Тотықтырғыш бола алатын заттар:
KMn7+O4, HN5+O3, K2Cr6+2O7 , H2S6+O4
N3‾H3, H2S2‾, HCl‾, Na0, Fe0
Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алатын заттар:
Mn4+O2 , HN3+O2, Cl20, S4+O2
Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш
эквивалентінің мольдік массасы
Эквиваленттің мольдік массасы (Мэ) – граммен өлшенетін, заттың бір эквивалентінің массасы.
Эквиваленттер заңына сәйкес тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш бір-бірімен эквивалентті мөлшерде әрекеттеседі:
nэ (Тш) = nэ (Тзш), nэ(Х) = m(Х) / Мэ(Х), Мэ(Х) = М(Х) / nē,
мұндағы nэ – эквивалент зат саны, nē – қабылданған (тотықтырғыш үшін) немесе берілген (тотықсыздандырғыш үшін) электрондар саны; Тш – тотықтырғыш, Тзш – тотықсыздандырғыш.
Мысалы: К2Сr2О7 бір моль тотықтырғышы СrСl3 -дейін тотықсыздану үшін алты электрон қосып алады, сондықтан:
Мэ(К2Сr2О7) = М(К2Сr2О7) / 6 = 49,03 г/моль
11.2 ТТР теңдеуінің құрылуы және теңестірілуі
Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеуінің құрылуы барысында екі әдіс пайдаланады: электрондық баланс және жартылай реакция (ионды-электрондық әдіс).
Екінші әдіс сулы ерітіндіде жүретін ТТР-ды теңестіруге ыңғайлы, өйткені осы әдісті қолдану барысында жекелеген атомдардың тотығу дәрежесін анықтау міндетті емес, реакцияға қатысатын иондар зарядын анықтау жеткілікті. Бұл әдіс ерітіндіде нақтылы бар молекулар мен иондардың зарядтарын және құрам өзгерген кездегі нақтылы жүретін үдерістерді қарастырады (ерітінді-де S4+, S6+, Mn7+ – иондары емес, SO32‾, SO42‾, MnO4‾ иондары бар).
Сонымен қатар, жекелеген иондардың жартылай реакция теңдеуін жазу гальваникалық элементте, электролиз барысындағы химиялық үдерісті түсіну үшін қажет және жалпы үдерістің белсенді қатысушысы ретінде ортаның мәнін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |