Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты



бет53/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
Байланысты:
беиорга

ЭҚК=φ(тотықтырғыш) – φ(тотықсыздандырғыш)

Егер ЭҚК > 0 болса, ТТР стандартты жағдайда өз еркімен тура бағытта жүре алады. Ал егер ЭҚК < 0 болса, ТТР өз еркімен тура бағытта жүрмейді.


ЭЛЕКТРОЛИЗ.

Электролит балқымасында немесе ерітіндісінде әр аттас иондар хаосты қозғалыста болады. Егер осындай балқымаға немесе ерітіндіге электродтар батырып оларды тұрақты ток көзіне қосса катиондар катодқа, ал аниондар – анодқа қарай жылжи бастайды.

Ерітіндіде катодта не бөлінетінін стандартты электродтық потенциалдың қатарын пайдаланып білуге болады.


  1. Стандартты электрод потенциалдары сутегінікінен (φ=-0,41В) жоғары металдар (Cu2+→Au3+) тұздары электролизі кезінде катодта осы металдар бөлінеді.

  2. Стандартты электрод потенциалы өте кіші металл (Li+→Al3+) тұздары ерітіндісінің электролизі кезінде катодта металл тотықсызданбайды, су молекуласы тотықсызданады.

  3. Металдардың стандартты электрод потенциалы сутегінікінен төмен Al3+-ден жоғары болса, катодта металл да суда тотықсызданады.

Электролиз кезінде анодта жүретін процестер су молекуласының әсерімен қатар, анодтың материалына да тәуелді болады. Анодтарды ерімейтін және еритін деп бөледі. Ерімейтін анодта электролиз кезінде аниондар және су молекуласы тотығады. Егер аниондар оттексіз болса, олар бірінші тотығады. Аниондар оттекті болған жағдайда, анодта су молекуласы (рН=7) немесе гидроксотоптар (рН>7) тотығады. Анод ерімтал болса, электролиз кезінде ол тотығады, электрондарын сыртқы тізбекке жіберіп, өзі ериді.

рН=7: Анод (+) : 2Н2О – 4е- → О2 + 4Н+

рН>7: Анод (+): 4ОН- - 4е-→ О2 + 2Н2О



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет