Газет тақырыпаттарының табиғатына тән танымдық сипат
1) Публицистикалық тақырыпаттардағы әлемнің тілдік
бейнесі
Ғаламдық тіл білімінде соңғы кезде ғалымдар тарапынан ерекше
назар аударылып жүрген мәселелердің бірі – әлемнің тілдік бейнесі.
«Әлем көрінісі» деген терминнің өзін тұңғыш рет «Логика-
философиялық трактат» атты еңбегінде Людвиг Витгенштейн
қолданған, десе де тіл мен ойлаудың өзара байланысты арақатынасы
жайлы алғашқылардың бірі болып неміс ғалымы Вильгельм фон
Гумбольдт атап көрсеткен болатын. Ғалым тілді тірі ағзамен тығыз
байланыста қарап, оны ойды қалыптастырушы мүше ретінде таныған.
«Егер ойлау ішкі жан дүниелік, таза рухани әрекет болса, ол дыбыс
пен сөйлеудің арқасында ғана сыртқы әлемге, сезімдерге жетімді
болады. Ойлау әрдайым дыбыстаумен, сөйлеумен тығыз байланысты,
әйтпеген жағдайда ой өзінің айқындығына жете алмай, ойдағы түсінік
шынайы ұғымға айнала алмайды» [159, 112]. Ол осы пікірін
тұжырымдай келе: «тіл ойлаудың міндетті алғышарты болып
табылады» деген қорытындыға келеді. Тағы бір еңбегінде неміс
ойшылы: «Әрбір тілде өзіндік дүниетаным жатыр. Жекелей дыбыстар
зат пен адам арасында қандай қызмет атқарса, сол сияқты жалпы тіл
де адамзат пен табиғат арасында оған іштей және сырттай әсер етуші
қызмет атқарады. <...> Әрбір тіл өзіне тиесілі халықтың айналасына
көрінбейтін шеңбер сызады және жеке тұлға өзге тілді меңгеру
арқылы ғана осы шеңбер шегінен шыға алады» [160, 97], – деп атап
өткен.
Ғалымның бұл тұжырымы кейін әлемнің тілші мамандары
тарапынан көп талқыланып, өз жалғасын тапты. Америкалық қос
лингвист – Б.Л. Уорф және Э. Сепир осы пікірдің негізінде
XX ғасырдың 30-шы жылдары «Сепир-Уорф тұжырымы» атанып
кеткет теориясын ұсынады. Э. Сепир: «Адамзат қоршаған заттар мен
құбылыстардың объективті әлемінде ғана емес, өздері сөйлейтін
тілдерінің тікелей ықпалындағы кеңістікте де өмір сүреді. Біз тілдің
көмегінсіз-ақ шындық болмысты толықтай тани аламыз немесе тіл
сөйлеу және ойлау әрекеттерінің кейбір мәселелерін шешудегі
қосалқы, екінші реттік құрал болып табылады деуіміз қате болады.
Асылы «шындық болмыс» көп жағдайда осы қоғамдағы тілдік
нормалардың негізінде құрылады. Біздің өзімізді қоршаған әлемді
басқаша емес, дәл осылай көріп, естіп, қабылдауымыз қоғамымыздағы
тілдік әдет-дағдыларымызға байланысты» [161, 103]. Бенджамин Ли
Уорф та бұл пікірді әрі қарай жалғастырып, бензин зауытында өзі куә
болған
мынадай
жағдаймен
бөліседі:
«Бензин
цистерналары
108
орналасқан қоймалардың жанында адамдар өздерін сәйкесінше
ұстайды: сақтықпен, жан-жағына мұқият қарап жүрсе, «Бос бензин
цистерналары» деген жазуы бар қоймалардың қасында олай емес.
Мұнда адамдар соншалық абайлағыш емес: олар шылым шегіп, тіпті
темекі тұқылдарын жерге лақтыра алады. Бірақ, шын мәнінде, бұл
«бос» цистерналар алғашқыларына қарағанда анағұрлым қауіпті
болуы мүмкін, себебі онда жарылғыш қасиетке ие буланғыш заттар
бар. Шынайы қауіпті жағдайда лингвистикалық анализ «бос», яғни
қандай болмасын қауіптің жоғын білдіретін сөзге негізделеді» [162,
148]. Қос ғалымның бұл тұжырымы лингвистикалық детерминизм
және лингвистикалық салыстырмалылық принциптеріне негізделген.
Бірінші принципке сүйенсек, тіл оны тасымалдаушы адамдардың
ойлау жүйесін анықтайды, ал лингвистикалық салыстырмалылық
қағидасына сай бір тілдегі вербалды өзгешеліктер олардың екінші
тілде де барын білдірмейді. Қарапайым тілде айтар болсақ, қазақтар
француз не испандықтар сияқты ойламайды, өйткені олардың сөйлеу
және ойлау тілі басқа. Осылайша, Сепир-Уорф тұжырымы тіл ойды
жеткізуші құрал ғана емес, олардың қалыптасуына және әлем
бойынша әртүрлі халықтар дүниетанымының әр басқа болуының
негізі болып табылатындығын көрсетті.
Ал «әлемнің тілдік бейнесі» деген терминнің өзін неміс тілшісі
Лео Вайсгербер енгізген болатын, ол «әр тілде оны тасымалдаушының
әлемге деген өзіндік көзқарасы ұсынылғандығын» [163, 141] атап
көрсеткен.
Ф. Боастың эскимос тілдерінде қарды білдіретін ұғымдардың
өте көп екендігі, ал Африка елдерінде мұндай сөздер жоқтың қасы
екендігін атап өткен зерттеуі немесе Финляндия, Швеция мен
Норвегиядағы саам тілдеріне арналған зерттеулерде көрсетілгендей,
ондағы бұғымен байланысты мыңға жуық сөздің бары – халықтың
ойлау жүйесі оның тілімен тікелей байланыстылығын айқындайтын
бірден۔бір дәлел.
Израилдік тілші Гай Дойчер осы тақырып төңірегінде өзінен
бұрынғы ғалымдардың зерттеулерін саралай келе, өзінің «Through the
language glass» атты еңбегінде тіл мен мәдениеттің тығыз байланысына
назар аударады. Ғалым орыс мәдениетінде «көк» («синий») және
«көгілдір» («голубой») түстерінің ұғымы барын атап көрсетеді, ал
ағылшын тілінде мұның барлығы бір ғана «blue» («көк») сөзімен
белгіленіп, көгілдір көк түстің бір реңкі болып есептелетіндігіне назар
аударады. Іс жүзінде бұл екі түс спектр толқындарының ұзындықтары
бойынша, шын мәнінде де, ажыратылады [164, 178]. Дегенмен,
халықтың ойлау жүйесі мен танымы оның тілінің лексикалық
қабатында осылайша көрініс тапқан.
109
Қазақ мәдениетінде де осы түстерге байланысты мынадай бір
ерекшелікті байқауымызға болады: мұнда «көк» және «көгілдір»
концептілері болса да, алғашқысы жиірек қолданылып, екіншісінің
орнына да жүре береді. Бірақ көкті ешқашан көгілдір деп атамаймыз.
Одан басқа қазақ мәдениетінде жасыл түсті көк деп атау да кездеседі.
Жайлаудағы жасыл шөп алыстан қарағанда көк болып көрінетіндіктен,
осы ұғымды қатар пайдаланып, шөп шыққанда «көк шықты» деп
атаудың өзі – тіл мен мәдениеттің тығыз байланысының бірден-бір
көрсеткіші.
Әлемнің тілдік бейнесі, тіл мен ойлаудың арақатынасы жайлы
атап өтуге тұрарлық тағы бір еңбек – Лера Бородицкидің «How
language shapes thought» мақаласы. Ғалым тіл біздің қоршаған әлемді
тануымызға әсер етеді деген тұжырымды ұсына отыра, өзінің зерттеу
тәжірибелерімен бөліседі. Ол Солтүстік Австралиядағы Кейп-Йорк
түбегінің батысында Пормпуроу («pormpuraaw») деп аталатын
аборигендер мекенінде бес жасар қызбен әңгіме барысында оған
солтүстіктің қай жақта екенін көрсетуді сұрағанда, ол мұны еш
қиындықсыз әрі дәл көрсеткен. Автор мұны бірнеше рет әртүрлі
жерлерде (ашық кеңістік болсын, жабық болсын) сұраса да, қыз дұрыс
бағдарды ойланбастан дәл анықтап отырған. Біраз уақыттан соң ғалым
ғұлама ойшылдар, ғылыми жетістіктері үшін түрлі сыйлықтар алған
ғалымдар отырған Стэнфорд университетінің дәрісханасында бұл
сұрақты қайта қойып, отырғандарды көзін жауып (өзгелердің жауабын
көрмей, өздері шынайы жауап беруі үшін), солтүстіктің қайда екенін
көрсетулерін
сұрайды.
Көбі
бұл
сұрақтың
жауабын
мүлде
білмегендіктен, бірден бас тартады, қалғандары біраз ойланып, әркім
әр басқа бағытты көрсетеді. Л. Бородицки бұл тәжірибені Гарвард,
Пристон, Мәскеу, Лондон және Бейжің қалаларында қайталаса да,
нәтиже осындай болып қала берді. Ғалым «Бес жасар қыздың
көптеген ғалымдардан асып түскені қалай?» деген сұрақтың жауабын
табу мақсатымен тарихқа көз жүгіртіп, жоғарыда атап өткен Сепир-
Уорф теориясын негізге алады.
«Әлемде 7 мыңнан аса тіл бар, олардың әрқайсысы өзіне тән
тілдік орамдарды қажет етеді. Айталық, мен «42-көшедегі Ваня ағай»
фильмін көрдім» дегім келеді. Папуа-Жаңа Гвинеядағы миан тілінде
тыңдаушы менің етістікті қандай тұлғада қолдануыма қарап, фильмді
жаңа ғана, кеше не одан бұрын тамашалағанымды анықтай алады.
Индонезия тілінде, керісінше, етістік конструкциясына қарап, мен оны
көрдім бе әлде жаңа ғана көруді жоспарлап отырғаным түсініксіз
болады. Орыс тілінде осы етістікке сай менің жынысым айқындалса,
қытай тілінің мандарин говорында мен ағайдың анам не әкем жағынан
110
екендігін, сондай-ақ ол қан бойынша туыс па әлде неке бойынша туыс
па екенін анықтап көрсетуім керек – мұнда осылардың әрқайсысына
өзіндік ұғымдар бар. Ал пираха тілінде (Амазонканың бір саласында
мекен ететін кішігірім тайпаның тілі) мен тіпті «42-көше» деп айта
алмас едім: мұнда сан есімдер мүлде жоқ, тек «көп» және «аз» деген
түсініктер қалыптасқан.
Пормпуроуға қайта оралсақ, мұндағы тайоре (куук-тайоре)
тілінде «сол» және «оң» сияқты кеңістік түсініктері жоқ. Олардың
орнына абсолютті бағыттар – солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс
ұғымдары қолданылады. Ағылшын тілінде де мұндай түсініктер болса
да, олар тек ғаламдық бағыттар үшін қолданылады. Біз ешқашан да
«шаңышқы қасықтан оңтүстік-шығыста орналасқан» деп айтпаймыз.
Тайоре тілінде, керісінше, абсолютті бағыттар барлық жағдайда
қолданылады: мұнда, мысалға, «кесе тәрелкеден оңтүстік-шығыста
орналасқан» немесе «Мэриден оңтүстікте тұрған бала – менің ағам»
деп айтуға болады» [165, 63].
С. Левинсон мұндай абсолюттік бағыт-бағдарларды қолданатын
тілдерді «абсолютті тілдер», ал «сол» және «оң» сынды ұғымдарды
пайдаланатын өзге тілдерді «салыстырмалы тілдер» деп атауды
ұсынған [166, 314]. Аталған ғалымның және Калифорния университетінің
ғалымы Джон Хэвилендтің соңғы ғылыми еңбектері абсолютті
тілдерді тасымалдаушылар кеңістікте, соның ішінде танымайтын жаңа
жерлерде де, бағыт-бағдарды жақсы біліп, жөн таба алатындығын
көрсетеді. Олардың бұл қасиеті тіпті бір жерде тұрақтайтын өзге тілде
сөйлейтін адамдардан гөрі жақсы дамыған. Мұндай таңғажайып
қабілеттер тіл ерекшеліктеріне сәйкес қалыптасуы ықтимал.
Лера Бородицки кеңістікті қабылдаудағы ерекшеліктер уақытты
қабылдауға да ықпал ететіндігін дәлелдеу үшін Калифорния
университетіндегі әріптесі Элис Гэбимен бірге тағы бір тәжірибе
өткізеді. Олар тайоре тілінде сөйлейтін адамдардың алдына әртүрлі
уақытта өтетін оқиғалар – ер жетіп бара жатқан адам, өсіп келе жатқан
қолтырауын және желініп жатқан банан бейнеленген суреттерді
қойып, оларды белгілі бір уақыттық реттілікпен орналастыруды
сұрайды.
Әрбір адам түрлі жерлерде жайғасып, бұл әрекетті екі рет
жасайды. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар – суреттерді солдан
оңға қарай, ивритте сөйлейтіндер оңнан солға қарай орналастырады.
Осыдан жазу ерекшелігі уақыт құрылымы жайлы түсініктерімізді де
анықтайтындығын байқауымызға болады. Тайоре тілінде сөйлеушілерге
келер болсақ, олар суреттерді шығыстан батысқа қарай орналастырды.
Егер олар оңтүстікке қарап отырса, карточкаларды шығыстан батысқа
111
қарай; солтүстікке қарап отырса – оңнан солға қарай; шығысқа қарап
жайғасса – өзіне қарай, батысқа қараса – өзінен кері, жоғары бағытта
орналастырған. Тәжірибеге қатысушылардың ешқайсысына тұс
бағдарлары айтылмаса да, олар оны өз түйсіктерімен сезініп,
тапсырманы соған сай орындаған.
Уақытты қабылдаудағы өзгешеліктер басқа мәдениеттерде де
кездеседі. Ағылшын тілінде, қазақ тілінде сияқты, болашақ алда, ал
өткен шақ артта деп айтатындығы белгілі. Ғалым 2010 жылы Линден
Майлс бастаған бір топ ғалымның тәжірибесін мысалға келтіреді:
олардың зерттеуіне сүйенсек, ағылшындар болашақ жайлы айтқанда,
түйсікті түрде алға қарай, өткен нәрсе жайлы айтқанда, артқа қарай
еңкейетіндігін байқаған. Алайда Анд тұрғындары сөйлейтін аймара
тілінде керісінше: болашақ – артта, ал өткен шақ – алда. Сәйкесінше,
аймара тілінде сөйлейтін адамдар әңгіме барысында өткен-кеткен
жайлы айтса – алға, келешек туралы сөз еткенде алға қарай еңкейеді.
Л. Бородицки өзінің еңбегінде әртүрлі тілдерде сөйлейтін
халықтардың бір оқиғаны әр басқа сипаттап, сәйкесінше, түрлі
нұсқаларда есте сақтайтындығын алға тартады. Мысал ретінде автор
баршаға белгілі оқиға – АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик
Чейни аң аулауға шыққанда, құстың орнына абайсызда жолдасы Гарри
Уиттингтонды жаралап алғандығы туралы айтады. Бұл оқиғаны
әртүрлі баяндауға болады. Егер «Чейни Уиттингтонды жаралады»
десек, бұл бұрынғы вице-президенттің кінәсін ашық көрсетеді; ал
«Уиттингтон Чейни тарапынан жарақат алды» дейтін болсақ, бұл
сөйлем Чейниді оқиғадан біраз алыстататын сияқты. «Уиттингтон
жараланды» деп, Чейниді мүлде оқиғадан тыс қалдыруға да болады.
Бұл жайлы Чейнидің өзі айтқан сөзіне назар аударайықшы: «Түптің
түбінде Гарриді жаралаған оқ атылған мылтықтың шүріппесін басқан
адам менмін». Осындай сөзі арқылы Чейни өзін бұл оқиғадан ұзын-
сонар оқиға желісімен ажыратқандай болады. Ал сол кездегі АҚШ-
тың бұрынғы президенті Джордж Буш одан да бетер қу
тұжырымдаманы алға тартады: «Ол (Чейни) құс қанаттарының даусын
естіп, бұрылып, оқ атқан кезде, досының жараланғанын байқады»,
осылайша ол бір сөйлем арқылы Чейниді айыптыдан жай ғана
куәгерге айналдыра білді.
Америкада,
әсіресе
осы
сынды
саяси
сипаттағы
сөз
орамдарында жалтарушылық, екі ойлылық сынды қасиеттер жиі
кездеседі. Ағылшындар болса, белгілі бір тұлғаның осы оқиғадағы
ролін ашық айтуды ұнатады, мысалы: «Джон құмыраны сындырды».
Жапондықтар мен испандықтар, керісінше, «құмыра сынды» деген
сияқты «агентсіз» құрылымдарды пайдалануды жөн көреді.
112
Ғалым тілдік ерекшеліктер оқиғаларды есте сақтауға да, қайта
қалпына келтіруге де өз ықпалын тигізетіндігін мынадай тәжірибе
арқылы анықтады: ағылшын, испан және жапон тілінде сөйлеушілердің
назарына екі бейнебаян ұсынылды. Олардың бірінде екі адам әуе
шарлары мен жұмыртқаларды әдейі жарып, түрлі сұйықтықтарды
төксе, екіншісінде мұны жазатайым жасағандай болды. Бейнебаянды
тамашалағаннан кейін көрермендерден оқиғадағы кінәлі адамдарды
еске түсіруді сұрады. Бұл әрекетті қасақана жасаған адамдар жайлы
үш тілде сөйлейтін көрермендердің барлығы «Шарды жарған ол»
деген сынды агентті құрылымдарды пайдаланды. Ал жазатайым оқиға
жайлы сөз еткенде, испан және жапон тілінде сөйлейтін адамдар
ағылшындарға қарағанда, агентті құрылымдарды сирек қолданып,
айыпкерді есте сақтай қоймаған. Алайда олардың жалпы есте сақтау
қабілеті ағылшын тілін тасымалдаушылардан кем емес. Демек, тілдік
ерекшеліктер сол тілді тасымалдаушылардың оқиғаны қалай
қабылдап, есте сақтауына да тікелей әсер етеді.
Тіл есте сақтаумен қатар білім алуға да ықпал жасайды. Тіпті
оның танымдық қыры да бар: 1983 жылы Мичиган университетінің
зерттеушісі Александр Гиора ана тілдері иврит, ағылшын және фин
тілдері болып табылатын балалардың үш тобын салыстырды. Иврит
тілінде сөйлеу кезінде жынысты белгілеу өте кең таралған («сен»
есімдігінің өзі әңгімелесуші адамның жынысына байланысты
түрленеді), фин тілінде ол анағұрлым сирек қолданылса, ағылшын тілі
бұл екеуінің арасындағы аралық сипатқа ие. Зерттеу нәтижелері иврит
тілінде сөйлейтін қоғамда өскен балалар өзінің жыныстық тиістілігін
фин тілінде сөйлейтіндерге қарағанда бір жыл ерте түсінген, ал
ағылшындар бұл екеуінің арасында орын тепкендігін көрсетті [165, 64].
Л. Бородицкидің бұл зерттеулерінен тілдің ойлауға ғана емес,
сонымен қатар есте сақтау, білім алу қабілеттеріне, танымдық
әрекетке де ықпал жасап қоршаған әлемді тануға өз әсерін тигізбей
қоймайтындығына көз жеткіземіз.
Бізді қоршаған әлем барлық ғаламшар тұрғындары үшін, шын
мәнінде, бір болса да, оның санадағы бейнесі әр әлеуметтік топта әр
басқа, өзгелерге ұқсамайды. Мұндай өзгешеліктер, ең алдымен, әр
этностың өзіне тән тілі, мәдениеті мен ұлттық мұрасына байланысты.
Бір ұлтты екіншісінен ерекшелендіріп, бірегей ететіндер де – осылар.
Осылайша тілді қоршаған әлемді зерттеп, жаңа көкжиектерді ашатын
«құрал» ретінде қарастыруға болады. Осындай «құралдарды» мейлінше
көп меңгеріп, игеру соншалық көп жаңалықтарға әкелетіні де хақ.
Кейбір ғалымдар әлемнің тілдік бейнесі аңғал болып келетіндігін
алға тартады, себебі ол ғылыми көзқарастан алшақ болады. Дегенмен
113
де бұл екі бейне бір-бірімен сыйыса алмайды деуге келмейді. Мысал
ретінде «нан» деген сөзді алайық. Қарапайым тілде оған «Бидай
ұнына ашытқы салып, су қосып илеген қамыр» деп түсінік беруге
болады. Нақтырақ және біршама ғылыми түсінігі: «Ашытқан
қамырдан пешке пісірілген төртбұрыш, домалақ пішіндегі құрамында
күш-қуат беретін дәрумендері көп тағам». Алайда қазақи танымда ол
«құраннан да қасиеті жоғары саналатын, ас атаулының атасы,
негізгісі» болып есептелетін қосалқы мәнге ие. Оны халық арасында
кең тараған мына бір сөзден де байқауға болады: «Құран биікте тұрып,
оның біреуін алу керек болса, Құранды басып тұрып нанды алуға
болады, ал нанды басып тұрып Құранды алуға болмайды». Қарап
отырсақ, осы тұжырымдардың барлығы да шынайы әрі бір-бірімен
өзара бірлікте, қатар өмір сүре алады.
Ғалымдар әлемнің тілдік бейнесінен басқа концептуалды
бейнесі де болатынын атап көрсетеді. Адамды қоршаған әлемнің
бүтіндей көрінісін беретін бейне концептуалды болып есептеледі. Ол
адам санасының негізінде жатады. Әртүрлі адамдардың санасындағы
әлемнің концептуалды бейнелері олардың әлеуметтік/жас топтары,
өмір сүру кезеңдері, фондық білімдері және басқа да факторларға
байланысты
ерекшеленуі
мүмкін.
Тілдік
бейнеге
қарағанда
концептуалды бейне нақты жеке адамның санасында өмір сүреді. Онда
жалпыадамзаттық
индивидуалдымен,
ұлттық
сипаттағы
жеке
бастымен қатар өмір сүреді.
Тіл өзінің негізгі қызметтерін осы әлемнің концептуалды
бейнесімен тығыз байланысты болғандықтан да атқарып келеді.
Әлемнің тілдік бейнесіне тән тағы бір ерекшелік – оның екі
жақты табиғаты: ол адамдардың жүріс-тұрысы, танымы мен өзіндік
ерекшелігін тікелей белгілейтін қоршаған орта мен жалпы өмір
жағдайларынан көрініс берсе, екінші жағынан, адамның қоршаған
әлемді тануы дәл осы тіл арқылы жүреді және ол, өз кезегінде,
адамның ойлау жүйесін күн ілгері анықтайды. Бұл тарапта Жан Поль
Сартрдің әйгілі «Мен тіл арқылы өзіме әлемді ашқандықтан, ұзақ
уақытқа дейін тілді әлем деп қабылдадым» [167, 103] деген сөзін еске
түсірмей қою мүмкін емес.
Ю.Н. Караулов, Б.А. Серебренников, В.И. Постовалова,
В.Н. Телия, Г.В. Колшанский, Ю.С.Степанов және т.б. бір топ ресейлік
ғалым әлемнің тілдік және концептуалды бейнелерін бөліп жарып,
екеуін бір-біріне қарсы қояды. Осы ретте А.А. Залевская әлемнің
тілдік бейнесі концептуалды бейнені толықтай баса алмайтындығын,
тек оның белгілі бір бөлігінен көрініс беретіндігін алға тартады. Дәл
осы пікірді Е.С. Кубрякованың еңбектерінен де байқауымызға болады.
114
Ғалым тілдік бейненің концептуалды көріністің бір құрамдас бөлігі
екендігін айта келе: «Әлемнің тілдік бейнесі адам санасындағы
концептуалды бейненің маңызды құрамдас бөлігі, яғни бір бүтін
болып біріккен және коршаған ғаламды тануда кейінгі бағыт-бағдар
беретін жеке тұлғаның әлем жайлы білімдері мен түсініктерінің
жиынтығы ретінде қарастырылады» [168, 144] деген тұжырым ұсынады.
Өзге ғалымдарға қарағанда В.В.Морковкин әлемнің тілдік және
концептуалды бейнелерін біріне-бірі қарсы қою дұрыс емес екендігін
айтып, оны «бұл терминдердің әртүрлі бағыттылығымен» дәлелдейді.
«Әлемнің тілдік бейнесі» термині ғалам көрінісінің иесі тіл болып
табылатындығын, ал «әлемнің концептуалды бейнесі» термині
талқыланып отырған гносеологиялық объектінің қандай элементтерден
құралғандығын көрсететінін» [169, 320] алға тартады.
Дегенмен әлемнің бұл екі бейнесінің аражігін ашып, бөліп
көрсету дүниежүзі бойынша тілші мамандарға қиындық тудырып
отырған мәселе болып табылады. Қайткен күнде де, әлем бейнесі
қоршаған ортаның адам санасындағы көрінісі, оның ғалам жайлы
түсінігі болса, әлемнің тілдік көрінісі дәл осы ақпараттың белгілі бір
тілде «сүзгіден өтіп», тұрақтаған түрі болып табылады. Әлемнің
концептуалды болсын, тілдік бейнелерінің болсын иесі, тасымалдаушысы –
жеке тілдік тұлға (адам) не тілдік қауым (қоғам).
Шынайы болмыс пен оның адам санасындағы тілдік көрінісі
арасындағы күрделі қатынастарды жеке тұлғаның дүниені тану әрекеті
адасушылық пен қателіктерден сақталмағандығынан-ақ байқауға
болады. Және егер концептуалды түсінік қарқынды түрде дамып,
жаңарып отырса, әлемнің тілдік бейнесі бұл мұраны ұзақ уақыт бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Қазіргі күнге дейін тіліміздің сөздік
құрамында орын алып келе жатқан «күн шықты», «жұлдыз құлады»
немесе «жұлдыз ағып түсті», «жаз шықты» деген сынды сөз тіркестері –
осының дәлелі.
Көріп отырғанымыздай, жеке тұлға әлем жайлы мәліметтерді
түрлі арналардан алады. Ал әлемнің тілдік бейнесі ана тілінің тілдік
бірліктері мен формалары арқылы алынған білімге негізделеді. Десе
де біз жоғарыда атап өткен тілдік көріністің екі жақты табиғаты
жайлы ұмытпауымыз керек: жеке тұлғаның ақпараттық «жүгі» белгілі
деңгейде оның тілімен белгіленеді.
Бұл жайлы ғалым В.А. Маслова өте орынды тұжырым жасаған
болатын: «Әлемнің тілдік бейнесі» термині бар болғаны метафора
болып табылады, өйткені белгілі бір қауымдастықтың бірегей
қоғамдық۔тарихи
тәжірибесі жинақталған ұлт тілінің өзіндік
ерекшеліктері осы тілді тасымалдаушылар үшін әлемнің шынайы
115
бейнесінен ерекшеленетін қайталанбас көрінісін емес, аталмыш
халықтың өмір сүру салты мен ұлттық мәдениетіне сай туындайтын
құбылыстар, үрдістер мен заттардың ұлттық мәнділігімен шартталған
осы әлемнің айрықша «бояуын» қалыптастырады» [170, 66].
Қалай болғанда да біз белгілі бір халықтың тілі мен мәдениеті
оның ойлау әркетіне әсер етіп, қоршаған әлемге деген көзқарасын
қалыптастырады
және
түрлі
тілдерде
сөйлейтін
адамдардың
дүниетанымдары әр басқа болатыны жайлы тұжырымға қарсы шыға
алмаймыз.
Әрбір тіл өзіндік дүниетанымға ие және бұл ерекшелік, ең
алдымен, оның лексикалық қабатынан көрініс табады. Бірақ ол тілдің
сөздік құрамымен ғана шектеледі деген сөз емес: тілдің морфологиялық,
синтаксистік, стилистикалық және т.б. қабаттары да бұл ерекшелікке
ие болады.
Бұл еңбекте біз әлемнің тілдік бейнесінің заманауи жаңалықтарға
ең «икемді» тілдік құрылымдардың бірі – публицистикалық
тақырыпаттарда көрініс табу мәселесіне зер саламыз.
Газет тақырыпаттары қоғамдық санаға әсер етіп, жаңа ақпаратты
жеткізуде айрықша орынға ие құрылымдар болып табылады. Ол
мақала мазмұнынан хабардар етіп, оқырманды оны оқуға еліктіріп
қана қоймай, белгілі деңгейді сол тілдің қазіргі уақыттағы қалпынан
көрініс беріп, оның өзіне тән ерекшеліктерін де танытады.
Публицистика дамып, мерзімді басылымдар саны артқан сайын
журналистер өз мақалаларына бейнелі әрі мейлінше қызықты атау
беру мәселесіне ерекше ден қоя бастады. Бұл тарапта мақала
тақырыпатының сол тілдік қоғамға тән әлемнің тілдік бейнесінен
көрініс беруі де маңызды роль атқарады.
Мәтіннің ұлттық۔мәдени өзгешелігінің маңызды белгілерінің бірі
ұлттың ойлау ерекшелігімен байланысты анықталатын стереотиптер
болып табылады. Әр этнос өкілдері бір мазмұнды жеткізуде сан алуан
лексика۔грамматикалық тілдік бірліктерді пайдаланады. Ол үшін
салыстырмалы түрде қазақстандық, ресейлік және америкалық
басылымдардың бір тақырыпқа – отандық боксшы Генадий
Головкинге арналған мақалаларды қарастырайық: «
Достарыңызбен бөлісу: |