Демонстрациялық материалдар түрі:
презентация,плакат.
Дәріс түрі:
тезис дәріс
Қазіргі таңда бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол
үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс.
Сондықтан мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін
мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі
-
жаңартылған
бағдарлама
бойынша
жоспар
құруынан
басталады.
Бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды
қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып
табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді
жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды
жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін
оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына
бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама
аясында төмендегі сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс
• Балалар қалай оқиды?
• Нені оқыту керек?
• Оқушылар не қалайды?
• 7 модульді ықпалдастыру не береді?
Оқу ортасын ұйымдастыра және олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете
білу қажет.
Қысқа мерзімді жоспар SMART мақсатты нақты қоя білуден басталады.
Мақсат - нақтылық , өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген
болуы қажет. Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға
негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек. Қандай
мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында мақсаттың
нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет.
Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша ойлануы керек:
Оқушы осы сабақта нені білуі қажет?
Оқушы не істейді?
Яғни, жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде
оқушылардан сіз не күтесіз.
Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша қандай
тапсырмалар бересіз?
Берілген тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай ма?
Нәтижесінде оқушы не білді,алған ілгерлеу болды ма?
Қандай тапсырма болса да оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма
орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс.Кері байланыс ұстаз
бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты
талдаудың ,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып
табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы тиіс:
Бірінші кезекте сіз бағыт берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай
орындау керектігін түсіндіргенде нұсқау бересіз. Оқушылар тапсырма
орындап жатқан кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға тырысасыз.
Екіншіден бақылаушы, бағалаушысыз . Бақылаушы болғанда оқушының
оқуы туралы дерек жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда
қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүргізесіз.
Үшіншіден мұғалім қолдаушы болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы
орындаған сайын қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.
Сабақтың соңында мұғалім өзіне рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі
неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай
жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар
әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда
шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана
алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда
ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.
2. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту
үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны
меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау,
бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму
мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды
бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды
мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне
кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы - ол оның
білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекетгеріне
қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана
алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателерді талдауын, салыстырмалы
түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Нәтижесінде оқушының мұғалімге
деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа
модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық
жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін
анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керекгігі, алға қойған
мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте
тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланған басқа
модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген
модульді пайдаланғанда оның нәтижесін білуіміз керек, яғни, сабақ беру
кезінде таңдап алынған модульді қаншалықты пайдаланғанымызды
бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы
айтылып, бұкаралық ақпаратгық құралдар арқылы да жарияланып келеді.
Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және
мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен
дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса,
оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа
жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Егер оқушылар тапсырманы
шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе,
онда ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің
қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де
өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады.
Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір
ғана түрін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |