Ерманова с. А


.  Кҥн  радиациясы  және  оның  биологиялық  әсері



Pdf көрінісі
бет56/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

4.7

Кҥн  радиациясы  және  оның  биологиялық  әсері. 
Ультракҥлгін жетіспеушілігінің алдын алу. 
 
Күн  сәулелері  (солнечная  радиация)  -  жер  бетіне  1% 
ультракүлгін  тармағы  болып,  59  %  инфрақызыл  және  40%  кӛзге 
кӛрінетін  бӛлігі  болып  жетеді.  Айта  кету  керек,  күн  сәулелерінің 
ӛзгеріп  келуіне  атмосфералық  ауаның  тазалығы,  ауа  райының 
жағдайы кӛп әсер етеді. 
Күн  сәулелерінің  қуаты  ағзаға  фотобиологиялық  әсер  етеді. 
Біріншіден,
 олар фотосинтез  құбылысының жүруіне ықпал  етеді. 
Екіншіден, 
күн  сәулелерінің  арқасында  біздер  кӛру  қабілетіне 
және сыртқы ортада бағдарлаушылық мүмкіншілігіне ие боламыз. 
Ҥшіншіден, 
күн  сәулелерінің  әсерінен  ақуыздар,  ферменттер 
ағзада  ыдырап  отырады,  тіпті  зиянды  ӛзгерістер  (мутация) 
туындауы  мүмкін,  ісік  пайда  болатын  тиімсіз  жағдайға  душар 
болуы да ықтимал. 
Сонымен  қатар  фотобиологиялық  құбылыстың  ағзада 
пигменттердің  және  дәрумендердің  қорытылуына  әсері  бар, 
жасушалар  құрамын  қоздырушы  күш  болып  табылады.  Осы 
жәйттерді ескере келе лазер сәулесін хирургияда пайдалану орын 
тапқан. 
Биологиялық  қасиеті  жағынан  ағзаға  күннің  ультракүлгін 
түсті сәулесі пайдалы, ол жер бетіне 290-400 нм толқын ағымымен 
келеді. Бірақ ауа бұлтты болса, оның 80%-ті ӛз қуатын азайтады, 
ал ауа шаң-тозаңды кезде - 11-50 

кемиді. 


88 
 
Ультракүлгін  сәуле  тері  бетіне  түсіп  жасушалар  мен 
ұлпаларда  ақуыздың  ӛзгеруіне  себеп  болады  және  рефлекторлы 
жолмен терінің сыртқы және ішкі рецепторларына әсер етіп бүкіл 
ағзаға  қолайлы.  Бұл  оның  жалпы  әсері,  айталық  ақуыздардың, 
майлардың,  кӛмірсулардың,  минерал  заттардың  алмасуына 
пайдалы, ағзаны сауықтырады және шынықтырады. 
Ультракүлгін  түсті  сәуленің  жеке  ӛзіне  ғана  тән  ерекшелік 
әсері  де  бар.  “А”  айталық,  ол  400-320  нм  толқында  теріге  тисе 
қызартып - қарақошқылдандырады, 320-275 нм толқыны мешелді 
болдырмайтын  және  бактерияны  әлсіздендіретіндей  әсер  етеді, 
мешелге  қарсы  және  бактериоцитті  әсерінің  нашарлауы,  ал  ең 
қысқа  275-180  нм  толқыны  биологиялық  ұлпаны  жарақаттау 
күшіне ие.  
Күннің  ультракүлгін  түсті  сәулесі  ауа  шаң-тозаңмен 
ластанғанда  шашырап  жерге  жетпей  қалады.  Сондықтан  ірі 
ӛнеркәсіпті  қала  тұрғындары  “ультракүлгін  түсті  сәуленің 
аштығына” ұшырайды. 
Мұңдай  жағдайға  Қиыр  Солтүстіктегі  адамдар,  кӛмір  және 
тау-кен  ӛндірісіндегі  жұмысшылар  да  душар  болады.  Бұл 
адамдарды  біз  ультракүлгін  түсті  сәуле  болып  шығаратын 
жасанды  күн  арқылы  құтқарамыз,  мысалы,  арнайы  фотариялар 
жасаймыз. 
Осындай 
сәуледен 
ӛткен 
адамдардың 
кӛңіл-күйінің 
жақсарғаны,  суыққа  және  жұқпалы  ауруларға  тӛзімділігінің 
артқаны, жұмыс қабілетінің кӛтерілгені дәлелденген. 


89 
 
Ультракүлгін  түсті  сәуленің  ең  қысқа  180-275  нм  толқыны 
жер  бетіне  жетпейді,  сондықтан  ауаны,  жерді  және  суды 
бактериялардан 
тазарту 
үшін 
бактерицидті 
лампылар 
қолданылады. 
Ультракүлгін  түсті  сәуленің  зияны  бар  ма?  Бар,  мысалы: 
күнге немесе лампаға шамадан артық қақталса тері күйіп қалады, 
кӛз  жарыққа  қарай  алмай  қалады  (фотоофтальмия),  кӛзден  жас 
ағады, т.с.с. 
Биік таулы аудандарда және арктикада тұратын халықтар ақ 
қарға шағылысқан күн сәулесінен осылайша әсер алады. Ағзаның 
ультракүлгін  түсті  сәулеге  сезімталдығы  қорғасынмен  уланған 
адамдарда, қызылшамен ауырған балаларда жоғары болады. 
Терінің  күн  сәулесіне  кӛп  қақталған  жері  ісік  (рак)  ауруына 
ұшырауы  анықталған,  бұл  жәйт  оңтүстік  аудандарда  жиі 
кездеседі. 
Күн  сәулесінің  ұзын  толқынды  бӛлігі  инфрақызыл  сәулесі, 
оның  760-1400  нм  қысқа  толқынды  және  1500-2500  нм  ұзын 
толқыны болады. Инфрақызыл сәуле ағзаға жылылық әсер береді, 
оның қысқа толқынды бӛлігі теріге терең бойлайды, бірақ ашыту 
сезімі  білінбейді.  Ұзын  толқынды  бӛлігі,  керісінше,  терінің  беткі 
қабатына әсер етіп күйдірген сезім тудырады. Ыстық цехта жұмыс 
істейтін  жұмысшылар,  шыны  үрлейтіндер  үшін  оның  1500-1700 
нм толқыны кӛздің ақ қабығына, 1300 нм толқыны қарашыққа аса 
қауіпті. Сондықтан кӛзді қорғау қажет. 


90 
 
Күн  сәулесінің  кӛзге  кӛрінетін  бӛлігі  400-760  нм 
толқындарда  болады.  Күндізгі  жарық  ашық  алаңда  ауа  райының 
ӛзгеріп тұруына, күннің горизонттан алыс немесе жақын тұруына 
байланысты.  Әрбір  айға  тура  келетін  жарық  сәуле  орталық 
аймаққа  тамыз  айында  65000  лк,  қаңтарда  1000  лк  болады. 
Ауаның  шаң-тозаңмен  ластануы  табиғи  жарықтықты  30-40 

-ға 
тӛмендете алады. 
Жарық  тек  қана  кӛзге  әсер  етіп  қоймай,  орталық  жүйке 
жүйесінің  қызметіне  және  сол  арқылы  ағзаның  барлық  жүйесіне 
ықпалын  тигізеді.  Ет  пен  жүйкенің  қозуына  қызыл-сары  түсті 
жарық әсер етеді, ал кӛк-кӛгілдір жарық керісінше тежейді. 
Күннің  шығуына  және  батуына  байланысты  жарыққа  ағза 
үйренеді,  оны  тәуліктік  ритм  деп  атайды.  Орталық  ширекте 
тұратын  халықтар  үшін  теріскей  мен  күнгей  аумақтағы  жарық 
ӛзгерістері сезіле қоймайды. 
Ал  күнгейден  теріскейге  барғанда  біршама  уақыт 
қалыптасуға  кетеді,  немесе  керісінше.  Бұрынғы  ұйықтайтын 
уақытында 
ұйықтай 
алмай, 
тәртіп 
бұзылып, 
біршама 
қолайсыздыққа  ұшырайды.  Дегенмен  біртіндеп  ағза  басқа 
жарыққа  үйренеді,  сонда  3-5  %  адамдар  сол  қалпында  қалып 
қояды. 
Жарықтың гигиеналық маңызы кӛзге айрықша қажет. Жарық 
аз болса кӛз шаршайды, жұмысқа қабілет тӛмендейді. Жарық 30-
50 лк болганда 3 сағат жұмыс істеген соң анық кӛру қабілетіміз 37 
% тӛмендейді, ал 200 лк болғанда - 10-15%-ға. Сондықтан мұндай 


91 
 
физиологиялық  ерекшелікті  жарық  мӛлшерін  шектеу  үшін 
пайдаланады. 
Бӛлме ішінде жарықты табиғи түрін қажетті мӛлшерде ұстау 
“жарық  аштығын”  болдырмауда  маңызды.  Табиғи  жарықты 
гигиеналық 
тұрғыдан 
бағалау 
үшін 
жарықтың 
табиғи 
коэффициенті  деген  кӛрсеткіш  қолданылады.  Бұл  үй  ішіндегі 
жарықтың  сыртқы  жарыққа  пайызды  қатынасы.  Сондықтан 
жарықтың  табиғи  коэффициенті  терезенің  қай  бағытқа  қарай 
орналасуына байланысты. 
Табиғи  жарықтың  үй  ішіне  қажетті  мӛлшерде  түсуіне  үй 
маңындағы  құрылыстар  мен  қараңғылай  алатын  ағаштар  әсер 
етеді. Егер терезеден қарағанда аспан кӛрінбесе, онда күннің тура 
сәулесі  үйге  кіре  алмайды.  Бұл  жағдайда  үй  ішіне  күннің 
шашыранды  сәулесі  ғана  ене  алады.  Бұл  деген  бӛлменің 
санитарлық  қасиетін  тӛмендетеді  деген  сӛз.  Терезе  шынысының 
кірлеуі және қабаттап шынылау жарықты 50-70 %-ға тӛмендетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет