Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет40/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дифференциалды диагнозы. Спирохетоз ауруын эпизоотологиялық мәліметтеріне , клиникалық белгілеріне , патанатомиялық өзгерістеріне қарай және құстың тірі кезінде оның сырт белгілерін еске ала отырып, анықтаймыз.

Алайда күмәнданбас үшін ауру құстан алынған қан жұғындысын және

өлексе органдарынан алынған жұғындыны микроскоппен зерттейміз.Қан

жұғындысын тауық айдары немесе табан терісін тіліп , төсеніш шыныға тамызып , бетіне шыны жауып , оны құрғатады . Құрғағаннан кейін

жұғындыны метил спиртіне немесе спиртэфирге 5 минут салып қатырады

да, Гимза бояуымен бояйды. Паразит қызғылт түске, эритроциттер

сарғыш қызғылт түске , лейкоциттер ашық көк түске боялады .Бәрінен де

спирохеталарды тірілей зерттеген ыңғайлы . Ол үшін жарық түсіргіші

бар арнайы микроскоп қолданылады .

Емі.Новарсенолдың емдік қасиетіде , ауру дарытпау қасиеті де бар.

Новарсенол 1-2 % ерітінді күйінде құс салмағының 0.05г\кг бұлшық

етіне енгізеді .Оны әдетте төс етіне жібереді .Осарсол—құсқа 0.2г\кг

азыққа қосып береді . Пенициллин—3 рет арасына 8-10 сағат салып

енгізеді . Оны пирамидонның 1% ерітіндісінде езіп, дайындайды.

1мл ерітіндіде 50 мың ЕД болуы тиіс , 2—3 күнде құс жағдайы

жақсарады .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет