Дәріс №6.
Құс туберкулез ауруы
Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары.
Туберкулез –көптеген құс түрлерінің ұзаққа созылатын індетті ауруы .
Оның негізгі сипаты -- ішкі органдарда осы ауруға ғана тән түйін-
төмпешіктер туберкулдардың пайда болуы . Туберкулезге шалдыққан
құстан барлық мал түліктеріне , адамға да ауру жұғуы мүмкін .
Ауру қоздырғышы : Mycobacterium tuberculosis avium. Ауру құстың
зақымданған органдарынан алынған жұғындыда ол кішігірім ,
түп-түзу , әрі қып- қысқа таяқша тәрізді болып көрінеді . Туберкулез
таяқшасы Циль- Нильсен және Грам - Мух бойынша қызыл түске
боялады . Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортаға айтарлықтай төзімді .
Туберкулезден өлген құс пен малдың жерге көмілген өлексесінде
он жылға жуық , топырақта , саңғырықта 7-12 ай, төсеніште -4 жыл,
құрғатылған қақырықта -226 күн, өзен суында -7 айдай тірі
сақталады. Туберкулез таяқшалары күн сәулесімен ыстыққа төзімсіз
келеді . Тікелей түскен күн сәулесі оларды 45-50 минутта өлтіреді .
Аурудың дамуы. Ауру жем, су арқылы жұқса туберкулез қоздырғышы
ішек пен өкпеге түседі де , мұндағы сөл бездеріне тоқтап , осында
өсіп—өнеді . Мұнда алғашқы туберкулез түйіндері пайда болады .
Түйін ішіндегі туберкулез таяқшалары қан ағынына ілесіп бүкіл
денеге тарайды да , бауыр , талақ, ішек , өкпе сияқты органдарды
зақымдайды . Туберкулез айналаға әдетте ауру құс арқылы тарайды .
Ол өзінің саңғырығымен бірге сыртқа көп етіп ауру қоздырғышын
шығарып отырады .
Достарыңызбен бөлісу: |