Электролиз және электролиз заңдары Жоспары



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,61 Kb.
#91907
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Электролиз жане электролиз зандары


Электролиз және электролиз заңдары
Жоспары:

  1. Электролиз кезінде жүретін реакциялардың тотығу-тотықсызданушылық сипаты

  2. Фарадейдің екі заңы :Фарадейдің бірінші заңы

  3. Фарадейдің екінші заңы. Фарадей саны

Лекция мәтіні:
Электролиз деп электр тогының әсерінен болатын химиялық түрлену (өзгеру) процесін айтады. Электролиз кезіндегі химиялық процестер электролит түріне орай, еріткішке байланысты, электрод әзірленген заттың табиғатына сәйкес және басқа да қосымша қосылыстар сияқтыларға қарай сан алуан болуы мүмкін. Электролит арқылы тұрақты ток өткенде катодта электролиттің катионы нейтралды атомға айналып, электродтың беткі қабатында қалады. Мұндай процесс анодта да жүреді және электролит аниондары нейтралданады. Электролиз кезінде пайда болатын нейтрал атомдар мен атом топтары бос күйінде өте тұрақсыз болғандықтан олар өзара не еріткіш пен еріген заттардың моле-кулаларымен химиялық реакцияға түсуі мумкін. Сол сияқты бұл компоненттер электрод әзірленген затпен де химиялық әрекетке түсуі ғажап емес. Электролиз кезінде жүретін барлық реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциясының айқын сипатын көрсетеді: катодта тотықсыздану, анодта тотығу процесі жүреді.
Электролиз кезінде система арқылы сыртқы электр көзінен тұрақты ток өткенде, осы ток күшінің әсерінен электродтың күші өзгеруі мүмкін. Мысалы, электродтағы металл пластинасына токтың оң заряды берілгенде, ол ерітіндідегі су молекуласының металмен әрекеттесу процесін жеңілдетеді, сейтіп металл иондары ерітіндіге ауысады, яғни электрод пластинасы ери бастайды. Ал, осы системадағы екінші электрод әзірленген металл пластинасына теріс заряд берілгенде, керісінше, металдың ерітіндіде еруі қиындап, ерітіндідегі металл катионы зарядсызданып, пластинаның беткі қабатына орналасады.
Электролиттердің (тұздар, қышқылдар, негіздер) ерітінділері не балқымалары арқылы тұрақты тоқ өткенде электродтарда (катод, анод) жүретін тотығу-тотықсыздану процестерін электролиз деп атайды.
Катодта тотықсыздану процесі, анодта тотығу процесі жүреді. Электролиз кезінде катодта:
1. Егер кернеу қатарында алюминийге дейін (алюминийді қоса) тұрған металдар тұздары не гидроксидтері ерітінділері электролизге түссе, сутегі бөлінеді. 2H+ + 2е- → H2.
2. Егер кернеу қатарында сутегіден кейін тұрған металдар тұздары не гидроксидтері ерітінділері электролизге түссе, металл бөлінеді: Cu2+ + 2е- → Cu0.
3. Егер кернеу қатарында алюминийден кейін сутегіге дейін тұрған металл тұздары не гидроксидтері ерітінділері электролизге түссе, сутегі де, металл да бөлінеді: 2H+ + 2е- → H2; Zn2+ + 2е- → Zn. Катодта бөлінген металл массасы өткен электр тоғы мөлшеріне сәйкес келмейді, себебі оның белгілі бір мөлшері сутегі түзілуіне жұмсалады.
4. Активтігі жоғары металдарды электролиз арқылы алу үшін олардың тұздарының не гидроксидтерінің балқымасын қолданады: 2NaCl электролиз, балқыма ® 2Na + Cl2.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет