Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет21/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

айырбас 
дами 
бастады. Отырықшы мекендер қала дәрежесіне жетіп, көшпенділердің 
әкімшілік орталықтарына, сауданың орнына айнала бастады. Сөйтіп, Ұлы 
Далада керуен жолы, Ұлы Жібек жолы дамып қалыптасты. Көп салалы мен 
көп деңгейлі шаруашылық жүйесін бақылауда көшпенділерде тәжірибе бар 
болатын. Мыңдаған атты әскерге тек оны шеберлікпен басқаратын билік 
аппараты қажет болды. Салық төлеушілер тұрғындарына бейбітшілік пен 
қорған керек болды. Осы түйіскен жерде көшпенділер мемлекеттік 
бірлестіктер құра бастады (сипатына қарай, олар - тайпа одағы, ерте 
мемлекеттік бірлестіктер, империялық болып дамуына қарай негізделді). 
Осы жағдайда, көшпелілердің саяси тарихы, тіршілігі мен әлеуметтік 
үрдісінде маңызды рөл атқарып, қарқынмен дамыған 
соғыс ісі
еді. Сауыт-
саймандар, орташа және алыс қашықтықта қолданылатын соғыс қарулары 
пайда бола бастады. Олардың негізгі соғыс күші атты әскерлер еді. 
Көшпелілер бірлестігінің әскери шапқыншылықтарының салдарынан 
отырықшы елдерде көшпелілер әулетінің өкілдері мемлекет құрып басында 
отырды. Осы мәліметті Каутский былай деп баяндайды: « 
взаимодействия 
крестьян и номадов привели к тому, что номады подчинили крестьян себе и 
сделали их своими данниками. Кочевые племена соединили многочисленные 
общины и крестьянские области в одно целое, стали во главе этого 
общества, начали его эксплуатировать и перестали быть при этом 
кочевниками. Так были созданы первые государства». 
Мәселен, Парфияда 
көшпелілердің Аркашидтер әулеті, Бактрияда Кушан патшалығының 
қалыптасуына алып келді. 
Жоғарыда айтылғандай, шаруашылық байланыстың өрісі кең болды. 
Сауданың өзара айырбас, соның ішінде мал және жер өнімдері, қолөнер 
бұйымдары мен шикізат сату секілді түрлері өрістейді. Археологиялық және 
жазба деректердің тұжырымдары бойынша, көшпелі өркениет симбиоз 
ретінде ортақ экономикалық байланыс құрды және мұндай байланысты бұзу 
үлкен зардапқа ұшырау екені тарихқа белгілі. Отырықшылық тенденциясы 
мен урбанизацияның мәдени белгілеріне дейін көтерілуі көне заманнан 
бастап ортағасырдың соңына дейін созылды. Осыған сәйкес ортақ 
әлеуметтік-шаруашылық құрылымның шеңберінде нақтылы этносаяси негіз 
құрылды. Елдердің бірлесуі, яғни интеграция үрдісі өзіндік түркі 
мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасады. Қала мәдениеті тарала бастады. 
Мәселен, Орталық Азияға саяси ықпалын жүргізген Қарахандар мемлекеті 
осындай синтездің үлкен жетістіктерінің бірі еді. 
Сөйтіп, көшпенділер локальды мәдениеттердің көптеген түрлерін 
байланыстырып, әлемдік тарихтың конструкциясын жасады. Төрт мың жыл 
тарихы бар Орталық Азия көшпелі өркениетінің эволюциясы алты кезеңінен 
тұрады: 
ежелгі дәуірде
(б.д.д. XVIII ғ. мен б.д. V ғ. аралығы) – билік 


20 
институтының құрылуы, соның негізінде ежелгі мемлекеттік бірлестіктер 
пайда болды; 
орта ғасырда
(VI ғ. мен XIII ғ. басы аралығында) – ұйтқы 
күшіне айналды, құрылымдық интеграция биліктің конструктивті империя 
түрін жаратты; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет