Клиникалық белгілері . Туберкулез белгілері құстың түріне қарай
әр түрлі болуы мүмкін . Аурудың жасырын кезеңі тауықта
2-12 айға созылады . Ауру тауық әдеттегідей ширақ емес ,
тәбетінен айырылмаса да , барған сайын арықтай түседі , жұмыртқа
салуы төмендеп , мүлде тоқтайды. Оның айдары , сырғасы бозарған ,
ауыз , танау және көздің кілегей қабықтары сарғыш тартқан.
Бұл бауыр зақымданғанның белгісі. Одан әрі құс іші өтіп , аяқтары
ақсап ,параличке ұшырайды .
Патанатомиялық өзгерістері. Құс өлексесі тым арық , бауыр және талақтан тары кейде жаңғақтай көкшіл ақ түсті туберкулез түйіндері табылады . Бауыр мен талақ 4-5 есе ұлғайған . Бұл органдардың
ұлпасы босаңсыған , тиіп кетсе жыртылады , сұрғылт қызыл ,
кейде сарғыш тартады . Ауру асқынған жағдайда туберкулез
түйіндері өкпеден , өте сирек жағдайда бүйректерден , аналық
жыныс безі мен ұрық түтігінен табылады .
Достарыңызбен бөлісу: |