№
|
Қадам
|
Әрекет алгоритмі және орындау критерилері
|
1.
|
Алғашқы қатынасты қалыптастыру
|
Науқаспен амандасу
Ӛзін таныстыру (ӛзінің есімін/есімі мен әкесінің атын айту)
|
2.
|
Қолайлы тұлғааралық қашықтықты орнату/тұлғааралық қашықтықты таңдау және сақтау
|
Кем дегенде 45см және 1,20 м-ден кӛп емес қашықтықта отыру
Кӛзбен қатынас қалыптастыру
|
3.
|
Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы хабарлау
|
Емшараларды кімнің тағайындағанын және қандай мақсатта (диагностика, емдеу, сақтандыру, операцияға дайындық) екендігін хабарлау;
Емшаралар қашан және қайда болады, емшараның ұзақтығы қанша;
Қосымша дайындық қажет етіле ме.
|
4.
|
Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы науқастың ақпараттану деңгейін білу
|
Бұрын осыған ұқсас емшаралар тағайындалды ма (егер тағайындалса – асқынулар болды ма, жағдайының нашарлауы/жақсаруы байқалды ма, емшарадан кейін қалаған тиімділікке қол жетті ме);
Әңгімелесу сәтінде науқастың емшараға дайындық деңгейін нақтылау.
|
5.
|
Медициналық манипуляцияны ӛткізу тәртібін түсіндіру; емшараны ӛткізудің қажеттілігіне және оның қауіпсіздігіне науқастың кӛзін жеткізу
|
Емшара қандай түрде ӛтеді (осы үшін не қолданылады, қандай препараттар және әдістер, қанша уақыт алады);
Емшара кезінде науқаста мүмкін болатын жағдайлар туралы айту (ауырсыну, жайсыздық, жүрегі айну, құсу, күйдіру сезімі) және осы кезде ӛзін қалай ұстауы туралы кеңес беру;
Емшараны ӛткізу реттілігін және манипуляция кезінде ӛзін қалай ұстау керектігін түсіндіру;
Емшараның қажеттілігін және қауіпсіздігін айту.
|
6.
|
Емшараны ӛтуге науқастың дайын екендігіне кӛз жеткізу.
|
Алда болатын емшара туралы сұрақтары бар ма соны сұрау;
Туындаған сұрақтарға дұрыс жауап беру;
Алынған ақпараттар туралы науқастың қысқаша айтып беруін ӛтіну;
Қиналған жағдайда емшараның негізгі сәттерін қайтадан түсіндіру;
|
7.
|
Жағымды психологиялық қатынас орнату
|
Сабырлы мінез-құлық, жағымды нәтиже болатынына сенімділік ұялату және ақжарқын кӛңіл күй.
|
8.
|
Оңтайлы вербалдық емес (қимыл, ишара) және вербалдық (сӛзбен) қатынас белгілерін қолдану
|
Даусының тембрі байыпты, дене қалпы, бір сарынды қимылдар, қолдау/жан ашу белгілері.
|
9.
|
Ақпараттарды түсіндіру анықтығы.
|
Сауаттылық, дәйектілік, сӛйлеуінің логикалығы;
Күрделі медициналық терминдерді, екіұштылық пен белгісіздікті қолданудан аулақ болу.
|
10.
|
Әңгімелесуді аяқтау
|
Әңгімелесуге белсенді түрде қатысқаны үшін науқасты мақтау;
Науқастың эмоциялық тұрғыдан дайындығын бағалау;
Емшараны ӛткізуге ақпараттық келісім алу.
|