Білу: айту, санамалау, анықтау, қайда/қашан екенін атау, көрсету, айқындау
Түсіну: әңгімелеу, жинақтау, сипаттау, түсіндіру, болжау, санамалау, мысал келтіру
Қолдану:шешу, қолдану, құрастыру, кескіндеу, топтастыру, меңгеру, көркемдеу, өзгерту Талдау: негіздеу, салыстыру, айырмашылығын ажырату, меңгеру, реттеу, топтастыру, шешім шығару, зерттеу
Жинақтау: құрастыру, жобалау, құрау, ұсыну, жасау, қиыстыру Бағалау: тексеру, таңдау, басым жақтарын көрсету, сыни баға беру, гипотезасын жасау, талқылау
«Білім» деңгейінде «Оқушы ақпаратты есіне түсіре ала ма?» сұрағына жауап береді.
Мысалы, тізім құру; терминдерді, даталарды, формулаларды анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу, теореманы айту
«Түсіну» деңгейінде «Оқушы идея мен мазмұнды түсіндіре ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды қорытындылайды; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды, сипаттамаларды салыстыру.
Танымдық процесс «Талдау» деңгейінде «Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, реттілігін зерттеу, нәтижені болжау.
«Қолдану» деңгейінде «Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, қағидатты қолдану; процедураларды орындау немесе енгізу.
«Жинақтау» деңгейінде «Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, зерттеу жұмысын немесе жаңа идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндік-тер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару.
«Бағалау» деңгейінде «Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?» сұрағына жауап береді. Мысалы, өз таңдауын, жасаған қорытынсын сипаттау; бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін, ерекшесін таңдау.