13 тақырып. Коореляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері. Коррекциялық зерттеу теориясы К. Пирсонның еңбектерінде қарастырылыған, коррекциялы байланыс деген мағынаны береді. Ол екі немесе одан да көп білгелердің өйлесіп өзгеруі. Коррекциялық байланыс бір белгінің өзгеруі. Екіншісімен сәйкес өзгеру фактін бейнелейді.
Коррекциялық зерттеуді өткізу страгеиясы квадиэкспериментке ұқсас болады. Квази эксперименттен айырмашылығыобъектіге бағытталған әсер қарастырылмайды. Корреляциялық зерттеуді өткізудің жоспары қарапайым , зерттеуші индивидтің психикалық қасиеті, психикалық қалпы сияқты қасиеттерінің арасында статистикалық байланыс туралы болжам қояды.
Корреляциялық зерттеу дегеніміз-екі немесе одан да көп айнымалының арасында статистикалық болжамның расталуы немесе терістелуі. Психологияда айнымалы ретінде психикалық қалып қасиет, процестер қатыса алады. Егер бір айнымалыда өзгерін екіншісіне өтетін болса, онда айнымалылардың порреляциясы туралы айтуға болады. Екі айнымалының корреляциясы туралы олардың арасындағы себепті байланыс бар деп айта алмаймыз, бірақ олардың арасындағы болжамды теріс деп айтуға болады.
Екі өлшем арасындағы корреляциялық байланыстың бірнеше интерпретациясы қарастылырады.
1. Тікелей корреляциялық байланыс. Бір айнымалының
деңгейіне сәйкес болады. Мысалы, тұлғаның икемдігі мен бейісділігі әлеуметтік бағдардың өзгеруіне байланысты.
2. Корреляция үшінші айнымалыға шартталған. Екі айнымалы а
және с бір – бірімен үшінші в айнымалы арқылы байланысты.
3. Кездейсоқ корреляция ешқандай айнымалыға шартталмаған.
4. Таңдамалардың бір тексіздігіне шартталған.
Біз зерттеуге алып отырған таңдама біртекті екі топтан құралады. Мысалы, экстраверттілік деңгейі адамның жынысына байланысты ма деген мәселені қарастыратын болсақ бізде алып отырған екң топ бірі математик-ер адамдар, екіншісі журналист әйелдер. Онда біз зерттеу нәтижесінде интраверттілік деңгеің ерлерде жоғары деген көрсеткішке ие боламыз.
Егер бір айнымалының деңгейі екіншісінде өзгеріс әкелетін болса оны корреляция деп айтамыз. Егер олардың арасында нольдік корреляция болса, онда байланыс болмайды.
Психологиялық зерттеуді жоспарлаудың корреляциялық зерттеуге байланысты төрт түрі қарастырылады.
1. Көп өлшемді эксперимент тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың әсерін зерттеу үшін құрылады. Мұның нәтижесі күрделі компьтердік бағдарлама мен өңделеді.
2. Дифференциалды психологиялық эксперименті немесе индивидуалды психологиялық эксперимент. Бұл экперименттің мақсаты – бір ситуациядағы жүріс – тұрастың индивидуалды айырмашылықтарын анықтау. Дифференциалды психологиялық экспериментте қосымша айнымалылар негізгі болып табылады.
3. Кроссмәдени зерттеулер кез-келген зерттеу әртүрлі социомәдени жағдайда өскен индивидтердің жүріс-тұрысын салыстыру үшін өткізіледі.
4. Психогенетикалық зерттеулер –бұл салаларды зерттеуге қызығушылық басым болғандықтан оларды толығырақ қарастырамыз.
Кроссмәдени зерттеудің жоспарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады.