Динаева б. Б., Сапина с. М


«Қазіргі жастардың құндылықтар



Pdf көрінісі
бет34/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері
матем презентация, матем презентация, IBB1t, Сроп8, устная деловая коммуникация, устная деловая коммуникация 2, 8 Дәріс, Документ (2)
«Қазіргі жастардың құндылықтар
жүйесіндегі махаббат/ақша ұғымдарының орны» 
деген тақырыпта
40


ғылыми 
жоба 
орындамақшысыз. 
Алдымен, 
қазіргі 
жастардың 
құндылыід-ар жүйесінде махаббат (не ақша) ұғымы бірінші орында екендігі 
жөнінде дәлелдемелері бар тұжырым, тезис бересіз. Сіздің жұмысыңыз, 
негізінен, эмпирикалықзерттеу нәтижелеріне құрылуы мүмкін. Сондықтан 
жүргізген практикалық жұмысыңыз туралы (сауалнама, бақылау, сынақ), 
оны не үшін қолданғаныңыз туралы жазып, кейін алған нәтижелеріңіз 
бастапқы тезисіңізді, тұжырымыңызды дәлелдеді де, дәлелдемеді ме, 
қорьітындысы қандай болды, ол арқылы қандай тұжырымға келдіңіз 
т.с.с сұрақтардың жауабы берілгені жөн. Осы жерде мынаны ескерген 
жөн: өз позицияңызды, тезисіңізді, тұжырымыңызды міндетті түрде 
дәлелдейтін жекелеген фактілерді, әдейі жиналған мысалдарды келтіру 
сіздің жұмысыңызға эмпирикалық сипат бермейді. Эмпирикалық зерттеу 
деректер жинау оларды талдаудан құралады. Ғылыми жұмыста барлық 
жағдайда эмпирикалық элемент болуы міндетті емес. Жұмыс таза 
тілдік, әдеби дереккездерге ғана құрылуы мүмкін, дегенмен жұмысқа 
эмпирикалық талдаулар енгізілсе, еңбектің құндылығы арта түсетіндігі 
анық.
Ғылыми тақырыппен жұмыс жасау кезінде студенттер 
«тақырыпты
қазіргі заманмен, 
қазіргі заманғы мәселелермен байланыстыру
міндетті ме?у>
деген сұрақты жиі қояды. Мұндай талап қойылмайды. 
Әрине, зерттеуіңізді қазіргі күнмен сәл болса да, байланыстыра алсаңыз, 
сіз сөз қылып отырған теориялардың бүгінгі күнге қандай да бір қатысы 
барын көрсете алсаңыз, оқырманның қызығушылығы артуы мүмкін. Оған 
қоса, бұл айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының езектілігін керсету 
кезінде де алдыңғы орынға шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет