Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау принциптері мен әдістері



бет203/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция
ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С
12.2 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау принциптері мен әдістері.
Экономикалық тиімділікті толық анықтау үшін көрсеткіштерді жалпы және салыстырмалы тиімділік деп бөліп қарастырады. Сонымен қатар эффект көрсеткіші де қолданылады. Эффект көрсеткіші тиімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралардың нәтижесін көрсетеді. Эффект табиғи түрде анықталуы мүмкін, немесе оны өндірістік эффект деп те атайды: өнім көлемінің ұлғаюы, жұмысшылар санының азаюы т.б.
Егерде нәтижелер құндық көрсеткіштер арқылы өлшенетін болса, онда олар экономикалық эффект деп аталып, ол келесілерден көрінеді: ұлттық табыс өсімі, пайданың ұлғаюы, өздік құнның төмендеуі т.б.Сонымен эффект берілген іс-шаралардың нәтижесін көрсетеді.
Тиімділік болса эффектінің қатынасы мен оған кеткен шығындардың мөлшерін анықтайды. Жоспарлау мен жобалау барысында экономикалық тиімділік эффектінің капитал салымына қатынасы арқылы анықталады.
Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштері ағымдағы шығындардың салынған капитал салымына қатынасы арқылы анықталып, әр түрлі вариенттар қарастырылады. Бұл тиімділік көрсеткіштері арқылы көп варианттың ішінеде қайсысы тиімді соны анықтауға мүмкіндік алады. Халық шаруышылығ бойынша жалпы экономикалық тиімділік өндірілген ұлттық табыс өсімін салынған капитал өсіміне қатынасы арқылы анықтайды, немесе ЭТ= ҰТ / Кс.
Ұлттық шаруашылық кешені, жеке салалар бойынша , негізгі қорлардың ұдайы өндірісі бойынша жалпы экономикалық тиімділік Эж пайда өсімінің Пө капитал салымына қатынасы арқылы анықталады, немесе Эж = Пө/Кс.
Ал енгізілген объектілер, цехтар, өндірістер бойынша экономикалық тиімділік жоспарланған пайданың Пж капитал салымына Кс қатынасы арқылы анықталады.
Э= Пж/К = (Өк-Ш)/К. Мұндағы Өк- көтерме бағамен есептелген өнім көлемі, Ш- өндіріс шығындары, ал К – жобаның толық сметалық құны болып табылады.
Капитал салымдары тиімді болып саналады егер де Ер>Ен. Мұндағы Ер- экономикалық тиімділіктің есептеулі коэффициенті, ал Ен – экономикалық тиімділіктің нормативті тиімділігі.
Шаруашылық және техникалық шешемдерді қабылдау барысында , өндірістерді орналастыруда, жаңа техниканы енгізуде, өнімдерді таңдауда салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіші қолданылады. Ең оптималды вариант ішінен негізгі көрсеткіш есептеу барысында анықталған ең төменгі шығынмен анықталады, немесе, Шв= Ша +Ен*Ки; мұндағы Шв – берілген вариант бойынша қажетті шығындар, Ша – ағымдағы шығындар, Ки – берілген жоба бойынша капиталды шығындар.
Егер де шығындар бірдей жұмсалған болса, она тиімділікті басқа көрсеткіштер арқылы анықтауға болады, олар: еңбек өнімділігі, қайтарымдылық мерзімі, пайда деңгейі, қор қайтарымдылығы, материалдық ресурстарды үнемдеу, әлекметтік нәтижелер т.б.
Берілген салыстырмалы варианттардың капиталдық салымдар көлемі бойынша әртүрлі болса , инвестициялау әр түрлі мерзімде жүргізілсе, ал ағымдық шығындар уақытқа байланысты өзгеріп отырса, онда алдыңғаы жылдардағы шығындар көлемі арқылы салыстырылып, тиімділігі анықталады.
Экономикалық тиімділкті арттыру арқылы экономикалық өсуге жетуге болады . Өндірістің экономикалық тиіміділігін арттырудыңнегізгі факторы ғылыми-техникалық прогресс болып табылады және оларды келесілерді қамтиды:
- прогрессивті технологияны кеңінен игеру: мембрандық, лазерлік, плазмендік жоғары технологияларды қолдану;
- өндірісті автоматтандыру: робототехника, роторлы, роторлы конвейерлі жүйелерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді дамыту;
- металл өнімдерінің, пластмассаның, металдық ұниақтардың, конструктивті материалдардың жаңа түрлерін қолдану.
Экономикалық тиімділікті арттырудың келесі факторы ол үнемдеу болып табылады. Ресурстарды үнемді пайдалану арқылы отын, энергетика, шикізаттарды тиімді қолдауға мүмкін болады. Қазақстанда қазіргі уақытта ұлттық табыстағы үлесі бойынша отын, энергия, металдарды дамыған мемлекеттерге қарағанда көп шығындайды. Сондықтан машина жасау өндірісін түбегейлі өзгерту қажет.
Өндіріс тиімділігін арттырудың үшінші бағыты негізгі қорларды жақсы пайдалану қажет. Тиімділікті арттырудың төртінші бағыты экономика құрылымын өзгерту арқылы, ғылыми-техникалық прогессті дамыту болып табылады. Машина жасау, отын-энергетикалық салалрда атомдық энергияны қолдану, энергияның жаңа түрлерін пайдалану қажет. Экономикалық тиімділікті арттырудың бесінші бағыты ұйымдастырушылық экономикалық факторларды, соның ішінде басқаруды атауға болады. Сонымен қатар өндірістік инфрақұрылымның дамуы да елеулі роль атқарады. Экономикалық тиімділіктің артуына ғылымның дамуы маңызды роль атқарады. Ол үшін өзекті мәселелер бойынша фундаменталды және зерттеу ғылымдарын дамыту қажет,ал ол өз кезегінде ғылым мен техниканың дамуына мүмкіндік береді. Бұл факторларды қолдану арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, байлықты көбейтуге және халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет