1.2
Функционалды стильдердің стильдік белгілері
Әрбір функционалды стильдің өзіндік белгілері болады, олар тілдік
бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік
ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кейбір
жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып келеді.
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден
тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді.
Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және
соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық
ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі
(әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің
тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар
объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты
субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ
олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де
қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді
топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделений таких
важнейших общественных функций языка, как общение, сообщение и
воздействые, могли бы бытъ в общем плане структуры языка разграничены
такие стили: обиходно-бытовой стилъ (функция общения); обиходно-
деловой, официалъно-документалъный и научный (функция сообщения);
публицистический и художественно—беллетристический
(функциявоздействия)» [11, 6]. Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте
жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді. Негізгі
стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін
қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік
бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады.
Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәңге ие бірліктер белсенді
18
рөл атқарса, көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие
бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған
сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала
түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың
әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге
асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына
қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ
әр қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздары стилінде осы шақтың
бұйыру, талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады («Мәжіліс сағат 10-да
басталады», «Мердігер жұмыстың сапасына жауап береді»). Көркем стильде
осы шақтың тарихи осы шақтық мәні күшейеді («Қазір Ербол мініп келген
семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп
келеді»). Ал ауызекі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге
асатындықтан дәл осы шақтық мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан
стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық,
көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды
стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми
стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары
болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-
ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де
іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ
әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде
публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл
ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің
негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған
шығармалар беріп отырады.
Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің
мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі,
жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль
арқылы танылды.
Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен,
оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін
дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын
уақыт жетті.
Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік
себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми
ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде
сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада
айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан,
үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін
19
сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде
жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу,
сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту
қажетгілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете
танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық
қазақ тілінің заңдылықтары дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға
тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты
салаға тән кемшілік екені белгілі.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі
үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың
негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек
стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді.
Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып
келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне
саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк
т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша
түріне жатқызып жүр.
Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте,
бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалдық стильдердің
бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына
кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және
жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне
байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада –
қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия,
парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы,
еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық
қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара
алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс
шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік,
бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық,
табысқа жетеміз), синтаксисите – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын
тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем
бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі
публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде
бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің , Мысалы А. Н.
Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі:
-
ресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
-
ақпараттық-іс публицистикалық стилі;
-
ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль;
-
ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль;
-
бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль;
-
жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль;
20
-
салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль;
-
таза публицистикалық стиль;
-
экспрессивтік публицистикалық стиль;
-
репортаж публицистикалық стилі;
-
фельетон публицистикалық стилі.
Функционалды стильдерге тән стильдік белгілерге дұрыстық, дәлдік,
бейнелілік, қисындылық, анықтық, мәнерлілік, деректілік, дерексіздік, көп
мағыналылық, бір мағыналылық, стандарттылық жатады. Бұлардың кейбірі
қай стильге жататынына қарамастан жалпы нормативтік сипатқа ие. Мысалы,
кез келген сөз дұрыс, анық, қисынды, дәл, белгілі дәрежеде мәнерлі болуы
керек. Бұлар жалпы әдеби тіл нормасына қойылатын талаптар. Бірақ олардың
кейбірінің мәні функционалды стильдердің түрлеріне қатысты бірдей сипатта
түсіндірілмейді, бір стильдегі бір белгі екінші стильдегі сол белгіге сәйкес
келмейді. Басқаша айтқанда, әр стильдің өзінің дәлдігі, өзінің қисындылығы,
өзінің бейнелілігі бар, белгілі дәрежеде олар бір-біріне қарама-қарсы да
қойыла алады.
Мысалы, көркем сөз стиліндегі дәлдікті іс қағаздарындағы дәлдікпен
бірдей деп қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік – образды бейнелеудегі
дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркем шығармадағы сөз
мазмұнын әр оқырман өзінше түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол
сөздің көркемдігі деуге болады. Ал, іс қағаздарындағы дәлдік – бұл сөздің
бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы. Мысалы, заң мәтінінде сөзді өзге
мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын шешуде зардабы ауыр
жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол сияқты ғылыми стильдің де
өзіндік дәлдігі бар. Мысалы, белгілі бір ғылыми теорияны әр түрлі
көзқарастағы адамдар әр түрлі түсіндіреді. Ғылымда ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін сыни көзқараспен қабылдап, оны тәжірибе арқылы сынақтан
өткізу, содан кейін ғана бұлтартпас қағида ретінде ұсыну орныққан.
Стильдік белгі ретіндегі қисындылықты да әр түрлі түсінуге болады.
Жалпы, қандай сөз болмасын қисынды болу керектігі түсінікті, алайда
көркем сөзде бұған қарама-қарсы келетін жағдайлар да болуы мүмкін,
мұндағы қисындылық тағы да көркем бейнемен, оның сомдалуындағы
қисындылықпен, шеберлікпен («қиыннан қиыстырар ер данасы»)
байланысты. Ал, ғылыми шығарманың қисындылығы бұлтартпас дәлелге,
бірінен бірі туындап отыратын шындыққа құрылатындықтан, ғылыми
мәтіннің тілдік құрылымы да соған сәйкес келетін лексикалық, синтаксистік
бірліктерден таңдалып, сұрыпталып алынады. Іс қағаздарына келетін болсақ,
оның мазмұны талқылауға, дәлелдеуге емес, орындалуы тиіс талап-
тілектерге, міндет-тілікке құрылатындықтан, ондағы қисындылық та
мазмұны жағынан болсын, бейнелеу тәсілдері жағынан болсын басқаша
сипатта болады.
Бейнелілік туралы да осыны айтуға болады. Көркем сөздің бейнелілігі –
эстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан қайталанбас нақты бейнелілік.
21
Ғылым тілінде де бейнелілік жоқ деуге болмайды. Бірақ табиғаты мен
қызметі жағынан екеуіндегі бейнелілік екі түрлі.
Ғылыми танымға бейнелілік о бастан тән, бейнелі ойлау ғылыми
шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алайда, көркем сөздегі бейнеліліктен
ерекшелігі – ол типтенген, жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие. Қоғам
мен табиғаттағы жалпы зандылықтарды ашатындықтан, ғылым тіліне
нақтылық, жекелік, даралық сияқты белгілер тән емес, бұл – ғылыми
стильдің ерекшелігін құрайды. Әрине, әр түрлі ғылым салалары өкілдерінің
ішінде тілі даралық сипатқа ие, бейнелі, көркем тілде жазатын ғалымдардың
да болатынын айту керек. Ол ғалымдардың өздерінің мүмкіндіктеріне
байланысты.
Әдетте, функционалды стильдер жоғарыдағы белгілердің бірінде бар,
бірінде жоқ болуымен, олардың бір-біріне қарама-қарсы қойылуымен
сипатталады, соған орай бір-бірінен ерекшелінеді (бейнелі – бейнелі емес,
дараланған – жалпыланған, көп мағыналы – бір мағыналы, шаблонды –
шаблонды емес). Сонымен қатар, функционалды стильдердің ерекшеліктері
стильдік белгілердің иерархиялық қатынасымен, бастапқы және кейінгі,
негізгі және қосымша дәрежелі болу сипаттарымен анықталады. Мысалы, іс
қағаздарында дәлдік (бір мағыналық), міндеттілік сипат негізгі де алғашқы
белгілердің қатарында болса, шаблонға құру, тұрақтылық, маңыздылығы кем
болмағанмен, екінші дәрежелі стильдік белгі. Соңғысы қоғамдық сана
ретіндегі іс қағазы түрінің өзіңе тән емес, бірақ оның пайда болуының
алғышарты ретінде қаралады. Өйткені стандарттылық, тұрақтылық іс
қағаздарын жүргізуді жеңілдетеді, сондықтан ол қажеттіліктен пайда болған.
Осы жағдай іс қағаздары мәтінінің тілдік ерекшелігін де қалыптастырған.
Жоғарыда айтылған жайлар әр стильге тән тілдік белгілерді, бір
жағынан, тілден тысқары жағдайлармен, екінші жағынан, оларды белгілеуші
тілдік құралдармен байланыстыра қарау қажеттігін көрсетеді.
Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау
деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі
заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды
орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын
да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы,
сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды
ерекшеліктерге негізделеді. Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы
реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң
қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да
сүйенеді. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары "тілдік
норма" дегенге жатады. Тілдік нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады.
Ғалым М. Балақаев қазақ әдеби тілінің нормалануының үш түрін көрсетеді:
а) тілдің ілгері даму процесінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік
пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық қағидаларынан анық көруге болады. ә) сондай тілдік
дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар
22
шашыраңқылықты, алауыздықты жою, тілдік нормаларды орнату процесі
жүріп жатты. б) әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстар
жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері
шешілді.;
түрлі
сөздіктер
жасалды,
практикалық
және
ғылыми
грамматикалық
жазылды.
Тілдің
тұрақты
нормалану
процесіне
функционалдық стильдер де өз әсерін тигізеді. Себебі, әр стильдегі тілдік
ерекшеліктер, тілдік қолданыстар белгілі бір деңгейде нормаға түсіп,
жүйеленіп отырады. Бұған әрбір стильдік қабат өзінше үлес қосады.
Функционалды
стильдер
тілден
тысқары
(экстралингвистикалық)
жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі
болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр
стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, әрбір стиль әдеби тілдің
нормалануына септігін тигізіп отырады. Тілдің нормалану процесінде
функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше
жүйесіме нсипатталады: - функционалды стильдер - тілдік құралдардың
бейтарап және стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;
- стильдер тұйықталған емес, өзара байланыста, қатынаста болып,
бірінен-біріне өте береді;
- стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты,
сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық
факторлардың әсерінен пайда болады;
- белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары
жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;
- функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік)
тармақтарға бөлінеді.
Әдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста
ашылатын ұғымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |