Дістемелік кешені



бет49/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

Шарттың елеулі ережелері.


Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі.Əр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет.Бұл- шарттың елеулі ережесі. АК- ның 393- бабына сəйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін фомада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.

393- бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тəртіпте олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің еелеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:


    1. шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;

    2. заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, броккер- диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:

а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың, оның ішінде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;

в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тəртібі;

г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен кезеңділігі; д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, жəне оның клиенттің есепшотына аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тəртібі ( Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы « Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мəмілерді тіркеу туралы» Заңы);


    1. шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау шартындағы жалдау ақысының мөлшері;

    2. тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.

Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мəмілені заңсыз деп танығандағыдай салдарларға əкеледі ( АК-ның 157-бабы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет