Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет22/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Емдеуі.
1. Белсенді фазасында стационарлық ем жүргізіледі. 2-3 аптадан артық төсек тәртібі.
2. № 10 диета. Құрамында белокқа, витаминдерге бай, жеңіл қорытылатын құнарлы тағамдар болу керек.
3. Этиотропты ем пенициллинмен жүзеге асырылады. 2 аптадан кем емес, кейін 1,5-2 ай бициллин5 - 1200000, 2 аптада 1 рет салады, содан кейін әр 21 күнде бір рет 5 жыл салып отырады.
Қабынуға қарсы препараттар: стероидті емес қабынуға қарсы: аспирин, бутадион, диклофенак, индометацин, вольтарен, ибупрофен және глюкокортикоидтер: преднизолон, дексаметазон, гидрокортизон.
Аминохолиндік дәрмектер: делагил, плаквенил.
Метаболизмдік ем: рибоксин, АТФ, фосфаден, кокарбоксилаза, В6- дәрумен.
Санаторлы-курорттық ем.


Диспансеризация
Қазіргі кезде ревматизмнің алдын алуында этаптық жүйе қолдануда:
1 стационар.
2 емхана (ревматологта немесе кардиологта, терапевте бақылауда болу).
Курорт, жергілікті санаторий.
Диспансерлік бақылауды ревматолог болмағанда терапевт жүргізеді. Белсенді фазада жылына 4 рет қаралады, ЛОР, стоматологқа –1 рет, окулист –2 жылда бір рет, кардиохирургқа, невропатологқа көрсеткіштері бойынша, қанның жалпы анализі жылына -4 рет , зәрдің жалпы анализі, жүрек рентгеноскопиясы, ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ, қанның биохимиялық көрсеткіштерін тексеруді жылына 2 рет жүргізеді.
Белсенді емес фазасында ревматологқа жылына 1-2 рет қаралады, қалғандарына жоғарыдай. Қанның жалпы анализі жылына –2 рет, қалғандары –1рет.
Болжам. Болжам жүректін зақымдануына байланысты болады, әсіресе қақпашалардың эндокардитінде. Сондықтан дер кезіндегі өткізілген диагностика, ем, дұрыс жүргізілген диспансеризация және алдын алу шаралар белсенді түрін басады және ақаулардың алдын алады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алу организмнің төзімділігін күшейтуге бағытталған қоғамдық, әлеуметтік, дербес шаралар комплексі (организмді шынықтыру, тұрмысын, экономикалық жағдайын жақсарту, стрептококк инфекциясын жұқтыруды азайту, әсіресе балабақшаларда, казармаларда, мектептерде т.б. мекемелерде гигиена тәртіптерін сақтау).
Баспа немесе жоғары тыныс жолдарының инфекциясы дамығанда дер кезінде нәтижелі ем жүргізу, бұл жағдайларда бициллиннің 1 инъекциясын немесе 10 күн пенициллин қабылдау қажет.
2-шілік алдын алу – ең басты шаралары –ревматизммен ауырған адамға антибиотикті үнемі енгізу. Оның негізгі мақсаты- жоғарғы тыныс жолдарына А топты стрептококк түсетін болса, оны жойып отыру арқылы ревматизм шабылуының алдын алу. Ең тиімдісі ұзақ әсері бициллин –5-1500000 Б бұлшық етке 3 аптада 1 рет енгізу.
бірінші шабуылда кардит болмаған адамдарға алдын алуды ең кемінде 5 жыл және 18 жасқа толғанша, кейде, одан да ұзақ жүргізеді;
бірінші шабылудан кейін жүрек зақымданғанда алдын алуды 25 жасқа толғанша, тіпті оданда ұзақ жүргізеді.
Жүрек ақауы бар адамдардарға оданда ұзақ, кейде өмір бойы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет