Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет15/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. «Технология» ұғымы нені білдіреді?
2. Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудың тиімділігі қандай?
3. Жаңа педагогикалық технологиялардың алуан түрлілігі.
4. Педагогикалық технологияларды жобалау дегеніміз не?
5. Тәрбие технологиясына сипаттама
4-тақырып. Бастауыш мектептегі сынып жетекшісі қызметінің жүйесі
8-Дәріс
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің қызметі – мектептегі тәрбие үрдісінің табысты болуының шарты ретінде.
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері.
2. Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.
3. Педагогикалық рефлекция – сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі компоненті ретінде.
Мақсаты: студенттерге сынып жетекшісінің қызметі мен міндеттерін, ұжымды ұйымдастырудың формалары мен әдістері туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің қызметі, тәрбие жұмысы, ұйымдастырушылық қызмет
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
Реферат тақырыптары:
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мазмұны.
2. Сынып жетекшісінің қызметтері.
3. Сынып жетекшісінің сыныппен қарым-қатынасы.
4. Сынып жетекшісіне тиісті құжаттар.

Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттері атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады.


Бұрынғы орта оқу орындарында оқушыларды тәрбиелеу міндеті ерлер гимназиясында үйретуші ұстаздарына, әйелдер гимназиясында сынып ханымдарына жүктелді. Оларға, негізінен, гимназистердің тәртібі мен оқуына және жалпы саяси көзқарастарына бақылау жүктелген.
Жаңа мектептің құрылу жағдайында олардың бақылау функциялары саяси-әлеуметтік міндеттерге жауап бермеді де ондай қызметтер қысқартылды.
Кеңес мектептері өмір сүре бастаған алғашқы жылдарда сабақ үстіндегі және оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу барлық мұғалімдерге жүктелді.
Мектептерде сынып жетекшісі деген қызмет ол кезде болмады. Өмір мұғалімдердің тәрбиешілік қызметін үйлестіруді және біріктіруді, әсіресе, оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда тәрбиелеуді ұйымдастырудағы кемшілікті жоюды талап етті. Сондықтан көптеген мектептерде 20-жылдары стихиялы түрде тәрбие жұмыстарының жетекшілері пайда бола бастады. Олар оқу топтарына бекітіліп топ жетекшілері деп аталады. Топ жетекшілері негізінен оқушылардың сабаққа қатысуымен үлгерімдеріне бақылау жасау міндеттерін атқарды.
Мамандардың аздығына байланысты жаңа мектептерге ескі мектеп мұғалімдері қабылданды. Әрине олар жаңа идеалогияны қабылдамаған болатын, сондықтан олар /мұғалімдер/ консультанттар міндетін атқарды, мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару ортаны /оқушылар комитеті/ болды. Біртіндеп оқушылармен өткізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да дами бастады. Сыныпқа бектілген мұғалімдердің қызметтері де, жаңа бағыттары да өзгере бастады.
1934 жылы топтар кластарға өзгертілгеннен кейін топ жетекшілері сынып жетекшілері деп аталды. Сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 ж. 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді. 1934 ж. бастап сынып жетекшісінің қызметі енгізілді. Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1966 ж. қаулымен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қызметі енгізілді. Сынып жетекшісі оқушылар мен сынып активін мектеп көлеміндегі өтілетін кейбір жұмыстарды бірігіп ұйымдастырды.
Сынып жетекшісін тәжірибелі және беделді мұғалімдеден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Сынып жетекшісі өте маңызды әрі жауапты міндеттерді орындайды.Ол сыныптағы тәрбис жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады, оқушылар коллективін ұйымдастырады, тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналармен жұртшылықтың, тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті - оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға ұйымдастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мәселелері, білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды.Ол тәрбие құралдарына (оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынаста тәрбиелеу,оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібіне, режимін сақтауға үйрету және т.б.) сүйене отырып, сапасын арттыруда мұғалімдерге көмектеседі.
Сыныпқа жетекшілік, әдетте сыныпты және әр оқушыны жеке зсрттеуден басталады.Соньң нәтижесінде тәрбие жұмысты ұурыс, ұтымды ұйымдастыруға, жекелеп тәрбиелеу әдісін жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызылады. Оқушыларды зерттеу оларды оқытудың бүкіл оқу жьлы бойынша созылады.
Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс. Әр мұғалім оқушылардың ата-аналарымен байланыс жасап отырады. Мектептің жанұямен қоян-қолтық байланысы сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылады. Олар ата-аналарымен жиі араласып,оларға балаларының оқуы мінез-құлық туралы хабарлап отырады,оларды тәрбиелеу жөніндегі бірлескен жұмыстың жолдарын белгілейді. Қауіпті жағадайда жанұяның тәрбиешілік міндеті едәуір кеңейеді,балаларға тәрбие берудегі ата-аналардың жауапкершілігі артуда. Сондықтан сынып жетекшісінің мектеп оқушыларының зор маңызға ие болуда.
Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістері. Педагогикалық әдебиеттерде және тәрбие жұмысының практикасында тәрбие ұйымдастырудың фopмaлapын былайша топтастыру неқұрлым кең тараған болып табылады: а) жаппай немесе бұқаралық жұмыс; б) топтық немесе үйірме жұмысы (оқушылардың тұрақты және ауыспалы құрамымен). Сынып жетекшісінің жоспарында, әдетте, осы формалардың бәpi көрінic табады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларын топтастыруда оқушылардың барлығы үшін міндетті формалары (кезекшілік кездерінде қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға қатысу және басқалары), сондай-ақ ерікті формалары (үйірме сабақтары, спорттық командалар және т.б.) бар екендігін ескерту жөн.
Сынып сағаты. Бұл жаппай тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ең көп таралған түрлерінің бірі.Кейде оны тәрбиелік сағат, тәрбие сағаты немесе сынып жетекшілігінің сағаты деп аталады. Сынып сағаттарының тақырыптары сынып жетекшілерінің жоспарларында белгіленеді. Олар, негізінен, идеялық-адамгершілік тәрбиелері, мәдени мінез-құлық мәселелеріне, газет-журналдардан ең актуалды мақалаларды, жаңа кітаптарды, спектакльдерді, кинофильмдерді талқылауға, өмірі қызық адамдармен кездесулерді өткізуге арналады.
Оқырмандар конференциялары мен диспуттар. Жоғары сыныптарда кейде диспуттар өткізіледі.Сынып жетекшісі тәрбие қызметінің табысты болуы көбіне оның балалардың ішкі дүниесіне терең енуіне, олардың режимін және мінез-құлық сыңайын түсінуіне байланысты.
Мектеп оқушысының тыныс тіршілігін, оның мүдделері мен бейімділігінің, ерік-жігері мен ерекшеліктерін зерттеу – бұл оның жүрегіне жол табуды, педагогикалық ықпалдың неғұрлым пайдалы әдістерін қолдануды білдіреді. Оқушыларды зерттеу - әр мұғалімнің және әсіресе класс жетекшісінің міндеті. Ол мектеп оқушыларын сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта, оқушы семьясына барғанда зерттейді. Оқушыларды зерттеу оларды тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыруға қызмет етеді.
Оқушыларды зерттеу оларға деген тәрбиелік ықпалмен үйлеседі. Зерттеу жоспарлы және жүйелі жүргізіледі. Оқушыларды зерттеу олардың өмірі мен қызметінің табиғи жағдайында өткізіледі. Зерттеуде сынып жетекшісі әр түрлі әдістерді және тәсілдерді пайдаланады. Зерттеу өмірмен тұрмыс жағдайларымен танысуды көздейді. Кейбір белгілерін емес, жеке адамды тұтас зерттеу керек. Зерттеуде мінез бен мінез-құлықты теріс емес жағымды белгілеріне ерекше көңіл аударған жөн. Зерттеу бұл ұзақ және күрделі үрдіс. Ол стихиялы, ұйымдаспаған сипат ала алмайды.Оған творчествалықпен қарау және негізгі педагогикалық талаптарды сақтау қажет.
Зерттеу әдістемесі. Сынып жетекшілерін әдетте оқу жылының аяғында тағайындайды. Мектеп директоры мұғалімдерге жаңа оқу жылында олар қай кластарға сабақ беретіндерін және олардың кайсысы класс жетекшісі міндеттерін атқаратынын хабарлайды. Егер мұғалімге жаңа бip сыныпқа сынып жетектшісі болу тапсырылса, ол оқу жылы басталмастан бұрын-ақ оқушылармен алдын-ала танысуға кіріседі.
Бұл әдістердің әдіс-тәсілдері:
1. Жеке істерімен / құжаттарымен/ танысу.
2. Өткен жылғы сынып журналын қарау.
3. Бұрынғы сынып жетекшісімен және мұғалімдермен әңгімелер.
4. Мектеп директоры мен оқу ici меңгерушісінің хабары.
5. Жаңа оқу жьлына дейін оқушылармен жеке кездесулер.
6. Ата-аналармен әңгіме.
Оқушыларды педагогикалыкқ тұрғыдан бақылау. Бұл мектеп оқушыларын зерттеудің негізгі және неғұрлым кең тараған әдісі. Бақылау оларды әдеттегі өмірмен ic-әрекет жағдайында жүйелі зерттеуге бағытталған.Ол сабақта,сабақтан тыс уақытта , қоғамға пайдалы және қызметтің басқа түрлсрі процесінде жүзеге асырылады. Бақылау неғұрлым жақсы әрі мақсатты ұйымдастырылса, мектеп оқушыларын соғұрлым терең әрі жан-жақты зерттеуге болады.
Оқушыларды бақылау үшін ең қолайлы жағдайлар қоғамдық пайдалы еңбекте жасалынады.Оқушыларды мектепте зерттеу ,әдетте, олардың мектептен тыс жердегі бірлескен серуендегі немесе табиғатқа, мұpaжaйғa серуенге, театр мен киноға баркандағы, ал кейде отбасындағы да мінез-құлық бақылаумен толықтырылады. Кейбір оқушылар мектептен тыс жерде өзін басқаша ұстайды.Олар класта тәртіп пен тыныштықты бұзбайды, ал көшеде төбелесіп, үлкендерді сыйлауды білмей кетеді. Мұнысын сезбей тұрып, мұндай оқушыларға елеулі ықпал ету қиын.
Педогогикалық бақылау әдісі қаншама бағалы болса да,ол бірден-бір, әр жақты деп таныла алмайды.Бақылау нәтижесінде алынған тұтас класс туралы, жеке кластap жөніндегі деректер басқа әдістердің көмегімен анықтау мен кеңейтуді талап етеді.
Олар: эксперимент, оқушылармен әңгімелер, оқушылардың шығармалары, анкеталар, ата-аналармен әңгімелер, тәуелсіз мінездемелерді қорыту.
Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары құр мақсат емес,бұл оның тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Мектеп тәжірибесінде класс жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әр түрлі бөлімдерден тұрады. Бұл түсінікті де, өйткені әр сныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес.
Сынып жетекшісінің педагогикалық дайындығының тәжірибесі мен жеке бастық ерекшеліктерінің көп мәні бар. Жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда болса да, барлық сынып жетекшілерінің жоспары тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын класстың даму (оқушыларының) болашағын бейнелейтін болуы керек.
Сынып жетекшісі жоспарының үлгісінің құрылымы. Тәрбие жұмысын жоспарлаудың тәжірибесін талдап қорытудың негізінде жоспардың шамамен мынадай құрылымын ұсынуға болады. Көп нәрсе тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларына, педагогтың тәжірибесіне байланысты.
Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Сыныптың қысқаша сипаттамасы.
2. Тәрбие міндеттері.
3. Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
4. Ата-аналармен жұмыс.
Сынып жетекшісінің есеп беруі. Өз жұмысыньң нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық жиналысында немесе класс жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде ұдайы хабарлап отырады. Оқу жылының аяғында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы және сынып хал-жайы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Бұл есебінде ол өз жұмысын талдап, қол жеткен табыстар мен кемшіліктерді көрсетеді, келесі оқу жылында қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін, қандай оқушыларға баса көңіл қою қажеттігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет