Дескрипторлар


Мұғалімге арналған ұсыным



бет8/11
Дата26.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#166492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 күн таныстырылым 3-4 сессия жаңа
1513538568, Ай, 3D принтер және жылдам пернелер тақырыбында баяндама
Мұғалімге арналған ұсыным
  • Алдымен контентті қамтитын ақиқат тұжырымдарды құрастырып алып, содан кейін олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз
  • Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды жазу кезіндегідей) теріске шығаруды қолданудан аулақ болыңыз
  • Міндетті түрде оқушыға өзінің жауабын қалай және қайда белгілейтінін көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз
  • Оқушылардың жауапты қалай белгілейтініне мән беріңіз. Мысалы, «Иә», «Жоқ» түрінде емес; «Шындық» / «Жалған», «Ш» немесе «Ж», «TRUE»/«FALSE» «T» немесе «F »
  • Барынша дәл беру мақсатында шын тұжырымды әбден нақтылаудан аулақ болыңыз
  • Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы қажет
  • Жоғары ойлау деңгейлерін қамтуға ұмтылыңыз
  • ....

ТҰЖЫРЫМНЫҢ ШЫНДЫҚ НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН ЕКЕНІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
салдарлары
себептері
Сәйкестендіру тапсырмалары
Сәйкестендіру түрлері
  • Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру;
  • Бір-бірімен байланысты фразаларды сәкестендіру;
  • Себебі мен салдарын сәйкестендіру;
  • Өлшем бірлікті одан ірі немесе ұсақ басқа өлшем бірлігімен сәйкестендіру;
  • Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру.

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
  • құрастыру қиын емес және оқушылардың материалды білу және түсіну деңгейін бағалауға қолайлы

  • оқушылардың көптеген фактілерді білетінін тексеруге ыңғайлы

КЕМШІЛІГІ

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Мұғалімге арналған ұсынымдар
  • Оқу мақсаттарын саралап, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы болатынына көз жеткізіңіз.
  • Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы тапсырманы оқуға және орындауға кедергі келтіруі мүмкін
  • Тапсырмаы оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз
  • Бірінші бағанда толық сипаттама беріп, ал екінші бағанда неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз
  • Жауаптар тізімін мүмкіндігінше белгілі бір жүйемен реттеп орналастырыңыз (мысалы, хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен)
  • Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің тексеруіне де қолайсыз болады
  • Тапсырманы орындауға қатысты нұсқау нақты болып, оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасын қалай орындау керектігі түсінікті болуы тиіс. Барлық оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет
  • Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін сұрақтарды қолданыңыз
  • Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді қолданудан аулақ болыңыз
  • Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан тұруы тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет