Білу: айту, санамалау, анықтау, қайда/қашан екенін атау, көрсету, айқындау
Түсіну: әңгімелеу, жинақтау, сипаттау, түсіндіру, болжау, санамалау, мысал келтіру
Қолдану:шешу, қолдану, құрастыру, кескіндеу, топтастыру, меңгеру, көркемдеу, өзгерту Талдау: негіздеу, салыстыру, айырмашылығын ажырату, меңгеру, реттеу, топтастыру, шешім шығару, зерттеу
Жинақтау: құрастыру, жобалау, құрау, ұсыну, жасау, қиыстыру Бағалау: тексеру, таңдау, басым жақтарын көрсету, сыни баға беру, гипотезасын жасау, талқылау
«Білім» деңгейінде «Оқушы ақпаратты есіне түсіре ала ма?» сұрағына жауап береді.
Мысалы, тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу, теореманы айту
«Түсіну» деңгейінде «Оқушы идея мен мазмұнды түсіндіре ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды қорытындылайды; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды, сипаттамаларды салыстыру.
Танымдық процесс «Талдау» деңгейінде «Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, реттілігін зерттеу, нәтижені болжау.
«Қолдану» деңгейінде «Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы,қағидатты қолдану; процедураларды орындау немесе енгізу.
«Жинақтау» деңгейінде «Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, зерттеу жұмысын немесе жаңа идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндік-тер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару.
«Бағалау» деңгейінде «Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы,өз таңдауын, жасаған қорытынсын сипаттау; бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін, ерекшесін таңдау.