116
can stop Gennady Golovkin, not even a punch to the face
» (TWP. –
27.07.2014), «
Runyonesque Flurry Spans Two Arenas
» (TNYT. –
22.07.2014).
Көріп
отырғанымыздай,
ана
тіліміздегі
газеттердің
тақырыпаттары көбіне۔көп атаулы сөйлемдер түрінде не
мақала
атауына бейнелілік сыйлайтын әдеби۔көркем сөздерді пайдалана отыра
құрылса, ресейлік публицистикалық тақырыпаттар «кім не істеді»
үлгісі бойынша ақпаратты қарапайым түрде жеткізумен шектелген.
Америкалық тілшілер болса, шетелдік боксшының жеңістерін
сипаттауда мәрттік танытып, мақала атауының грамматикалық
құрылымына баса назар аудара отыра,
гипербола және бейнелілік
тәсілдерін қолданған.
«Әлемнің тілдік бейнесі барлық қоғамға тән дәстүрлі тілдік
элементтерді (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер т.б) ғана емес,
дәстүрлі емес идеолектикалық құрылымдар және қоршаған әлем
жайлы түрлі салалардан келіп түсетін экстралингвистикалық
фактілерді де бейнелейді» [171, 290].
Бір тілдегі әлем көрінісінің өзіндік ерекшелігі, әсіресе, сол ұлтқа
тән өзіндік салт-дәстүр, өзге халықтардан бірегейлендіріп тұратын төл
мәдениетінің нақыштары негізінде көп орын алады. Мысалы,
«Петропавлда «Ана үйі» қорының тұсауы кесілді» (ЕҚ. – 18.12.2014)
деген мақала атауындағы «тұсау» деген сөзді, айталық,
шетелдік
азаматтар ат, түйе т.б. мініс көліктің алысқа ұзап кетпеуі үшін аяғына
салынатын қайыстан, жіптен істелген әбзел ретінде түсінуі мүмкін,
бірақ қазақ халқының (және онымен туыстас халықтардың)
мәдениетінде ғана «тұсау кесу» деген салт-дәстүр, яғни сәби қаз
тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен, жүріс-тұрысы ширақ
әйелге алдын ала дайындатқан ала жіппен баланың аяғын тұсап,
қидыратын кәделі ғұрып, ырымның барын білуі екіталай. Ал шын
мәнінде бұл салт-жораның қазақ танымына сіңісіп кеткендігі сонша –
жаңа ғана өз қызметін бастаған не
енді ашылған кәсіпорын, зауыт
және басқа да мекемелер жайлы сөз еткенде де, аталған
тақырыпаттағыдай, осы сөз тіркесін қолдану машыққа айналған.
«Қалдық та кәдеге асады» (ЕҚ. – 23.12.2014) және «Петропавлда
«жеңгетайлар»
ұсталды»
(ЕҚ.
–
07.12.2014)
деген
мақала
тақырыпаттарында да төл мәдениетімізге тән сарындарды байқауымызға
болады. Осындағы «кәде» ұғымы тұрмыс-салтқа байланысты
жасалатын сый-сияпат түріндегі
ырым-жоралар тобын қамтыса,
«кәдеге жарату/асыру» деген сөз тіркесі халық санасында «бір
керегіне жарады, қажетін асырды» деген мағынады кең қолданысқа ие.
Ал «жеңгетай» деп қазақ халқының дәстүрлі қоғамында қыз бен
117
жігіттің арасында дәнекерлік жасаушы, әдетте, әйел адамды атаса,
уақыт өтіп, заман өзгерген сайын қоғамда жаңадан пайда болған
әрекет – жезөкшелікпен айналысуға арналған топтар мен арнайы
орындарды
ұйымдастырып, зинақорлық жасаушы адамдарды өзара
кездестіретін және сол арқылы пайда табатын адамдарды да осы
сөздің астарлы мағынасымен атап кеткен. Осы сияқты сөздер бір
қарағанда күнделікті қолданыстағы тілдік бірліктер болып көрінсе де,
ана тіліміздің, қазақ мәдениетінің өзіндік ойлау жүйесінен, оның
санасындағы әлем бейнесінен көрініс беріп тұрғаны анық.
Қазақ халқы ежелден жаз жайлауға,
қыс қыстауға көшіп, ат
үстіндегі көшпелі де жауынгерлік өмір салтын ұстанған халық екені
белгілі. Осыған орай тіліміздің лексикалық қабаттарында төрт-түлікке,
әсіресе жылқы малына байланысты, көшпенділікке байланысты
ұғымдар ұлан-ғайыр. Сөздік қорымыздың осындай байлығын ақын-
жазушылар да, публицист тілшілер де өз шығармаларында жиі
қолданады. Мысалы: «
Жігіттің де азаматы, аттың да қазанаты
бар
» (ЕҚ. – 23.12.2014) («қазанат» – дене бітімі ірі, ұзақ жолға
шыдамды, мықты ат), «
Қайта түлеген кешен
» (ЕҚ. – 19.12.2014)
(«түлеу» – көктем кезінде жан-жануардың жүнінің не қауырсынының
түсуі; ауыспалы мағынада – жаңару, жандану); «
Көптеген мәселенің
Достарыңызбен бөлісу: