Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет57/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

4.8. Климат және ауа райы 
 
Ауа райы 
- дегеніміз атмосфераның тиісті жерде және тиісті 
уақыттағы  күйі,  ол  температураның,  ылғалдылықтың,  ауа 
қысымының,  желдің,  бұлттың,  ауа  шӛгіндісінің,  тұманның, 
найзағайдың,  жердің  температурасының,  қардың  қалыңдығының 
ӛзгеріп тұруымен сипатталады. 


92 
 
Климат 
-  дегеніміз  ауа  райының  кӛпжылдық  кӛрінісі,  оған 
географиялық 
ендіктер, 
атмосфераның 
қозғалуы, 
күннің 
радиациясы, жер бетінің құрылымы әсер етеді. 
Ауа  райының  ӛзгеруіне  атмосфералық  қысымның  жер 
бетінде  жүйесіз
 
тербелуі  себеп.  Қысым  кӛбейгенде  (антициклон) 
ауа ашық болады. Әрбір циклонның (ауа қысымы азаяды) алдында 
антициклон ӛтіп отырады. 
Жыл  мерзімінде  ауаның  электрленуі  ӛзгеріп  тұрады,  бұл 
жәйт  айрықша  теріскей  аудандарда  байқалады.  Электрленген 
заряд бӛлшектері күннен жетеді, нәтижесінде магнитті боран және 
найзағай ӛрісі пайда болады. 
Климат  факторлары  ағзаның  физиологиялық  реакциясына 
айтарлықтай әсер етеді, яғни ағза климат факторларының әсеріне 
биологиялық  реттілікте  жауап  беріп  отырады.  Жарық  пен 
қараңғылыққа  ағза  қызметі  ӛзгеріп  тұратыны  анықталған,  мұны 
циркадты реттілік деп атайды. 
Ағзаның биологиялық реттілігіне ең күшті әсер ететін фактор 
күннің  жарығы.  Тәуліктің  жарық  кезінде  адамның  қимылы 
артады, зат алмасу ағзада күшейеді, қара ӛттің бӛлінуі кӛбейеді. 
Бауырда  гликоген  қорының  кӛбеюі  таң  алдында  байқалады, 
ал  азаюы  15  сағат  шамасында  болады.  Гемоглобиннің  қанда 
кӛбеюі  11-13  сағат  кезінде,  азаюы  16-18  сағат  кезінде  болып 
отырады. 


93 
 
Күндізгі    кезде    жүйке  жүйесініңсимпатикус  бӛлімінің 
жұмысы  күшейіп  қан  қысымы  артады,  тер  кӛп  бӛлінеді,  ішектің 
қозғалысы жылдамдайды. 
Ағзаның  кӛптеген  физиологиялық  жүйелерінің  қызметі 
маусымға байланысты ӛзгеріп отырады. Мысалы: жазғы кезде зат 
алмасу  қарқыны  тӛмендейді,  қыста  жоғарылайды.  Жазғы  кезде 
қан  ішкі  мүшелерден  теріге  қарай  ығысады,  сондықтан  қан 
қысымы  қыстағыдан  жазда  тӛмен  болады.  Жазғы  кезде  ұлпалар 
оттегіне  кӛп  мұқтаж.  Қыста  қанның  кӛмірқышкыл  газын 
қабылдауы  жоғары.  Жазда  жүректің  инфарктпен  ауруы  жиі, 
қанның  ұю  уақыты  ұзарады.  Гермагниттік  ӛрістің  күшейген 
кезінде жүйке жүйесі ауыратын кісілер мазасызданады. 
Қорыта  айтқанда,  мүшелер  мен  жүйелердің  маусым 
мезгілдеріне  сай  ӛзгеріп  отыруы,  сыртқы  ортаның  ӛзгеруіне 
ағзаның  беріп  отыратын  жауабы.  Сондықтан  маусым  аурулары 
пайда  болып  тұрады  немесе  созылмалы  аурулар  қайталанып 
асқындайды. 
Маусым  аурулары  әдетте  кӛктемде  немесе  күзде  тіркеледі, 
себебі  климаттық  жағдай  бұл  кездерде  кенет  құбылмалы  болып 
келеді. Олардың қатарына жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, 
баспа,  ӛкпе  бұтақтарының  аурулары  жатады.  Бір  жасқа  дейінгі 
балалар ӛкпесінің қабының ауруы қаңтар мен кӛкек айларына тура 
келеді, ӛйткені бұл кездерде ауа райы ӛте құбылмалы. 
Күн  салқындағанда  ӛлім  кӛбейеді,  ӛкпенің  күрт  ауруынан 
қайту  қыста  және  ерте  кӛктемде,  ал  жүрек  -  қан  тамырлары 


94 
 
ауруынан - қараша мен желтоқсан айларында байқалады. Күз бен 
қыс  аралығындағы  уақытта  жүрек  инфарктынан  қайту,  миға  қан 
құйылудан  кету  айрықша  жиілейді.  Кӛктем  мен  күз  айларында 
асқазан жарасы қозады, қан қысымы кӛтеріледі, жүрек тамырлары 
қысылады. 
Қан  қысымы  жоғары  және  жүрек  тамырлары  қысылатын 
адамдар  үшін  атмосфералық  қысымның  тӛмендеп  жылы  және 
ылғал  ауамен  қабаттасуы  қолайсыз.  Ӛйткені  ауада  оттегінің 
тығыздығы  азаяды.  Температура  тӛмендеп,  ауа  қысымы  азайса 
буыны  ауыратындарға  тиімсіз.  Ентікпе  ауруы  барларға 
температураның  күрт  ӛзгеруі,  желдің  күшеюі  және  жаңбыр  -  қар 
жаууы қолайсыз. 
Аурулардың  кӛбеюі  және  асқынуы  ауа  райы  ӛзгергенде 
синоптикалық 
фронттардың 
болуына 
да 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет