Дипломдық ЖҰмыс 5В051000 «Мемлекеттік және жергіліктік басқару» мамандығы



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата25.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#133300
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ДР Байдуллаев Ариан ФИЭМ-16-1

 
 
Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының 
дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас 
ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар ӛзінің әлеуетін жүзеге асыру 
үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық ӛсу 
қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Ӛз сӛзінде Ұлт Кӛшбасшысы 
Н.Ә.Назарбаев жас ұрпаққа назар аударып, былай деп айтқан болатын: «Сендер 
– болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан 
қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда» - деп айтқан сӛздері тақырып 
ӛзектілігін арттыра түседі. [1]
Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын 
айқындайтын маңызды құжаттар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
жастар саясаты туралы» Заңы және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 
тұжырымдамасы. Бұл нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі 
кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге 
асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді. Жастар саясатының 
басымдықтары Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясының түйінді 
мақсаттарының бірі болып табылады.
Жастар - яғни, біз болашақтың негізі ретінде ӛз білімімізбен, жасампаз 
еңбегімізбен және күш-жігерімізбен ӛз болашағымызды құрудың жаңа 
мүмкіндіктерін алуымыз қажет.
Мемлекеттік жастар саясаты - Конституцияда және Қазақстан 
Республикасының аумағында қолданылатын ӛзге де нормативтік құқықтық 
актілерде бекітілген жас адамның саяси, әлеуметтік - экономикалық, жеке 
құқықтары мен бостандықтарын қарастыруға негізделеді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс- 
қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады: 
-
жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз 
ету; 
-
білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен 
қамтамасыз ету; 
-
жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай 
жасау. 
Жастар келешегіміздің негізі ретінде ӛз білімімен, жасампаз еңбегімен 
және күш-жігерімен ӛз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол 
ХХІ ғасырда Дамыған Қазақстанның жаңа, бәсекеге қабілетті және әлемдегі 
алдынғы қатарлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. 
Негізгі 
Мемлекеттік 
жастар 
саясатының 
2020 
жылға 
арналған 
тұжырымдамасының миссиясы осында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет