Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет43/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Клиникалық белгілері. Жүнжегіштермен зақымданған сүтқоректілердің жүні үрпиеді, олар қышынады, тынышсызданады, қасыған жерлерінің жүні түседі және мойын, иық, әуке, қүйрық түптері дерматитке шалдығады.

Маллофагоз әсіресе тауықга ауыр өтеді. Қышыну қатты болғандықтан, тұмсығымен терісін және қауырсындарың сағаттап шоқиды, құс бірте-бірте арықтайды, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Қауырсындары мен мамығы көп түскендіктен, олардың денесі, әсіресе қарын тұсы, арқасы, мойны жартылай жалаңаштанады.



Дифференциялды диагнозы. Ауруды анықтауда мал денесіндегі жәндіктің әрбір даму сатысын табудың маңызы зор.

Жүнжегіштерді жануарлар денесінен табу үшін оларды 10-15 минут күншуаққа шығарып байлап қою керек немесе денесінің әр жерін "солюкс" шамымен 50°С-қа дейін қыздыру да жақсы нәтиже береді. Мұндайда жылы сүйгіш жүнжегіштер мал түгінің үстіне шығады. Сондай-ақ малдың үстіне 10-15 минутқа жылы ақ мата жабу да ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Жылы ақ матаға жабысқан қоңыр не сұр түсті жүнжегіштер жай көзге көрініп қозғалып жүреді.

Құс денесіндегі мамықжегіштер де жай көзбен қарағанда жақсы көрінеді. Құстардың қауырсындары мен терісі тексеріледі. Сүтқоректілерде жүнжегіштерді биттерден ажырата білу керек. Биттердің басынан кеуде бөлімі жалпақ, ауыз мүшелері тікенді-сорғыш түрлі, себебі оларі қанмен коректенеді. Маллофагтардың басы кеуде бөлімінен жалпақ, аузы кеміруге бейім, себебі олар малдың түгі, құстың қауырсыны сияқты қатты заттармен қоректенеді.

Емі. Жануарлар денесіндегі сыртқы жәндіктерді жою үшін әртүрлі инсектицидтерді ерітінді, эмульсия, ұнтақ дәрі немесе аэрозоль түрінде қолданып, ем шаралары жүргізіледі. Маллофагтардың жұмыртқалары инсектицидтердің әсересе өтe төзімді. Сондықтан ем шаралары жылдам жылы уақытында 8-10 тәуліктен соң, суық кезеңде 12-16 тәуліктен cоң қайталанып екінші рет жүргізіледі.

Севин дәрісінің қалдық әсері ұзаққа созылатындықтан бір рет қана қолданады. Маллофагтарға қарсы жылдың қай мезгілі болса да, пиретруя ұнтағы жылқы мен ірі қараны емдеуге 75-100 г және құсқа 3-4-1 мөлшерінде қолданылады.

Хлорофостың 3-5 % немесе 2-5 % дустары жылқы мен ірі қараға 100- 150 г, құсқа 3-5 г, мысық пен итке 10-30 г мөлшерінде колданылады.

Сондай-ақ жүнжегіштерге қарсы малдың сыртқы жамылғысын 1% бор қышқылы немесе бура ерітіндісімен шылау да жақсы нәтиже береді.

Малды емдегенде сақтық шараларын колдану қажет, ол үшін арнайы киім, қорғаныш көз әйнегі, алжапқыш, дәкеден жасалған ауыз жапқыш және т.б. болуы қажет.

Сүтқоректілерге бүрку әдісімен 0,75 % хлорофос ерітіндісін, 0,5 % карбофос немесе углихлорметафос-3, 0,15 % циодрин эмульсиясын, 0,05 % перметрин және 2 % оксомат эмульсиясын қолдануға болады.

Зақымданған кұстарды оксоматтың 2 % эмульсиясымен 20-50 мл мөлшерінде бүрку әдісімен емдейді. Оксомат мамық жегіштерге қарсы ете тиімді, малға, құсқа уытты емес, дәріленген құстардың жұмыртқасымен шықпайды. Басқа инсектицидтерден 0,5 % хлорофостың судағы ерітіндісі, 0,5 % карбофос эмульсиясы да мамық жегіштерге қарсы өте тиімді. Бірақ бұларды жұмыртқа салатын құстарға қолдануға болмайды. Сондай-ақ дәрі колданған соң 30 тәуліктен кейін ғана құсты союға болады. Бұл дәрілердің де қолданылатын мөлшері бір құсқа 25-50 мл.
Құс ауруларының суреті .......

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары: Оқулық / Сабаншиев М., Шабдарбаева Г., Сүлейменов Т., Қожабаев М., Бердіқұлов М. – Шымкент Нұрлы Бейне, 2010 – 500 бет.

2.Мал аурулары: Оқулық / Қожабеков З.К., - Алматы: Қайнар, 1989 384 бет.

3. Эпизоотология микробиология негіздерімен: Оқулық / Сайдулин Т.С., Ильясов Б.К. Шымкент: Нұрдана баспасы, 2011-512 бет.

4.Вирусологиялық аурулар.Дәрістер жинағы.(қаз.,орыс тіл.), Тұтқышбай И.А. Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚМУ, 2019-112 бет.

5. Ауыл шаруашылық малдарының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары. Оқулық / Құрбанов С., Қаратаев Ш. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009-276 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет