28
2) Штамп сөздердің қолданылуы: «Міне, көзді ашып-жұмғанша
тамылжыған көктемнің
екінші
айы да келіп жетті. Қар еріп,
жер қарая
бастаған күннен-ақ әр тіршілік иесі өзіне
тиесілі жұмыстарымен
айналысады».
3) Қыстырма сөздерді орынсыз қолдану: «Қылмыстың алдын алу үшін
мектеп қабырғасында дұрыс тәрбие беріп қадағалап,
және де
діни
сабақтар
жүргізу
және де
инспекторлар қою керек». «Ауыр қылмыс
негізінен
үлкен,
жауапты құқық бұзушылық болғанда, яғни ауыр қылмысқа жаза
пайдаланылады.
Негізінде
жеңіл қылмыс немесе құқық-бұзушылық үшін де
негізінде
елімізде адамның белгілі бір құқығынан айырады.
4) Әдеби тілге жатпайтын сөздерді себепсіз қолдану: «Арман
алысты
арымай,
тереңге тегеурінмен түссең түбі мұратыңа айналмай қоймайды».
5) Тілдің көріктеу құралдарын керекті жерінде пайдаланбау: «Әрине, әр
адамның өзі
біртуар, қайта келмес
даналары болады. Бұл
адамзаттар елі
үшін күрескен,
сонымен қатар
бізге туындыларын қалдырып кеткен
данышпандар болмақ».
Достарыңызбен бөлісу: