«Эксперименталды психология» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Такырып 7. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті



бет21/39
Дата31.03.2022
өлшемі138,47 Kb.
#137487
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Практ зан Эксп псих

Такырып 7. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті
Эксперименталды зерттеуді өткізуде эмпирикалық мәлімет алуда әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Бірінші топқа, яғни активті әдістерге лабараториялық эксперимент пен оның бірнеше модификациясы, квазиэксперимент жатады. Ал екінші топқа- бақылау, клиникалық әдіс, іс- әрекет нәтижесін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялау зерттеу, архивтік әдіс т.б. жатады. Зерттеуші бірінші топтағы әдісті қолданып объектіге әсер ету арқылы процесті немесе құбылысты тудырады. Ал екінші топтағы әдісті қолданғанда зерттеуші табиғи процестің нәтижесін тіркеуге алумен шектеледі. Зерттеуші тікелей немесе кейбір әдістерді (сұрақ-жауап, тест т.б) қолдана отырып әрекетті тіркей алады. Сондай-ақ ол зерттеушіге әңгіме барысында немесе лабораториялық эксперименттегі зерттеуші құралдар (аспаптар, тапсырмалар т.б) көмегімен зерттелушінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып әсер ете алады. Бұл психологиялық эмпирикалық әдістердің «екінші өлшемі».
Бақылау да инструменталды болуы мүмкін. Мысалы видео, аудио, жазба және басқа аппараттармен жазып алушыларды қолданғанда. Экспериментте және өлшеу барысында сыналушы тапсырмаларды белсенді түрде орындайды, ал бақылау мен сұрақ жауап та оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи сипатта ұстайды. Тағыда бір маңызды критерий, ол – кроитерий жаңашыл методологиялық ғылымда түсіндірілгендей, идеалды зерттеу белгілері әдісіне сәйкес келуі.
Осы критерий бойынша зерттеуді ұйымдастыру әдістері мынадай түрде бөлінед:
1. Эсперименталды зерттеу, жүйелі бақылау және корреляционды зерттеу. Мұндағы негізгі айырмашылық, зерттеуші сыртқы ауыспалыларды бақылай отырып, негізгі ауыспалы лардың арасындағы коррекциялық немесе себепті байланысты орнатады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттала, бақылаанушы индивидтер мен зерттелуші топтарын таңдап алады, өз әрекеттерін нақты жүйелі түрде жоспарлайды.
2. Табиғи эксперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, жеке жағдайларды сипаттау әдісі т.б. Олар адам жүріс – тұрысының ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Ауыспалылардағы (тәуелді, тәуелсіз, сыртқы)бақылау тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, бірақ та күрделі техникаларды (бақылау картасы, аудио-видео аппаратуралар, тесттер және т.б )бақылауда қолданылуы мүмкін.
3. Квазиэксперимент - ауыспалыларға қатал бақылау қойылатын әдіс пен зерттеу жүргізуде табиғи әдістер арасындағы аралық. Оны көбіне (Ф.-Дж.Мак Гиган) жүйелі бақылау әдісімен теңестіріледі, яғни экспериментатор зерттеушіге әсер етпейді. Бірақ бұндай көзқарастар дәлелденбеген. Тағы да бір жағдай әсер теу табиғатта зерттеушіге тәуелсіз, табиғи жүруші ретінде анықталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эксперимент пен бақылау арсында айнымалы орын алатын зерттеуші әдісті байқаймыз.
Ф.Дж. Гиган эсперименталды әдістерге қарама – қарсы әдістерді көрсетеді:

  1. классикалық клиникалық әдіс.

  2. табиғи бақылау.

3. Сұрақнама
4. Архивтік әдіс
5. Корреляциялық байланыстарды орнату.
6. Квазиэксперимент
Ал, М.В. Мэтлин мынадай әдістерді көрсетеді.

  1. табиғи бақылау

  2. сұрақнама

3. корреляциялық байланыс
4. архивтік зерттеу
5. жеке жағдайларды зерттеу.
П.К. Козби экспериментке корреляциялық байланыс және эксперименталдылыққа дейінгі әдістер – сұрақнама, табиғи бақылау, табиғи экспериментті қарама – қарсы қояды.
Психологияда эксперименталды зерттеу басқа зерттеу әдістерінен өзгешелігі сол эспериментатор өзгеруге тәуелсіз нәрселерді өте күшті жағдайда манипулияциялайды. Эксперименталды зерттеуден басқа варианттары сыналушының негізгі және бақылау топтары болуымен сипатталады.
Эксперименталды емес зерттеуде барлық топ бірдей, сондықтан оларды бір – бірімен салыстыру жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет