Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


заңға бағыну керек. Осы заңды жаратқан  билік



Pdf көрінісі
бет20/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

заңға
бағыну керек. Осы заңды жаратқан 
билік
. Билік болса, қоғамдық 
организмдердің тіршілігін реттеу қажеттілігінен пайда болғаны анық. Өте 
ерте дәуірлерден бастап билік пен билік қатынастарын қоғамда 
идеологиялық тұрғыда заңдастыруда «генеалогия» нақты әлеуметтік және 
потестарлы-саяси кезеңдерде өзінің бейімділігімен ерекшеленеді. Бұл арада 
потестарлы жүйенің туыстық қатынастарды анықтайтын категориялармен 
белгіленуі қоғамдық тіршілік әрекетіндегі біртұтастықты білдіреді. Көшпелі 
құрылымдарға тән «бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным 
әлеуметтік-мәдени, шаруашылық, экономикалық, экологиялық тағы сол 
сияқты күрделі жүйелердің туыстық қатынастармен өзара үйлесуін білдіріп, 
жалпы тұтастықтың ұйытқысы ретінде билік қызметін атқарады. Туыстық 
жүйе арқылы билік жүргізу генеалогиялық құрылымдағы алатын орнына, 
яғни рудың негізін қалаушы түп атаға, ондағы буындардың генетикалық 
қашықтығына байланысты жүзеге асады. Яғни, генеалогиялық құрылымның 
қандай да бір бөлінісіне жату қандай да бір топтың, рудың, жеке адамның 
қоғамдағы әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне ықпал ете алды, басқа топтар 
мен жеке адамдардың олармен қарым-қатынасының сипатын айқындады. Тек 
қана генеалогиялық құрылымда алатын орнына байланысты бекітілген 
құқықтық міндеттері болған, оның өзі салт-жоралық деңгейде іске асатын. 
Генеалогиялық құрылымның негізін құрайтын әртүрлі деңгейдегі 
тармақтар - қоғамдық қатынастардың типтері мен деңгейлерін реттейтін 
институттанған тәсілі. Осы құрылым аумағында жалпы қауымның тіршілік 
әрекеті реттеліп отырды. Бір тамырдан өрбіген тектік тұтастық рулық жүйе 
арқылы жүзеге асқан. Тағы бір айтып кететін жайт, орталықтанған 
мемлекеттің пайда болуына ең басты тірек - 
қоғамдық идеология
орасан зор 
ықпал етті. Сонымен, геналогиялық туыстық құрылымда – бір ата, жеті ата, 
ру, ұлыс, жүз – тағы сол сияқты буындар өз кезегінде әкімшілік-әлеуметтік 
жүйенің ұйытқысы болды. Ал туыстық атауларды қолдану 
билік
қатынастарында аса маңызды қызмет атқарды. 


19 
Осы жоғарыда айтылған рулық құрылым - билік және билік қатынастарын 
заңдастырды дедік. Ал оған пайда көзі болатын шаруашылық қажет. Болмыс 
тіршілігі мал кәсібін 
жетекші
немесе 
басшы
(ведущий) 
шаруашылық 
көзіне 
айналдырды. Көшпелі өркениет шаруашылық жағынан бірнеше құрамдас 
бөлігі бар жүйе ретінде өмір сүрген соң, олардың арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет