Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет134/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1. Қандай тіндердің қозғыш қасиеті бар?
2. Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.
3. Қозғыштық дегеніміз не?
4. Қозғыш тіндердің қозу кезеңінде, қозғыштық қасиеттері қалай өзгереді?
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.
59 Тақырып. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылыстары
Мақсаты: студенттерге жоғарғы жүйке қызметінің бұзылыстары туралы түсініктеме беру
Дәріс жоспары
1. Пирамидалық жүйе
2. Экстрапирамидалық жүйе
3. Мишықтық жүйе
Дәріс тезистері
Қозғалыс бұзылысы.
Қозғалыс бұзылысы пирамидалық жолдар , қыртыс асты түйіндер, ми бағаны, мишық, жұлын, жұлынның алдыңғы мүйізінің шеткері нерв талшықтары, нерв өрімдері мен нервтер, бұлшықеттік синапстар.
ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ – ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде орналасқан қозғалыс орталығының жиынтығы, олар қозғалыс клетка ядролары арқылы бас ми нервтерімен және жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысады. Олардың байланысы алдыңғы орталық ирелеңнің ми қыртысы V қабатында орналасқан пирамида тәрізді Бец клеткаларынан басталып пирамидалық жол деп аталады.Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы - жұлын шоғыры талшықтарының көп бөлігі қиылысады, сондықтан әрбір ми жарты шарының проекциялық зонасы дененің қарама қарсы жағындағы бұлшықеттерге жауап береді. Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірінде орналасқан клеткалар ерікті қимылдарды және аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын, ортаңғы үштен бірі – қол, төменгі – бет бұлшықеттерін реттейді. Пирамидалық жол ми жарты шары қыртысынан басталып, ішкі капсула, ми бағанынан өтіп өз жолында бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларына, экстрапирамидалық жүйеге талшықтарын береді. Пирамидалық жүйе ОЖЖ әртүрлі бөліктерімен тікелей және қайтымды байланыс жасайды: бұлшықетте, сіңірде, байламда, орналасқан рецепторлармен қозғалыс анализаторы сезімтал өткізгіш арқылы ақпараттарды қабылдап кеңістіктегі дене қалпын өзгертеді. Сонымен қатар ми жарты шарындағы қыртыстық проекциялық қозғалыс зонасына сигналдар мишықтан, ми бағанынан, қыртыс асты түйіндерден;өз кезегінде пирамидалық жол талшықтарының бір бөлігі ыдырап негізгі шоғырда және ми түзілістерінде аяқталады.
Алдыңғы орталық ирелеңнің немесе пирамидалық жолдың бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен немесе жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысқан жері зақымдалған кезде бұлшықеттік тонус, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауымен және патологиялық рефлекстердің пайда болуымен көрініс беретін орталық салдану дамиды.
Пирамидалық жолдың зақымдалу деңгейіне тәуелді орталық салданудың орны және таралуы әртүрлі: ішкі капсулада патологиялық процес кезінде гемиплегия – қол мен аяқтың ошаққа қарама қарсы жақта салдануы болады. Ми бағаны зақымдалғанда пирамидалық жолмен қоса бас ми нерв ядролары зақымдалып алтернациялық синдром дамиды - ошаққа қарама қарсы жақта гемиплегия, зақымдалған жақта бас ми нервтерінің қызметінің бұзылу белгілері болады. Пирамидалық жолдың жұлында зақымдалуы ошақ жақта аяқтың гемиплегиясы және салдануы болады.

Пирамидалық жолдың қыртыстық бөлігі тітіркенгенде бас миындағы сәйкес проекциялық зонадағы бұлшықеттердің тырыспасы дамиды:


Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірі тітіркенсе тырыспа аяқта, ортаңғы – қол, төменгі – бетте болады. Бұл тырыспалар ошақты деп аталады – (джексоновтық).
Параличтер – бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау. Қозғалыс қызметінің әлсіреуінен бұлшықет күшінің төмендеуі парез деп аталады.
Жүйке жүйесінің зақымдалу деңгейіне байланысты орталық және шеткері паралич болып бөлінеді.Пирамидалық жүйе зақымдалуынан орталық паралич дамиды. Клиникалық көрінісі зақымдалу деңгейіне байланысты.Ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде патологиялық процесінде патологиялық ошаққа қарама қарсы жақта қол, аяқ қызметі
бұзылады; ішкі капсула зақымдалғанда дененің қарама қарсы жартысында гемиплегия бет бұлшықеттерінің және тілдің бір жартысы бұлшықетінің орталық парезімен бірге.
Ми бағанындағы пирамида талшықтарының зақымдалуы қарама қарсы жақта гемиплегия бас ми нерв ядроларының зақымдалу симптомымен бірге, зақымдалған жақта альтернациялық синдром. Пирамида жүйесінің орталық қозғалтқыш нейронының екі жақты зақымдалуы кезінде алдыңғы орталық ирелеңнен ix, x, xii жұп бас ми нервтерінің ядроларына дейінгі зақымдалуы псевдобульбарлық параличке әкеледі.
Орталық паралич сіңірлік рефлекс, бұлшықеттік тонус жоғарылауымен, патологиялық рефлекс және синкинезиялар болуымен сипатталады. Рефлексогенді зонаның кеңеюімен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы жұлынның автоматтық қызметінің тежелуін көрсетеді; рефлекс жоғарылауының өте ауыр дәрежесі тізе тобығы, табан, саусақтардың клонусыдамиды.Рефлекторлы тонус жоғарылауы салдарынан бұлшықеттік гипертония дамиды. Бұлшықет тырысқан пассивті қозғалыстарды күшпен кедергімен орындайды ( «бүктелген бәкі» симптомы). Орталық гемипарезгеВерник-Манн ерекше қалпы тән: сырқаттың қолы жартылай бүгіліп, бауырына басылып, қол ұшы ішіне қарай бұралып, аяғы түп түзу және сыртына қарай бұрылған. Төменгі спастикалық параплегия немесе парапарез аяқтың бүккіш бұлшықет тонусының жоғарылауына және параплегия жұлынның бел жуандығынан жоғары деңгейде екі жақты зақымдалуынан дамиды. Аяқ параличі кезінде жиі Бабинский, Россолимо, Бехтерев патологиялық рефлексі болады.
Шеткері паралич қозғалтқыш нейрондардың зақымдалуынан (жұлынның алдыңғы мүйізі немесе бас ми нерв ядросы). Шеткері паралич немесе парез сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі немесе жойылуымен, бұлшықет тонусының төмендеуімен , бұлшықет атрофиясымен және нерв талшықтарының дегенерациясымен сипатталады. Рефлекторлық доға үзілуінен атония және арефлексиядамиды.Шеткері параличтің клиникалық көрінісі шеткері нейронның зақымдалу деңгейіне байланысты. Алдыңғы мүйіздің немесе бас ми нерв қозғалтқыш ядроларының зақымдалуы бұлшықеттің атрофиясына әкеледі. Шеткері нерв зақымдалуы кезінде иннервациялайтынбұлщықет параличі дамиды.

ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛАТЫН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР.


Патологиялық рефлекстер. Пирамидалық жол зақымдалуы кезінде жұлындық автоматизм күшейгенде пайда болады. Патологиялық рефлекстер рефлекторлық жауапқа байланысты жазғыш және бүккіш болып бөлінеді. Жиі кездесетін жазғыш рефлекс Бабинский: табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда 1 саусақ жазылады, балаларда 2,5 жас – физиологиялық рефлекс; бүккіш рефлекстер Россолимо: бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу және Бехтерев: балғамен өкшені немесе басбармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.


ЭКСТРАПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ

Экстрапирамидалық жүйе – бас ми ядроларының және пирамидадан тыс өткізгіш жолдардың қозғалыс координациясын, бұлшықет тонусын реттеу, қалыпты ұстау, эмоциялық қозғалысты ұйымдастыру. Экстрапирамидалық жүйе құрамына бас ми қыртысы кейбір бөлімдері, базальды ядро, ми бағаны ядролық құрылымдары жатады. Одан басқа экстрапирамидалық әсер жұлынға және бас ми нерв ядроларына арнайы жол арқылы өткізгіш импульстер аралық ми, ортаңғы ми және сопақша мимен байланысады.


Экстрапирамидаық жүйе зақымдалған кезде қозғалыс сферасының бұзылысы болады бұл кезде пирамидалық жүйе бұзылысының клиникалық белгілері және сезімталдық бұзылысы анықталмайды. Экстрапирамидалық синдром патогенезінде маңызды орын нерв импулстерін химиялық өткізгіштер - медиаторлар атқарады. Патология кезінде арнайыландырылған медиаторлардың – дофамин, АХ, ГАМК, серотонин және т.б сәйкес нейромоноаминергиялық жүйе бұзылысы дамиды.
Экстрапирамидалық жүйенің әртүрлі бөлімінің зақымдалуына байланысты клиникалық синдромдар дамиды. Гипертониялық-гипокинетикалық статустың негізгі көрінісі бұлшықет тонусының жоғарылауы және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет