Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Ұлы Отaн cоғыcы жылдaрындaғы қaзaқcтaндықтaрдың тылдaғы (1941-1945 жж.) еңбектерінің тaрихи мaңызын aшып көрcетіңіз



бет21/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

Ұлы Отaн cоғыcы жылдaрындaғы қaзaқcтaндықтaрдың тылдaғы (1941-1945 жж.) еңбектерінің тaрихи мaңызын aшып көрcетіңіз.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық — түлікпен, өнеркәсіпті-қажетті шикізатпен қамтамасыз етті. 1941-45 жылдары республика 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және азық-түліктің басқа да түрлерін берді.

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады.. Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылдыМал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды.


Соғыс жылдарында Республиканың еңбеккерлері майданға жылы киім, азық-түлік жіберді, жекелеген азаматтардың қаражатына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар салынды. Қазақстанның еңбеккерлері қорғаныс қорына өз еркімен жеке жинақтарынан 4,7 млрд рубль енгізді. Қазақстан босатылған аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Осы мақсатта республикадан мамандар, ауыл шаруашылығы техникалары, жабдықтар, 500 мың бас мал жөнелтілді. Сонымен қатар, республика еңбеккерлері екі жыл бойы басып алынған аудандардан әкелінген 0,5 млн-ға жуық мал басын ұстады, оны сақтап, кері қайтарды. Соғыс жылдары Қазақстанның өнер қайраткерлері концерттік бригадалар құрып, майдангер-жауынгерлердің алдында өнер көрсетті




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет