Критериалды бағалаудың маңыздылығы , ол үш жақты болмақ: Мұғалімдер үшін маңыздылығы: Әрбір оқушылардың өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу
траекториясын құру Оқушымен және оның ата-анасымен тығыз байланыста
болу.
Оқушылар үшін: Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, өзінің және өзгенің
жұмысын бағалай білу.
Ата-аналар үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалау.
Критериалды бағалау жүйесін енгізуден кейінгі күтілетін нәтижелер :
оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;
әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік
дағдыларын дамытуға ынталандыру;
оқыту сапасын жақсарту;
оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын
сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру