«Әлеуметтану және саясаттану» пәні бойынша дәріс жинақтары-Шымкент: ОҚМУ, 2019



бет28/99
Дата04.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#130694
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
Байланысты:
социология лекция

4. Бірегейлік мәселесі ғылымдағы, тұлғаның ішкі дүниесіндегі өзегі-»Мен» болады деп болжамдайтын, «Мен» - тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл жердегі «Мен» - сана –сезім түсінігіне көбірек жанасатын, адамның өзі туралы, басқалар туралы ұғымдарынан туындайтын құбылыс.
Бірегейліктің екі деңгейін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – тұлғалық-психологиялық – адамның «Мен кіммін?» деген сұрақтарға жауап іздеуі. Ол тұлғаның, түрлі әлеуметтік топтарға қатысуынан туындайды. Бірегейліктің бұл деңгейі адамның қандай да бір топпен байланысын, өзінің осы топқа қатысын бағалауынан туындайды.
Екінші деңгей — әлеуметтік-психологиялық, тұлғаның әлеуметтік топтарға қатысын білдіреді. Адам өз тобын басқа да топтармен салыстыра отыра, оны бағалап, сол топтың мүддесі үшін қызмет етеді. Әлеуметтік – психологиялық бірегейліктің бір түрі ретінде ұлттық-әлеуметтік бірегейлік қарастырылады. Мұнда тұлға, өзінің белгілі бір ұлтқа тән екендігін сезінеді. Ұлттық бірегейлік тұлғаның өз таңдауы арқылы пайда болмай, тумысынан немесе бала кезінен қандай да бір ұлттық ортада тәрбиеленуінен туындайды.
Өмірге жаңа келген нәрестенің тұлғалық сипаты, оны қоршаған орта-ұлтының салт-дәстүрлеріне сәйкес қалыптасады. Тұлға өз ұлтының тілін, мәдениетін, әлеуметтік ұлттық нормаларын бойына сіңіреді. Мұндай тұлғаның ұлттық сезімі табиғи үйлесімде дамып, айналасындағы адамдармен және өзінің ішкі дүниесімен қайшылықта болмай дамиды.
Әлеуметтік бірегейлік түсінігінің келесі бір ережелері Үлкен психологиялық сөздікте, әлеуметтік бірегейлік әлеуметтік танымды ұйымдастырып, адамды осы топтарға жатқызуын білдіреді деп берілген.
Когнитивті немесе танымдық құрылым, адамның өз ұлттық тобы туралы жалпы білімдерін: өх халқының тарихи тағдырының ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын, материалдық және рухани мәдениетінің элементтерін (ұлттық киім, фольклор, ұлттық тағамдар), ұлттық таңбаларын ж.т.б. құрайды. Бұл білімдер, тұлға бойында өз ұлтының өкілдерімен ара-қатынасы барысында, дәстүрлі іс-шаралар мен мерекелерге қатысу барысында қалыптасады. Аффективті немесе сезімдік құрылым, адамның өз ұлтына деген қатысын, берілген топтың субъективті маңызын білдіреді. Осы қатынастар сипатынан ұлттық бірегейліктің оң және теріс түрлері анықталады: адам өз халқын мақтаныш тұтып, сол халықтың бір бөлігі екендігіне мақтаныш сезіммен қарауы немесе керісінше өз дәстүрлерінен жиреніп, өзінің шығу тегінен ұялуы, немқұрайлы қарауы жатады.
Аталған екі құрамдас бөліктерден үшінші- мінез-құлықтық құрылым қалыптасады. Ол, тұрмыстық және қоғамдық өмірден, қалыптасқан дәстүрден және іс-әрекеттерден көрініс табады.
Жалпы, бірегейліктің бағыттарын төмендегіше анықтауға болады:

Бірегейлік

Жеке тұлғалық

Әлеуметтік

Адамның, өзін қайталанбас, ерекше тұлға ретінде қабылдауы

Адамның, өзін белгілі бір топ өкілі екендігін сезінуі, сол топқа жататындығын сезінуі және ұлттық сана-сезімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет