Мұғалімге арналған ұсыным
- Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып, содан кейін олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз
- Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды жазу кезіндегідей) теріске шығаруды қолданудан аулақ болыңыз
- Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз
- Оқушылардың жауапты қалай белгілейтініне мән беріңіз. Мысалы, «Иә», «Жоқ» түрінде емес; «Шындық» / «Жалған», «Ш» немесе «Ж», «TRUE»/«FALSE» «T» немесе «F »
- Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ болыңыз
- Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы қажет
- Жоғары ойлау деңгейлерін қамтуға ұмтылыңыз
- ....
ТҰЖЫРЫМНЫҢ ШЫНДЫҚ НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН ЕКЕНІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
салдарлары
себептері
Сәйкестендіру тапсырмалары
Сәйкестендіру түрлері
- Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру;
- Бір-бірімен байланысты фразаларды сәкестендіру;
- Себебі мен салдарын сәйкестендіру;
- Өлшем бірлікті одан ірі немесе ұсақ басқа өлшем бірлігімен сәйкестендіру;
- Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру.
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
- құрастыру қиын емес және оқушылардың материалды білу және түсіну деңгейін бағалауға қолайлы
- оқушылардың көптеген фактілерді білетінін тексеруге ыңғайлы
- …
КЕМШІЛІГІ
- жоғары ойлау дағдыларының деңгейін тексеру қиын
- тапсырманы құрастыруға және қолдануға көп уақыт жұмсалады
- …
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Мұғалімге арналған ұсынымдар
- Оқу мақсаттарын саралап, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы болатынына көз жеткізіңіз.
- Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы тапсырманы оқуға және орындауға кедергі келтіруі мүмкін
- Тапсырмаы оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз
- Бірінші бағанда толық сипаттама беріп, ал екінші бағанда неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз
- Жауаптар тізімін мүмкіндігінше белгілі бір жүйемен реттеп орналастырыңыз (мысалы, хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен)
- Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің тексеруіне де қолайсыз болады
- Тапсырманы орындауға қатысты нұсқау нақты болып, оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасын қалай орындау керектігі түсінікті болуы тиіс. Барлық оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет
- Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін сұрақтарды қолданыңыз
- Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан аулақ болыңыз
- Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан тұруы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |