Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


34 

ФУНКЦИОНАЛДЫ 
СТИЛЬДЕРДІ 
ИГЕРТУДЕ 
ТІЛДІК 
ПОРТФЕЛЬДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
2.1. Қазақ тілін игерудегі өздік жұмыстарды «тілдік портфель» 
арқылы ұйымдастыру 
Мемлекеттік қызметшілердің «тілдік портфель» жүйесі бойынша қазақ 
тілін меңгеру деңгейлерінің сипаттамасы: 1. Бастауыш деңгей: «Тілдік 
бағдар», «Тілашар» - Еуропалық тіл үйрету стандартына сәйкестігі бойынша 
- А1, А2. 2. Жалғастырушы деңгей: «Тіл дамыту», «Тіл ұстарту» - Еуропалық 
тіл үйрету стандартына сәйкестігі бойынша - В1, В2. 3. Жоғары деңгей: «Тіл 
мәдениеті», «Тілдік тұлға» - Еуропалық тіл үйрету стандартына сәйкестігі 
бойынша - С1, С2. «ҚР МҚ ТП» жүйесіндегі оқу кешендерін меңгеру 
нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейін бақылау 
мен тексеру тесті жүйесі жоғары әдіснамалық деңгейде жасалынды. 
Қазақ тілін үйретудің басты мақсаттарының бірі – мәдениаралық 
қатысымды қалыптастыру. Мәдениаралық қатысымды қалыптастыру арқылы 
қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін танып-білуге жол ашылады. 
Тіл үйренушілердің мәдениаралық қатысымын дамыту арқылы олардың 
өзі өмір сүріп отырған елде мәдениаралық қарым-қатынастың қаншалықты 
бағалы әрі маңызды екенін түсінеді, ол үшін тіл үйренуші мәдениаралық 
қарым-қатынас жасаудың шынайы мүмкіндігіне ие болуы керек. Тіл 
үйренуші қазақ тілін үйрену арқылы тілдік, сөйлеу материалдарын терең 
игере отырып, жинақтаған тәжірибесі нәтижесінде саналы түрде қазақша 
сөйлеуге дағдыланып, тілді өз бетінше үйрену дағдысы қалыптастырады. 
Студенттердің тілді қаншалықты игергендерін бағалауға және олардың өзін-
өзі бағалауына әсер ететін негізгі құрал – «Тілдік портфельдің» орны ерекше. 
Тілдік портфель
– бұл тіл үйренушілердің өз бетінше қазақ тілін 
қаншалықты үйреніп меңгергендерін сараптап-сұрыптауға жол ашатын, 
жеткен жетістіктерін бағалайтын құжаттар жинағы. Тілдік портфель арқылы 
тілді үйретудің ұтымдылығы Н.Д.Гальскова, З.Н.Никитенко зерттеулерінде 
қарастырылған. Ғалымдардың пікірінше, тілдік портфельдің алдына қойған 
мақсаты: 
–тілді үйрету және оқыту тәжірибесіне болашағы зор білім беру 
идеологиясын енгізу; 
–тіл үйренушіні тілді үйрену арқылы алдына қойған мақсатына жететін 
және одан әрі білімі мен біліктілігін жетілдіретін құралмен қаруландыру; 
–тіл үйретуші-мұғалімге әр оқушының тілді үйрену деңгейін бағалай 
отырып, қажетті жағдайда оқытушылық қызметіне қосымша өзгертулер мен 
ұсыныстар енгізуіне мүмкіндік беру; 
–оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде тіл үйренушінің қызығушылығын 
бағалау әрі қолдап отыру [37, 206 б.]. 
–Тілдік портфелді қазақ тілін үйретуде қолдануда төмендегідей 
ерекшеліктерге мән берген дұрыс: 
–қазақ тілін игеру деңгейін өз бетінше айқындай алуы тиіс; 


35 
–саналы түрде қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығы болуы тиіс 
және тілді үйрену үдерісінде белгілі бір нәтижеге жету жауапкершілігін 
сезінуі қажет; 
–тілдік портфельдегі тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындай 
отырып, интеллектуалды және эмоционалды тұрғыдан дамуы тиіс. 
Демек, тілдік портфель (ТП) – тіл үйренушілердің қазақ тілін үйренудегі 
жетістіктері мен жинақтаған нәтижелерін сараптан өткізіп отыратын жеке 
құжаты болып табылады. 
Тілдік портфель тіл үйренушінің тұлға ретінде дамуына тілді үйрену 
мотивациясы мен қызығушылығының артуына ықпал етеді. Тілдік 
портфельмен жұмыс істеу оқушыларға тілді үйренуде төмендегідей 
мүмкіндіктер береді: 
–қазақ тілін үйренуге деген мотивациясын арттырады; өзі тұрып жатқан 
елдегі мәдениаралық қатысымының қаншалықты бағалы екенін түсінеді; 
–қазақ тілін үйренуде өзіндік жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастыруға 
дағдыланады; 
–қазақ тілін үйрену дағдыларын басқа шет тілдерді үйрену дағдысымен 
салыстыра бағалайды; 
–өзінің білімінің қаншалықты деңгейге жетілгендігін анықтай алады. 
Ал тілдік портфельмен жұмыс істеу арқылы мұғалім төмендегідей 
жетістіктерге қол жеткізеді: 
–қазақ тілін оқыту мотивациясын арттырады; 
–тілдік портфельде көрініс табатын нақты қатысымдық дағдыға 
бағдарлана отырып, өзінің тілді үйретудегі іс-әрекетін, қызметін жоспаралай 
алады; 
–әр тіл үйренушінің жеке тұлға ретінде тілді үйренуіне көмектесе 
отырып, олардың тілді меңгеру дербестігін қалыптастырады; 
–қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйретудің маңызын аша отырып, 
жеке тұлғаның көптілді болып дамуына септігін тигізеді; 
–тілді үйрену үдерісінде алынған ақпараттарға қажетті түзетулер енгізе 
алады; 
–өзінің әдістемелік-кәсіби шеберлігін жетілдіреді. Бұл мәліметтерді 
ғылыми жетекшіміз Г.Т. Бейсенбекованың «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет