Ғалымдар, Г. Тэджфел, Дж. Тернер, М. Хогг. әлеуметтік бірегейлікті когнитивті әдіс шеңберінде қарастырып, ішкі топтық жетекші ұстанымдар және топаралық кемсіту түсініктерін жоғарғы орынға қояды.
Ағылшын психологы Г. Тэджфел топ ішіндегі өзара қатынастағы әлеуметтік бірегейлік теориясын, топ іс әрекеттерінің таптаурыны негізінде қарастырады. Ғалымның берге түсіндірмесі бойынша, әлеуметтік бірегейлік- тұлғаның қандай да бір әлеуметтік топтың мүшесі екендігін сезіне отыра, сол топқа тән ерекше құндылықтар және сезімдік ерекшеліктері бар екенін түйсіндіретін адамның өзіндік болмысының бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік бірегейліктің түрі ретіндегі ұлттық бірегейлік теориясы Тэджфел еңбектерінде, тұлға аралық және белгілі бір қауым өкілдері арасындағы деңгейдегі адамдардың өзара іс әрекеттерінен туындайтын әлеуметтік іс әрекеті деп беріледі.
Зерттеуші Дж. Тернер топ аралық іс әрекеттердегі бәсекелестік мәселесіне ерекше ден қояды, оның ойынша, топтар өзіндік іс әрекеттерін басқа топтарға қарағанда оң бағалау арқылы, әлеуметтік мәртебесін жоғары қояды.
Дж. Мид, тұлғаның өзіндік болмысының жан-жақтылығына әлеуметтік үдерістер ықпалын тигізеді, деп қарастыра отыра, тұлғаның өз ортасына сәйкес қалыптасатынын сипаттайтын әлеуметтік өзара іс әрекеттер шеңберінде, әлеуметтік бірегейлік табиғатын зерттеген.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік факторлардың ықпалын қарастыра отырып, төмендегідей анықтама береді: «Әлеуметтік болмыс — тұлғаның басқа да өз ортасындағы адамдармен араласуы барысында, тұлға санасында қалыптасқан көріністер». Аталған ғалым өз еңбектерінде тұлғаның болмысы, оның әлеуметтік қоршаған ортасына байланысты қалыптасатынын ерекше атайды.
Феномендік әлеуметтану шеңберінде (М. Хайдеггер, Т. Парсонс, П. Бергер, Т. Лукман) әлеуметтік бірегейлік, әлеуметтік үдерістердің жемісі ретінде қарастырылады. Т. Парсонс, тұлғаның бірегейлігінің қалыптасуын, оның әлеуметтік қоғамға бейімділігі мен кәсіптік икемдігімен байланыстырады. Мұнда, ең алдымен қоғам және жеке тұлға арасындағы өзара алмасу кәсіби салада, яғни тұлғаның қоғам дамуына үлесін қосып, ол арқылы жаңа табыстарға жетуі, еңбегіне лайықты бағалануы нәтижесінде көрініс береді, деп санайды.
П. Бергер және Т. Лукмандар бірегейлікті, тұлға мен қоғамның диалектикалық өзара байланысынан туындайтын құбылыс ретінде қарастыра отыра, бірегейлік түрлері қоғамның тарихи дамуының негізінде, яғни территориялық белгілері бойынша пайда болады деп тұжырымдайды.
М.Бернэл және Д.Найт, бірегейлік - ұлттық азшылыққа жататын тұлғаның маңызды бөлігі деп көрсете отыра, ол ұлттық топтарды және басым мәдениет ішіндегі олардың әлеуметтік байланыстарын қалыптастырудың факторы деп дәйектейді. Ғалымдардың пікірінше, этникалық бірегейлік- бұл қандай да бір ұлттық топқа өзінің қатысына, сол топқа жататындығына байланысты жеке – дара идеялардың жиынтығы.