Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет16/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

Публицистикалық стильде 
екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған 
байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да 
көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар 
оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және 
экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет 
тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа 
айналған) құрылымдар да орын алады. 
Көркем сөз
стилінің нормасы 
өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы 
ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша 
тілдік құралдардың бірігуі тән. Тек мынаны ескеру керек, біріншіден, көркем 
шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тіл.дік бірліктер қолданыла отырып, 
бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады, әдеби-
эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының 
өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді, шығарманың жанрлық, 
тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады әрі әр жазушының өзіндік 
тілдік талғамы болады. Сондықтан көркем шығарма тілінде әр жазушының 
стильдік даралығы, өзге де қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді. Осы 
жайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік 
ерекшелігі болады. 
Әрине, бұл айтылғандардан көркем сөз стиліне норма тән емес деген сөз 
шықпайды. Бірақ көркем сөз стилі нормасына әдеби тіл нормасы тұрғысынан 
келе беруге де болмайды. 


24 
Сонымен, әрбір функционалды стиль өзіне тән сөз, форма, құрылымға 
ие болып келеді. 
Стилистикалық ауытқу белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, 
стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын түрі. Тілді 
жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. 
Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді 
өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын 
қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық 
нормаларының 
сақталмауынан 
болатын 
тілдік 
қатенің 
түрлері. 
Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. 
Тілдік талғам – тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын 
қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де 
осында – тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де 
стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің 
қатысымдық сапаларының қатарына жатады. 
Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу – 
қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды 
және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап 
алып, ұтымды пайдалана білу, бұл - өнер. Ал, өнер дегеніміз – шеберлік. Сөз 
жұмсау шеберлігіне қол жеткізу стилистикалық қателермен мақсатты түрде 
күресудің барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті 
қажет ететін шығармашылық процесс. 
Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп 
отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын 
көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани 
сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады. 
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын 
алу үшін стилистикалык және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып 
алу қажет [12, 89 б.]. Стилистикалық емес қатенің түрлеріне лексикалық, 
фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың 
сақталмауынан болатын ауытқулар жатады. Стилистикалық қатенің 
түрлеріне стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық 
құрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай 
болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшеліктерін 
ескермеудің салдарынан жіберілетін қателер жатады. Стилистикалық 
сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты болатын стилистикалық 
қатенің түрлері былайша топтастырылады: 
1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан 
болатын стилистикалық қателер; 
2) 
тілдік-стилистикалық 
талғамның 
төмендігінен 
болатын 
стилистикалық қателер; 
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан болатын 
стилистикалық қателер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет