36
оңтайлы технологиялық құрал. Тілдік портфельді
пайдалану тілдік білім
берудегі тілді оқыту ұғымын тілді және мәдениетті меңгеру ұғымымен яғни
оқушының өз бетінше оқу әрекетімен алмастыра алады. Тілдік портфель
оқушының тілді меңгеру жетістігін айқындайтын өзін өзі бағалауы арқылы
көрінетін осы үрдістің өзгеше «айнасы» ретінде қарастырылады.
Тілді меңгеру жетістігіне бір реттік баға беретін стандартты тестілерден
айырмашылығы тілдік портфель оқушы
мен оқытушыға тілді меңгеру
деңгейінің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді сондай-ақ тіл
үйренушінің өзінің тілдік дамуының өмірбаянын көрсетеді. Тілдік
портфельді
дайындаушылардың пікірінше, тілдік портфель өз бетінше
жұмыс істеу кезінде, өзін өзі бағалау кезіндет оқушыныңт «өзіне үңілуіне»,
өзінің
қабілетін, біліктілігін тіл мен мәдениетті үйренудегі прогресін оқу
әрекетіндегі шынайы нәтижесін тануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: