КӨП ТАҢДАУЛЫ ЖАУАБЫ БАР ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Көп таңдауы бар тапсырма
- бір дұрыс жауабын таңдау
- бірнеше дұрыс жауабын таңдау
Тапсырманың құрылымы
- Тапсырма мәтіні (тапсырманың шарты)
- Жауап нұсқалары
Дұрыс жауап – КІЛТ
Дұрыс емес жауап - ДИСТРАКТОР
БІРНЕШЕ ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ ТАПСЫРМАСЫ
Іргелес бұрыштың қасиетін көрсетіңіз:
A) Іргелес бұрыштар барлық жағдайда тең
B) Бұрыш, сүйір бұрышпен іргелес болса доғал
C) Бұрыш, сүйір бұрышпен іргелес болса сүйір
D) Екі іргелес бұрыштар толық бұрыш жасайды
E) Іргелес бұрыштардың қосындысы 180 градусқа тең
F) Іргелес бұрыштардың қосындысы 360 градусқа тең
G) Егер екі бұрыш тең болса, онда онымен іргелес бұрыштар тең
КӨП ТАҢДАУЫ БАР ТАПСЫРМА ҚҰРАСТЫРУ
жабық тапсырманың дұрыс жауабына ұқсайтын, бірақ оның кілті емес жауап нұсқасы
дұрыс жауапқа өте жақын, оқушылардың жіберетін қателері ескерілген дұрыс емес жауап үлгісі
Дистрактор (distractor)
ЖАБЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
- балл қою оңай
- балл есептеу жеңіл
- АКТ қолдануға ыңғайлы
- жауап үлгілерін ұсынуға болады
- тапсырманы орындауға аз уақыт кетеді
- …
КЕМШІЛІГІ
- оқушылар тапсырманы оқуға көбірек уақыт жұмсайды
- кең ауқымды білімді тексеру қиын
- дұрыс жауапты кездейсоқ анықтау мүмкін
- тапсырманы орындағанда оқушының қалай ойлағанын байқау мүмкін емес
- .....
ЖАБЫҚ ТАПСЫРМАЛАРҒА САРАПТАМА ЖАСАУ
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
- Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
- Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі анық және түсінікті ме (яғни, бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы)?
- Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
- Тапсырманың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
- Суреттер, диаграммалар, сызбалар анық па?
- Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
- Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
- Берілген нұсқалардың ішінде тапсырманың дұрыс жауабы бар ма?
- Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
- Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
Достарыңызбен бөлісу: |