Ерманова с. А



Pdf көрінісі
бет59/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF

 
4.9. Аклиматизация 
 
Осы  кӛрсетіліп  отырған  шаралар  ағзаның  жаңа  жағдайға 
бейімделуіне  де  тиімді  болып  тұрады. 
Бейімделу 
дегеніміз 
ағзаның ӛзін қоршаған жаңа ортаға сай жаңа стереотипке ие болу 
және физиологиялық жүйелердің қалыптан шықпауы. 
Теріскей  жаққа  келген  адамдардың  сыртқы  ортаға  жақсы 
бейімделуі үшін іске асырылатын шаралар: 

тұрмыс және жұмыс жағдайын жақсарту
-  
тамақтануды дұрыс ұйымдастыру
-  
суыққа және желге тӛтеп бере алатындай киіне білу; 
-  
ағзаны шынықтыру; 


96 
 
-  
халыққа қосымша дәрумендер беру
-  
емдік және сақтандыру шараларын тиімді пайдалану
-  
үйдің 
ауасының 
температурасын 
22 
°С-тан 
тӛмендетпеу. 
-  
үй  аралықтарын  бір-бірінен  аса  қашықтатпау,  ық  болу 
үшін; 
-  
үйдің терезелері теріскейге қарамау керек
-  
биологиялық  әсері  мол  жасанды  жарықты  кең 
пайдалану; 

қараша  мен  кӛкек  айларының  аралығында  халықты 
ультракүлгін 
сәулемен 
қақтау, 
балалар 
үшін 
қосымша 
инфрақызыл толқынды пайдалану; 
-  ашық  ауада  қыдыруды,  қимылды  ойынды,  спорт 
сабақтарын желден қорғанған тӛбесі жабылған арнайы алаңдарда 
ӛткізу; 

жұмыс  істеу  уақытын  және  демалуды  дұрыс  режимге 
келтіру; 

жеке бастың гигиенасын сақтау; 

киімнің  ішкі  жағын  терімен  (жүнмен),  сыртқы  жағын 
ауаны  шығаруға  кедергі  келтірмейтін  материалдан  жасау;  киімді 
кең  кию,  аяққа  тері-жүнді  шұлық  кию,  басқа  малақай  кию, 
костюмге капюшон жасау, кӛзілдірік кию, т.б. 
Күнгей  ыстық  жаққа  келген  адамдардың  сыртқы  ортаға 
жақсы бейімделуін кӛздейтін шаралар: 
-кӛк шаймен шӛл қандыру,  жеміс шырындарын пайдалану; 


97 
 
-  таңертеңгілік және түскі қуатын 25  %-дан, кешкі тамақтың 
қуатына 50% жобалау, жалпы тамақтануды дұрыс ұйымдастыру; 

жұмыс уақтысын 7-13 және 18-21 сағат аралықтарында 
ӛткізу; 

үйдің  қабырғасының  қалыңдығын    55-60  см    ету, 
терезелерін  күнгей  мен  теріскейге  қарату,  басқа  да  кӛлеңкелегіш 
шараларды іске асыру; 
-  
үйлерді бір-біріне тығыз орналастырмау

үй ауасының температурасын 17-18 °С ұстау; 

киімді  оңай  дем  алатынынан,  кӛлеңкелісін,  ашық 
түстісін пайдалану, аяқ киімді табаны қалыңын кию. 
Таулы  жерлерде  тұратын  халықтардың  немесе  сол  жерлерге 
келетін  адамдардың  бейімделуіне  қажетті  шараларға  жаттығу, 
шынығу жәнеағзаның қорғаныс қабілетін арттыру жатады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет