыл арқылы беруге, қозғалыс біліктіліктерін қалыптастыруға және бекітуге үйрету мақсатында өткізіледі. Ырғақты сезінуін, координацияны, шыдамдылықты, физикалық жұмыс жасау қабілеттілігін дамытуына мүмкіндік жасау . Ритмика сабағы ритмикалық жаттығуларды, ритмикалық эстафета, музыкалық-ритмикалық және сөйлеу ойындарын пайдалануды ұсынады.
- «Мимиканы және пантомимиканы дамыту». Сабақ дербес және топпен жүргізіледі. Сабақ ұзақтығы 40-45 минут. Сабақты өткізу түрі қойылған мақсатқа сәйкес болады. Сабақты тифлопедагог өткізеді.
- «Түйсіну мен ұсақ моториканы дамыту». Бұл курстың мақсаты зағиптардың түйсінуі мен ұсақ моторикасын дамыту, заттарды тануды , қоршаған ортадағы нәрселерді , кеңістікте бағытталуын үйрету. Сабақ топта, дербес және кіші топта өткізіледі.
- «Кеңістікте бағдарлау». Оқушылар үлкен, кіші кеңістікте бағытталу тәжірибесіне, өз бетімен қозғалу біліктілігіне сәйкес топтарға бөлінеді.
- «Әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу». Курстың негізгі мақсаты болып табылады: қоршаған әлемдегі заттар және құбылыстар туралы елесті қалыптастыру; түрлі әлеуметтік жағдаяттардағы және қоғамдық орындардағы дұрыс тәртіп біліктілігіне, айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа үйрету.
Бастауыш сынып баланың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, оның әлеуеттік толық мүмкіндігін дамытуға, ауытқушылығын түзетуді дамытуға, емдеу, гигиена және көруін сақтауға, оқуға деген ынтасы мен біліктілігін дамытуға, көрнекілік-образды тәсілін және теориялық ойлауын, оқу іс-әрекетіндегі дағды мен білікті игереді; оқуға, санауға, жазуға, суретті түсінуге, жеке басының гигиенасыныңэлементарлық тәсілдерін яғни, өзіне-өзі қызмет жасау, мобильділік, бағыттаушылықты үйренеді.
Негізгі мектепмектеп бітіруші түлекке білім алуын жалғастыруға және қоғамның толыққанды өміріне араласу үшін қажетті жалпы білім берудің мықты іргетасын қалайды. Түзету жұмыстары танымдық, дербес және қозғалыс саласында, гигиена және көруін сақтауға, денсаулығын бекіту бойнша әрі қарай жалғасады. Мектеп баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ғылыми ой-санасын, әлеуметтік өзін-өзі анықтау мүмкіндігін дамытады, көруі бойынша мүгедектердің жұмысқа орналасуы мен түрлі еңбек іс-әрекетін үйренуін кәсіби оқуын, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Негізгі мектеп жалпы білім беруге дайындықты аяқтауды қамтамасыз етеді. Мұғалім оқушылардың қызығушылығының толық есебін, қоғамдық пайдалы еңбекке және заманауи қоғамдық өмірге белсенді араласуына, әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасайды .
Өмір іс-әрекетіне сәйкес орта Көру қабілеті бұзылған оқушының кеңістікте бағдарлауы қиындық туғызады, сондықтан оның мектепте өзін жайлы сезінуі үшін мектеп ғимаратына саяхат жасауы қажет. Бұл оған кабинеттер мен мектеп үйжайының орналасуын есте сақтауына көмектеседі. Барлық кедергілер және бұрылыстар айтылу қажет, балаға бұрыштар мен есіктерді ұстап көруге мүмкіндік беру қажет.
Нашар көретін баланың бағдарлауы үшін мектепке кіретін баспалдақтарды ашық кереғар түстерге бояп қою қажет, міндетті түрде таяныш болу қажет. Таяныш баспалдақтың екі жағында 70 және 90 см биіктікте, төменгі сыныптар үшін — 50 см болуы қажет.
Есіктер жақсы ашық кереғар түске боялу керек. Егер есіктер шыныдан болса, оның ашылатын тұсын ашық түсті бояумен бояп қою қажет.
Көру қабілеті бұзылған оқушының тұтқадан ұстап бағдарлауы үшін мектептің дәлізі бойына барлық периметр бойынша тұтқалар жасалу қажет.
Көруі бойынша мүгедектің бағдарлауын жеңілдету үшін мектеп ішінде еденді түрлі рельефті етіп жабуға болады (бағытты өзгерткенде еден рельефі де өзгереді) немесе еденге арналған плиткалар немесе жай ғана кілемнен жасалған жолдар.
Көру қабілеті бұзылған оқушыларға арналған киім ілгіште өтушілерден бөлек, арнайы орын арнау және оны таяныштармен, орындықтармен, сөмке, киім ілетін ілгектермен жабдықтау қажет.Баланың есіне сақтауы үшін ол жерге бірненше рет апарып көрсету қажет.
Сыныпта қолжетімді және қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылады:
көру қабілеті бұзылған оқушыларға арнап рельефті фактуралы немесе едені кілеммен жабылған белгілі бір оқушы орнын жабдықтау керек.
Жұмыс орнының жарықтануына аса мән беру керек. Парта мұғалім үстелі мен терезеге жақын бірінші орында орналасуы керек. Оқушы диктофонды пайдалануына болады (оның конспектілеу тәсілі). Мүмкіндігіне қарай, әртүрлі сабақта қолданылатын құралдар тек қана көрнекі емес сонымен қатар, зағип бала оны қолымен ұстау үшін рельефті болып келуі керек.
Көз қызметінің мүмкіндігі төмендемеуі болмас үшін шаршауы болмау керек. Дер уақытында сабақ өтетін жердегі іс-әрекет және жағдай түрлерін ауыстыру оқушылардың жұмыс жасау қабілетін көтеруге көмектеседі. В Көзді сақтаудың негізінде жұмыс орнын, үй-жайды тиімді жарықтандыру жатыр. Көру қабілеті бұзылған балалар үшін партаның жұмыс жасайтын бетін, баспалдақты, дәліздерді, денешынықтыру залдарын жарықтандыру жоғары болу керек.