Динаева б. Б., Сапина с. М


зерттеу жұмысының тақырыбы (атауы)



Pdf көрінісі
бет26/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

зерттеу жұмысының тақырыбы (атауы) 
туралы 
болмақ. Қазақстанның оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
(ғылыми жоба, курстық, дипломдық жұмыстар, магистрлік, докторлық 
диссертациялар) тақырыптары белгілі кафедра тарапынан, ғылыми 
жетекші тарапынан ұсынылатын дәстүр қалыптасқан, яғни ұсынылған
31


бірнеше тақырып ішінен өзіңіз ұнағанын таңцайсыз да, сол тақырыппен әрі 
қарайжүмысжасайсыз. Кейжағдайдазерттеу тақырыбынөзіңізұсынасыз, 
жетекшіні өзіңіз таңдайсыз немесе берілген тақырыптарға өзгерістер 
(нақтылау) енгізетін жағдайлар болады. Сіздің тақырыбыңыз, ғылыми 
жетекшіңіз хаттама түрінде бекітіліп қойылады, әдетте, оны езгерту қиын 
немесе тіпті мүмкін болмайтынын жоғарыда айтқан болатынбыз.
Ғылыми жұмыс тақырыбын анықтау кезінде зерттеушілердің көбі 
қолданатын 
мига шабуыл тәсілін 
айта кетейік. Бұл тәсіл 
сыни ойлауды
қалыптастыру, үйрету, үйрену кезінде жиі қолданылады. Таза парақ алып, 
ойыңызға келген тақырыптардың бәрін жаза беріңіз, жаза беріңіз. Қалай 
болғанда да, он шақты тақырыптан артық ойлап таба алмайсыз. Тізіміңізге 
үстірт көз жүгіртсеңіз, бес-алты тақырыптың мүлдем сәйкессіздігін 
байқайсыз, оларды сызып тастаңыз. Бұдан кейін сәл ойланып, қалған 
тақырыптарды зерттеу жұмысыңыздың басты мәселесімен, жинаған 
материалыңызбен қатар қойып, салыстырып көріңіз. Қорытындысында 
екі немесе үш тақырып қалады. Осы кезде оқытушыңызбен, ғылыми 
жетекшіңізбен ақылдасқаныңыз дұрыс. Ол сіз көрсеткен қысқа тізімнің 
ішінен нақты тақырыпты таңцауға, нақтылауға көмектеседі. Жұмыс 
тақырыбына қатысты мұндай ой- толғамдар зерттеуіңізде не туралы 
жазатыныңызды, нақты мақсатыңызды анықтауға үлкен көмек көрсетеді.
Есте сақтаңыз!
Жұмыстың атауына (тақырыбы) қойылатын басты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет