Клиникалық белгілері.Ауру құсқа кене арқылы жұқса жасырын кезең
4-7 күнге созылады . Ал егер қолдан жұқтырса (қанын енгізіп) ол кезең
2-3 күннен аспайды .Ауырған тауық ыстығы көтеріледі (42-43*) ,азыққа тәбеті болмайды, қайта-қайта су іше береді , жүні үрпиіп , айдары , кілегей қабықтары әбден бозарып, кейін көкшіл тартады . Тез арықтап ,3-5 күн өтісімен құс өледі . Аурудың жіті және созылмалы түрінен
айыққан құсқа 2-3 апта бойы спирохетоз екінші рет жұқпайды .
Патологиялық –анатомиялық өзгерістер. Спирохетоздан өлген құс өлексесі
тым арық, айдары сарғыш тартып, сәл көгерген . Артқы тесік айналасы
саңғырықпен былғанған. Спирохетоздан өлген құс өлексесін жарып қарағанда
барлық органдардан , әсіресе талақ пен бауырдан үлкен өзгерістер табылады.
Бауыр, бүйрек, талақ әдеттегіден 2-4 есе ұлғайған.Жүрек қабында серозды
эксудат бар.Өкпені қан кернеп , ісінген. Ішектегі жын сұйық, сасық.Ішекте
және аналық жыныс безі фолликулдардың әр жеріне қан құйылған.
Достарыңызбен бөлісу: |